Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Әкімжанов Ануарбек

       1920 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Сарсу ауылында туған. 1938 жылы Торғайда 7 сыныпты бітірген. 1940 жылы қазан айында әскерге алынып, Ішкі істер әскерлерінің құрамындағы 323-конвой полкінде бөлімше командирі қызметін атқарды, кіші сержант. Әскер қатарындағы ерлігі үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарын алған. Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен атап өтілген. Елге 1946 жылдың аяғында оралған. Алматыда есеп қызметкерлерінің 6 айлық курсын тәмәмдап, көп жыл аудандық қаржы бөлімінің инспекторы міндеттерін атқарды. Кейін СПТУ-да қойма меңгеруші, «Речной» ұжымшарында кассир, мұнай базасында заправщик жұмысында болды. Зейнетке 1980 жылы шықты. 1996 жылы өмірден озды. Жұбайы Гүлбану екеуі 3 ер бала, 4 қыз тәрбиелеп өсірді, олардан қазір 19 немерелері бар.


Джангельдинский район




Әлғожин Әбдік

       1901 жылы Қарғалы болысы, Ұлытауда туған, қазіргі Аманкелді ауданы. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, Шұбаркөл қаласында әскери дайындықтан өткеннен кейін 177 АД, 446 АП құрмында қатардағы жауынгер болған. Соғыста Ленинград майданында алғашқы рет ұрысқа қатысқан. Украина, Белоруссия, Чехословакия, Польша жерлерін жаудан азат ету ұрыстарына қатысып, әскер қатарынан 1946 жылы босап елге оралған. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Даңқ, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», жеңістен кейінгі мерекелік 5 медальдармен марапатталған. Елге келген соң колхозда, кейін совхозда шопан болған. 1996 жылы қайтыс болды. Жанұясында ұл, қыздары мен немерелері бар.


Амангельдинский район




Әлекенов Асылбек

       1912 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында туған. Соғысқа дейін колхозда малшы болған. 1941 жылы Аманкелді аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге алынып, 1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатынасқан. Қызыл Ту орденімен марапатталған. Елге келген соң өзінің туған жері «Қайынды» совхозында малшы болды. 1992 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлжанов Жайсаңбай

       1910 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Құмкешу ауылында туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылы әскерге алынып, Ленинград майданында 232 АП қатардағы жауынгер. Армиядан 1943 жылы босап, елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанға дейін мал баққан. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлиақпаров Ғабдол-Мажит

       1910 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Жалдама бойында туған. 1922-1928 жылдары Аманкелді орта мектебінде оқыған. 1928-1930 жылдар аралығында Аманкелді ауданында артельде жұмысшы болып еңбек еткен. 1938-1948 жылдары армия қатарында болған. Соғыста 120 АД құрамында қатардағы жауынгер. Эстония жерін азат ету ұрыстарына қатысқан. Жауынгерлік 6 медальмен марапатталған. 1948 жылы елге оралғасын, бұрынғы жұмыс орнында завхоздың міндетін атқарған. 1962 жылы ауыр науқастан қайтыс болды. Зайыбы Әлиақпарова Болтай екеуінің артында екі баласы, 2 немересі бар.


Амангельдинский район




Әлиев Кеңарал

       1907 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында дүниеге келді. Соғысқа дейін туған жерінде әуелі серіктестікте, кейін колхозда әртүрлі жұмыстар істеді. 1941 жылдың қараша айында әскер қатарына алынып, Сталинград майданына қатынасты. 1943 жылы ауыр жараланып, елге оралды. Көп жылдар бойы колхозға басқарма, басқарманың орынбасары, ауыл шаруашылығы маманы (зоотехник) болып жұмыс атқарды. Ұлы Отан соғысында Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталды. Бейбіт еңбекте «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарына ие болды. Екі баласы бар, солардан немере, шөбере сүйіп отыр.


Амангельдинский район




Әлімбаев Әбдікәрім

       1926 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Албарбөгет ауылдық округінде туған, орта білімді. 1943 жылы шілде айында армия қатарына шақырылған. Азат етілген аудандарда жол тазарту, салу ісіне қатысты. 1945 жылдың шілдесінен батыс жол салу полкінің 96 батальонында сапер-атқыш боп жұмыс істеді. Жау жағы миналап кеткен жолдарды залалсыздандырумен айналасып жүргенде оң жақ жамбасынан жарақат алып, эвакогоспитальде 3 айдай емделді. 1950 жылы көктемде армия қатарынан босап келіп Құсмұрын станциясына (Қарағанды теміржолының) жұмысқа орналасты, әуелі аға кондуктор, кейін бас кондуктор, вагондарды тіркеуші жұмыстарын атқарды. 1960 жылы туған ауданына оралып, Қызыләскер кеңшарында жол жөндеу шеберінің жұмысында, кейін ДЭУ-236 мекемесінде істеді. 1964 жылдың шілдесінен 1966 жылдың қаңтарына дейін «Еңбек» кеңшарында қоғамдық тамақ ұйымдастыру жөніндегі инспекторы, кеңшардың негізгі өндіріс орны бөлімше басқарушысы болды. 1974 жылдың маусым айында аудандық дайындау мекемесінің директорлығына жоғарылатылды. Кейін «Еңбек» кеңшарының алыстағы «Айырқұм» бөлімшесін басқаруға жіберілді. 1980 жылдың маусымынан қайтадан аудандық дайындау мекемесін басқарды. 1983 жылдың мамырынан қызметін атқарды. Ұлы Отан соғысына қатнасушы ретінде Жеңістің мерекелік медальдарымен, сондай-ақ «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды. Жұбайы Зағипа Нұрсейітқызы екеуі 2 ұл, 1 қыз өсірді, бірнеше немерелері мен шөберелер сүю бақытына ие болды.


Джангельдинский район




Әлімов Мұхаммед Баймұханұлы

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста І Украина майданында 06.1941 жылдан 05.1945 жылға дейін 3 мото-АП құрамында қатардағы байланысшы жауынгер болған. Әскери атағы кіші сержант. Ерлігі үшін 8 медальмен марапатталған. Елге келіп, қызмет істеп қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлімов Отар

       1908 жылы Торғайдың Қошақов құмында туған. Әуелі серіктестіктерде, кейін «Соцжол» ұжымшарында еңбек еткен. Әскерге 1941 жылы тамыз айында алынып, 1942 жылы алғашқы ұрыстардың бірінде екі көзден бірдей айырылып, елге І топта мүгедек болып оралды. Отан соғысының мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталған. 1991 жылы 83 жасында дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Әліппайұлы Ахметбек

       Бұрынғы Қараторғай болысы, қазіргі Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесіне қарасты ауылда туған.1942 жылдың қаңтар айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, Шұбаркөл қалпсындағы әскери дайындықтан өткеннен кейін 350 АП құрамында қатардағы жауынгер боған. Әскер қатарынан 02.1945 жылы босап елге келген. «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германийны жеңгені үшін» медальдарымен және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Соғыстан кейін осы ауданның Молотов, Абай атындағы колхоздарда жұмыс істеген.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика