Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Жүзжасаров Әбсамат Әлмағанбетұлы

       1905 жылы бұрынғы Қайдауыл болысы, Бектұр қопасының жағасында дүниеге келген. Елде 1928 жылы аштық жайлаған кезде ағайындарымен, әке-шешесімен Шымкент облысы Пахта-Арал ауданының Маяк колхозына барып орналасады. 1939 жылы маусым айының аяғында Пахта-Арал әскери комиссариатынан Қызыл Армияның қатарына алынады, 36 атқыштар полкінде өзінің әскери міндетін өтеуге кіріседі. 1939 жылы финндермен соғыс басталып, сол соғысқа қатынасады. 1941 жылы неміс басқыншыларымен Сталинград майданында соғысады. Кескілескен ұрыста жараланып, Саратов қаласындағы госпитальда емделеді. Жазылып шыққаннан кейін, 1943 жылы 339-шы дивизияның құрамында Донбасс, Мелитополь, Севастополь, Украина, Польша жеріндегі ұрыстарға қатысқан. Осы ұрыстарда жарақат алып, украинаның госпитальінде емделген. Шыққаннан кейін 1945 жылы наурыз айында атқыштар полкіне қосылады. Соғысты 1945 жылы 9 майда Германия жерінде аяқтады. Елге ораламыз деп жүргенде дивизияны Жапон соғысына апарып салды. Бұл соғыстан да аман қалды. «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» және «Жапонияны жеңгені үшін», т.б. медальдармен марапатталған. Армия қатарынан 1946 жылдың күзінде босап, жанұясына қосылады. 1961 жылы ағайындары туған жерді аңсап және сол жылдары Пахта-Арал ауданы Өзбекстанға қосылғаннан кейін Қазақстанға кетеміз деп, Қостанай облысы Аманкелді ауданы жаңадан ашылған «Родник» совхозының Бисары бөлімшесіне көшіп келді. Сонда қойшы болып жұмыс істеп совхоздың алдындағы қатарлы шопаны болды. Зейнеткерлікке шықсада шопандық жұмысты тастаған жоқ. Жұмыс істеп жүріп ауырып 1968 жылы дүниеден өтті. Артында екі ұлы, жеті немересі бар.


Амангельдинский район




Жүкенов Темірбек Бектемісұлы

       8 қыркүйек айында 1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 511-ші АП құрамында Ленинград майданында соғысқан. Әскери атағы старшина. 1946 жылы әскер қатарынан босаған.


Амангельдинский район




Жүнiсов Мұхтар

       1920 жылы туған. Әскер қатарына 1940 жылы 19 қазанда Семиозер әскери комиссариатынан шақыртылады. Соғысқа бiрiншi кұндерiнен бастап қатысқан. Соғыстан кейiн елге, отбасына оралған. «Соснов» совхозында бiраз жылдар шаруашылықтың әр саласында аянбай еңбек еткен, зейнеткерлiк демалысқа шыққан. Соғыс жылдарында бiрнеше орден-медальдармен марапатталған.


Наурзумский район




Жүніс Мағауия Жүнісұлы

       Род. в 1919г. в а. Адильбай Мендыгаринского р-на Кустанайской обл.. В армию призван Мендыгаринским РВК. Годы службы:1942-1945гг. Работал техником цеха №3 66 военного завода, в составе 776 С б-на. Образование – высшее, окончил Московский историко-архивный институт, ВПШ ЦК КПСС. После демобилизации работал в советских органах области и города. Награжден орденом «Знак Почета», медалями: «За победу над Германией», «За доблестный труд», «За освоение целинных земель», «Ветеран труда», Большая серебряная медаль ВДНХ, юбилейными. Почетный гражданин г. Костаная, имеет грамоты и почетные звания. Избирался депутатом Кустанайского гор. Совета народных депутатов более 30 лет.


г.Костанай




Жүнісов Қаби

       1912 жылы қаңтар айында туған. 1941 жылы неміс-фашист басқыншылары тұтқиылдан соғыс ашқанда, еліміздің түкпір-түкпірінен ер-азаматтары соғысқа аттанған болатын. Ол да майданға аттанды, Беларуссия, Украина жерлерін сыртқы жаудан азат етті. Соғыс ардагері бірнеше мерекелік медальдармен, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Елге аман-есен оралғаннан кейін, Қостанай МЖС-да оқып, шоферлік мамандық алып келгеннен кейін Аманкелді МЖС, АКК-да еңбек еткен. Сол жерден зейнеткерлікке шыққаннан кейін Науырзым ауданының орталығы Қарамеңдіге көшіп келген. 1987 жылы 8 наурызда қайтыс болды. Немере, шөберелері бар.


Наурзумский район




Жүнісов Қайырбек

       1900 жылы Торғайдың Сазанбай қоныс орнында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Серіктестікте, ұжымшарда әр түрлі жұмыстар істеді. Әскерге 1942 жылы шақырылған. Сталинград майданындағы ұрыстарға қатысушы. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келген соң, байырғы кәсібі – шопан боп еңбек етті: әуелі Ленин атындағы ұжымшарда, кейін «Южный» кеңшарында. 1971 жылы өзінің туған ауылында дүниеден өтті. 3 ұл, 3 қыздан біраз немере, шөберелері бар.


Джангельдинский район




Жүнісов Боранбай

       1912 жылы Торғайдың Қошалақ құмында туған. Соғысқа дейін Шиелі, Бестау өңірінде малшы болған, әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда. 1942 жылы әскерге алынып, көп ұзамай-ақ жараланып елге қайтарылған. Соғыстан оралғаннан 1956 жылға дейін «Аққұдық» ұжымшарында жұмыс істеді. 1957 жылдан бастап «Бестау», «Шиелі», «Речной» кеңшарларында шопан болып жұмыс істеген. 1972 жылы зейнеткерлікке шықты. Соғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. 1981 жылы өзінің туған жері Тұзда қайтыс болды. Екі ұл, төрт қыздан тараған ұрпақтары өмірдің әр саласында еңбек етуде.


Джангельдинский район




Жүнісов Кәкім

       Қатардағы жауынгер 1941 жылы әскерге алынып 1943 жылы жараланып елге оралғанға дейін жаяу әскер қатарында Сталинград майданында жаумен ұрысқа қатынасқан. Елге оралған соң «Соцжол» ұжымшарында бригадир, кейін «Речной» кеңшары кезінде «Тұз» бөлімшесінде жанар-жағармай қоймасын меңгерген. 1975 жылы зейнеткерлікке шықты. Ұлы Отан соғысының мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталған. 1987 жылы дүниеден өтті. Артында Күләш атты қызынан тараған жиендері бар. Жолдасы Биназар Қапаққызы өнерпаз жан еді, Торғайдан шыққан белгілі сазгер Болат Хамзиннің анасы.


Джангельдинский район




Жүнісов Сұлтан

       1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Сартал елді мекенінде туған. 06.1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 28 АД, 235 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 08.1943 жылы Калинин облысының Моковейцова деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Аманкелді ауданы орталығындағы 1 май МТС-де көп жыл жұмыс істеген. 1963 жылдан зейнеткерлікке шыққанша «Родник» совхозында бас инженер, МТМ-де меңгерушісі болып жұмыс істеді. Жауынгерлік ерлігі үшін Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Жанұясында ұл, қыздары мен немерелері бар. 1989 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жүнісов Шаухатбек

       1917 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылдың мамырында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 1945 жылдың мамыр айына дейін 3 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік бес медальмен марапатталған. Зейнеткерлікке шыққанға дейін бала оқытып, ұстаз болған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика