Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Әбдіғалиев Сейітфазыл

       1918 жылы Қаламқарасу ауылында туған. 1939 жылы Қостанайда педтехникум бітірген. Торғайдың орталығындағы мектепте оқытушы боп жүргенде 1941 жылы әскер қатарына алынған. Бірінші Украина майданында ұрыстарға қатынасқан. Жарақаттанып, неміс әскерлерінің тұтқынына түскен. Кейін кеңес әскерлері азат еткен соң, қайтадан жауға қарсы соғысты. Елге 1947 жылы оралды. Зейнетке шыққанға дейін Қаратүбек орта мектебінде мұғалім, интернат меңгерушісі міндеттерін атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медальдармен марапатталған. 1991 жылы туған ауылында дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Әбдіқадыров Әбдібек

       1924 жылы Қостанай облысының, Аманкелді ауданында Тасты деген жерде туған. Аудан орталығында орта мектепте оқып жүргенде 1941 жылы соғыс басталып, Қызыл Армия қатарына алынады. Әскери дайындықтан өтіп, Украина майданындағы 383 атқыштар, соңынан 896 атқыштар полкі құрамында соғысады, Венгрия, Австрия, Чехословакия жерлерін немістерден азат етуге қатысады. Соғыста 2 рет жараланып, госпитальда емделіп, соғысқа қайта кіріседі. Майдангер елге оралған соң Амантоғай совхозында есепші, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Жданов атындағы колхоздың басқармасы, Жангелдин атындағы колхоздың басқарма орынбасары, кейін совхоздар құрылғанда бөлімше меңгерушісі болып, зейнеткерлікке шыққанша жұмыс істейді. «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», және мерекелік медальдармен марапатталған. 11 қараша 1974 жылы қайтыс болды. Артында 4 балалары мен немерелері бар.


Амангельдинский район




Әбділдин Сұлтан

       1921 жылы Аманкелді ауданының Қарасу ауылында туған. Білімі бастауыш. 1942 жылы қаңтар айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 1075 АД, 615 АП қатардағы жауынгер болған. 1944 жылы ІІ топтағы мүгедек болып елге оралған. Елде зейнеткерлікке шыққанша шофер болып жұмыс істеген. 1987 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбділдин Сағи

       1913 жылы Торғай өңірінің Сары-Қопа деген жерінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына дейін сол кезде құрылған серіктестікке мүше болған. Торғай әскери комиссариатынан 1942 жылдың маусым айында әскер қатарына шақырылып, 1943 жылдың қаңтар айына дейін 393-ші дивизияның әскери - темір жол батальонында жауынгерлер тиелген эшелондардың жүру тәртібін ретке келтіруде жұмыс істеген. 1943 жылы 5 мамыр айында бұл бөлім 96-ші дивизияның құрамына беріліп, Воронеж, Брянск, ІІ Прибалтикалық майдандарда соғысқан. Соғыс майданында көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен «Ерлігі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысысында Германияны жеңгені үшін», және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марпатталған. Әскер қатарынан 29 қарашада 1945 жылы босады. Елге оралған соң бір отар қой алып, Державин ауданына қарасты «Қызыл тал» совхозында шопан болып істеген. 1965 жылы туған жері Аманкелді ауданына көшіп келіп, Госбанкте көп жыл күзет қызметінде істеп зейнеткерлікке шыққан. 1988 жылы маусымның 12-де ауыр науқастан қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбділдин Садық

       1924 жылы Аманкелді ауданы, №5 Қызыл ту ауылдық кеңесіне қарасты Бүйректал ауылында туған. 09.1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 260 жеке арт.дивизия қарамағында қатардағы жауынгер болған. Соғыста 2 рет жараланған. Ерлігі үшін 7 медальмен марапатталған. Әскер қатарынан 05.1945 жылы босап келіп, көп жыл бойы есеп қызметінде істеген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбдірахман Жәкіш (Шаћмардан)

       Қазіргі Жангелдин ауданына қарасты Шилі ауылында 1924 жылы дүниеге келген. 1942 жылы соғысқа аттанып, Калинин мен Ленинград майданындағы ұрыстарға қатынасқан. Валдай, Старая Русса, Дно, Псков қалаларын, сондай-ақ Балтық жағалауында соғысып Эстония, Латвия, Литва елдерін жаудан азат етуге үлес қосқан. Кеңес Армиясы қатарында 7 жыл қызмет атқарып, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және 9 медальмен марапатталған. 1949 жылы наурыз айында елге оралады. 1949-1963 жылдар аралығында аудандық тұтынушылар одағында тексеруші (ревизор), 1963-1988 жылдар аралығында аудандық қаржы бөлімінде бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушысы, тексерушісі (ревизор). 1988 жылы зейнетке шықты. Табиғат берген дарынының арқасында Жәкең тамаша суретші болатын. Ауданның қоғамдық, мәдени өміріне белсене араласты. Көркемөнепаздар спектакльдерінің декорациясын алғаш жасап беруші еді. Отбасында 8 бала тәрбиелеп өсірді. 1993 жылы 25 мамырда қайтыс болды.


Джангельдинский район




Әбдіров Төкен

       1918 жылдың 23 ақпанында қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында туған. Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, Сталинград майданында 38 АП құрамында қатардағы жауынгер. 1942 жылы жаралы болып елге оралған. Көп жыл колхоз, совхоздарда есепші болып зейнеткерлікке шыққан. 1987 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбдрахманов Боз

       1914 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Қабырға ауылында туған. 11.1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 580 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 12.1943 жылы Ленинград облысы, Тенна деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Жауынгерлік 3 медальмен марапатталған. Крупская атындағы кеңшарда жұмыс істеп, зейнеткерлікке шығып, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбенов Қазыбек

       1911 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Жыланшық өзенінің жағасында туған. 1942 жылдың қазан айында Торғай АӘК-нан шақырылып, 491 АП-да ефрейтор болған. 1945 жылы әскерден босап, елге келген соң, мәдениет бөлімінде қызмет атқарып, Республикаға Еңбегі сіңген халық әртісі атағын алып зейнеткерлікке шыққан. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбенов Бейсенбек

       1923 жылы бұрынғы Қараторғай болысының №2 ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған жылы майданға өз тілегімен барамыз деушілердің бірі. Әскер қатарында 751-ші дивизия құрамындағы атқыштар полкінде зеңбірек взводы командирі болды. Соғыс жылдары талай ерлік көрсетіп, жанындағы жауынгерлерге үлгі бола білді. Кенигсберг қаласын алудағы ұрыста жас командирдің ерлігі ерекше болды, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ұлы Отан соғысының жеңісінен кейін елге оралып, 1947 жылы аудандық комсомол комитетінде кадр бөлімін басқарады. 1950 жылы аудандақ комсомол комитетінің 1-хатшысы және аудандық партия комитетінің бюро мүшелігіне сайланады. 1953 жылы Алматыдағы жоғарғы мектебін бітіріп, Торғай Кен зерттеу геологиялық экспедициясы бастығының саяси орынбасары болады. 1958 жылы Аманкелді аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 1960 жылы жаңадан құрылған «Тасты», 1963 жылы «Родник» кеңшарларының директоры болып қызмет атқарады. 1964 жылы қаңтар айында Алматы қаласындағы Жоғарғы партия мектебін аяқтап, елге келер жолында самолет апатына ұшырап, қайтыс болады. Артында 1 ер, 3 қыз балалары мен бірнеше немерелері бар.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика