Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Өмірқұлов Қайыр

       1917 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы тамыз айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 382 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1944 жылы Ленинград түбінде жараланып елге оралған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Өмірбеков Шайкен

       1916 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Бисары ауылында туған. 1940 жылы әскерге Торғай АӘК-нан алынып, соғыста 116 АД, 14-ші арт.полкте зеңбірек көздеткіші болған. Әскерден 1946 жылы босап, елге келіп, малшы болып жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Өміртаев Сейітбек

       1926 жылы 17 тамызында Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. 1943 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 37-ші танк батальонында қызмет еткен. 1946 жылы әскер қатарынан босап елге келіп, көп жыл бойы шопан болған. 2000 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Өсеров Әнуар

       1924 жылы 28 қарашада Қостанай облысы, Торғай ауданы, Тосын ауылдық кеңесінің Қарақамыс деген жерде туған. Ұжымшарда түрлі жұмыстар істеді. Ұлы Отан соғысының ардагері. ІІ Украин майданы, 7 бригада, 30 батальонда 1943 жылы Днепр өзені бойындағы Кременчуг қаласында соғысқа кірген. Корсунь-Шевченко айқасына қатысқан. Украина азат өтілген соң, Молдавия жерінде болған. Румынияны, Венгрияны азат етуге қатысқан. Одан әрі Австрияға өтіп, шекарадағы Ло қаласын азат етуде болған. Осында соғысты аяқтады. «Ерлігі үшін», «Будапешті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарын, Жеңістің, Қарулы Күштердің елеулі жылдарының белгілерін алды. Кейін Закарпат әскери округінде кіші сержант, бөлімше командирі болып қызмет еткен. І дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері. 1949 жылы елге оралған. Аудандық партия комитеті Тосын мал отарында «Қызыл Отау» меңгерушілігіне жіберді. Кейін Торғай МТС-де есепші болды. Ұжымшарда бухгалтер, кеңшарда директордың орынбасары қызметтерінде болды. 2 бала, 7 немересі бар. 2007 жылдың бірінші наурызы күні қайтыс болды.


Джангельдинский район




Өтебаев Қошқар

       1908 жылы қазіргі Науырзым ауданы, Қожа ауылында дүниеге келген. 1943 жылы 5 мамыр күні Қостанай қалалық әскери комиссариатынан соғысқа аттанады. IV Украин майданында соғысқан. Қырымды азат етуде ерліктер көрсеткені үшін Жоғары Бас Қолбасшысы Сталиннің мақтау қағазымен, Симверополь үшін шайқаста батылдығымен көзге түсіп «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Херсон, Черкасск, Мелитополь, Найбранденбург қалаларын азат етуге қатысқан. Бұл ұрыстарда да өжетілігімен, батылдығымен көзге түсіп отырған. Отан үшін шайқасқан ерлігі елеусіз қалмаған, осы аталған қалаларда болған ұрыстарда алған марапатталулары бір төбе. Елге жеңіспен оралып, мал шаруашылығында жұмыс істеген.


Наурзумский район




Өтебаев Мырза

       1905 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 12.1942 жылы әскерге шақырылып, 57 гв.АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден жаралы болып 1944 жылы босап, елге келген. Жауынгерлік төрт медальмен марапатталған. 1993 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Өтебайұлы Әйбек

       1908 жылы қазіргі Аманкелді аудан, Рахмет ауылының Зортөбе деген елді мекенінде туып өскен. 1942 жылы 25 шілде айындаАманкелді ауданынан Шұбаркөлдегі жинақ пунктіне әскери даярлыққа аттандырылады. Одан өткеннен кейін бір топ жігіттермен бірге Сталинград қаласының маңындағы ұрыс қимылдары өтіп жатқан ауданда, әскери бөлімшенің 2 дивизиясының 126 атқыштар полкіне қосылады. Сол жерде фашистермен қатты ұрыста ауыр жарақат алып, Свердлов қаласындағы госпитальге түседі. 1944 жылы емделіп шығып, соғысқа жарамсыз болып, елге оралады. 1945 жылдан бастап Аманкелді ауданының үшінші ауылында Ағаштыкөл, Куйбышев колхоздарында ферма басшысы, А.Имановсовхозы құрылғаннан бастап төменгі Куйбышев бөлімшесінің мал маманы, 1968 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Ақкісі бөлімшесінде қойма меңгерушісі жұмыстарын атқарды. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен наградталған. Жолдасы Баспақпайқызы Рәушан екеуі бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген. Балаларынан он сегіз немере, тоғыз шөбере бар. Өтебайұлы Әйбек 1993 жылы18 сәуір күні 85 жасында дүниеден өтті.


Амангельдинский район




Өтегенов Батырбек

       1912 жылы Торғайдың Қарақұм өңірінде туған. Ауыл молдасынан, кейін САУЖОЙдан сауатын ашқан. Әу баста серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. Әскерге 1941 жылдың тамызында алынған, Шұбаркөлде дайындықтан өткен. Рязань үшін айқасқа қатысып, жарақат алған. Елге 1945 жылы келді. Келісімен ұжымшарда, кейін кеңшарда шопан боп істеді. Ауданның алдыңғы қатарлы қойшыларының бірі ретінде талай мақтауға ие болды. 1968 жылы қайтыс болды. 5-6 ұл-қызынан тараған ұрпақтары бар.


Джангельдинский район




Өтегенов Мырзахан Мәжентайұлы

       1924 жылы Қостанай облысы, Сарыкөл ауданының Қарамырза поселкесінде туған. 1942 жылы тамыз айында Обаған аудандық әскери комиссариаты шақырып, соғысқа аттанды. Украина майданында 55 армияның 20 атқыштар дивизиясының 215 атқыштар полкінің қатарында талай ұрыстарға қатынасты. Харьков қаласын азат ету кезінде оң иығынан оқ тиіп, ауыр жараланып елге келді. Майдангер жігіт 1947 жылы партияға өтті. Қоғамшыл, белсенді азамат басшылық көзіне түсіп, қызметке араласа берді. Қостанай ауданының Щербаков совхозында партия ұйымының хатшысы болып істеді. Ал 1964 жылы алыстағы Жангелдин ауданына атқару комитетінің төрағасы орынбасарлығына жіберілді. Аудан экономикасы мен мәдениет өсуіне көп еңбек етті. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің айтулы даталарында медаль-белгілерімен марапатталды. 1974 жылы ақпанда ауыр науқастан қайтыс болды. Артында 4 қызы, 6 ұл балалары және олардан тараған немерелері бар. Еңбекқор, елге сыйлы азамат болатын.


Джангельдинский район




Өтепбаев Мырза

       1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы шілде айында әскер қатарына Торғай АӘК-нан шақырылып, соғаста 2 ЖД полкінде теміржолшы-жауынгер болған. Әскер қатарынан 1946 жылы босап, елге келіп, қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика