Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Жүрімбаев Қасқырбай

       1902 жылы Науырзым ауылында туып, тәрбиеленген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, бір қолынан жарақат алып, соғыстың аяғына дейін бола алмаған. Ұлы Отан соғысының мерей тойларына арналған медальдары бар. Науырзым ауданында ферма басшысы болған, зейнетке шыққаннан кейін шопандық кәсіппен айналысқан. Қасқырбай атамыздан 3 бала, 25 немере бар. 1987 жылы қайтыс болды.


Наурзумский район




Жүсібеков Қалдый

       1925 жылы Аманкелді ауданы, Құмкешу ауылында туған. Әскерге 10.1943 жылы Торғай АӘК-нан алынып, соғыста 1269 СП құрамында қатардағы жауынгер болған. 05.1945 жылы әскерден босап елге келген соң, зоотехник, бөлімше меңгерушісі болып совхоздарда жұмыс істеп, қайтыс болған. Жауынгерлік бес медальмен марапатталған.


Амангельдинский район




Жүсіпбеков Құрманбай

       1909 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында дүниеге келген. Колхозда әртүрлі жұмыстарда болды. 1942 жылдың тамыз айында әскерге алынған. Кіші командирлер дайындайтын курсты бітіріп, сол жылдың желтоқсан айында соғысқа кірген. Югославия жерінде көптеген елді мекендерді жаудан азат етуге қатынасқан. Ауыр жараланып, елге оралған. Өзінің туған жері Қайындыда көп жылдар бригадир, экспедитор болып жұмыс атқарып, 1968 жылдан зейнеткерлікте. Наградалары: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және 4 мерекелік медальдары бар. Жұбайы Жүсіпбекова Балбөпе екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген. 1983 жылы қайтыс болған.


г.Аркалык




Жүсіпбеков Арғынғазы

       1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 01.1943 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 166 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскер қатарынан 1945 жылы мамырда босап елге келген соң, көп жыл бойы мал бордақылау ұжымында жұмыс істеген. Жауынгерлік үш медальмен марапатталған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жүсіпов Қабден

       1919 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 167 АД, 465 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1945 жылы босаған. 1995 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жүсіпов Асқар

       1917 жылы қазіргі Науырзым ауданында туған. 1939 жылы тарихқа Финн соғысы деген атпен белгілі болған, әскери қарулы қақтығысқа қатысады. Кейін Ленинград маңындағы Гатчино әскери ұшқыштар дайындайтын оқу орнын тәмамдаған жылы Ұлы Отан соғысы басталған еді. Майданға 1941 жылы 618 авиаполктің құрамында Сталинград қаласының түбінде кіріскен. Бұл кісінің соғыстағы ерлігін Үкіметтен алған наградаларының өзі айғақтап тұр. Олар Қызыл Жұлдыз ордені, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Кавказды қорғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдар. Елге 1946 жылы қырқүйек айында оралып, 30 жылдан астам Науырзым аэропортында қызмет атқарған, 1977 жылы құрметті демалысқа шыққан. 1946 жылы үйленіп бес бала, он екі немере сүйіп, 1996 жылы алтын тойларын өткізген. 2003 жылы желтоқсан айында дүниеден өтті.


Наурзумский район




Жүсіпов Аяпберген

       1904 қазіргі Қостанай облысы, Жанглдин ауданы, Аманкелді ауылдық кеңесіне қарасты Тамқамыс елді-мекенінде туған. Жастай әке-шешесінен айырылып, кісі қолында жүрген. Серіктік, ұжымшар жұмысына ерте араласқан. Дайындау пунктінде де қой баққан. 1937 жылдан 1942 жылға дейін Тамқамыс ұжымшарында еңбек еткен. 1942 жылдың басында Отанын қорғау үшін майданға аттанды. Челябінің Шұбаркөлінде дайындықтан өтеді. Ол Сталинград майданында соғысты. Соғыс жылдары басынан, жамбасынан жараланды. 1945 жылы соғыстан оралғаннан кейін 1950 жылға дейін Тамқамыста, кейін іріленген Сталин атындағы ұжымшарда жұмыс істеді. 1960 жылы кеңшар құрылған кезінде Қарақұдық бөлімшесінде 1965 жылға дейін шопан болды, зейнеткерлікке шықты. 1980 жылдың қыркүйек айында қайтыс болды. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында медаль, белгілермен марапатталды.


Джангельдинский район




Жүсіпов Бопай

       1919 жылы Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, Шұбаркөл қаласында дайындықтан өткеннен кейін 441 АП, 85 АД құрамында қатардағы жауынгер болған. Соғыстағы ерлігі үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен, І дәрежелі Даңқ орденімен, «1941-1945 жылардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, сонымен қатар соғыстан кейінгі жеңістін мерекелік төрт медальдарымен марапатталған. 1993 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жүсіпов Жүніс

       1919 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1941 жылы маусымда алынып, соғыста 65 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік үш медальмен марапатталған. Әскерден босап келген соң, совхозда жұмыс істеген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жүсіпов Зейнолла

       1926 жылы 10 ақпан айында Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Еңбекші ауылдық Кеңесінің Молотов атындағы колхозында дүниеге келген. 1944 жылы 18 қарашада әскер қатарына шақырылды. Әскери дайындықтан кейін екінші Украина майданына жіберіледі, 298-ші жаяу атқыштар полкінің құрамында болып, Одер өзенінен өтердегі кескілескен ұрысқа қатысады. Жеңісті Балтық жағалауын жаудан тазартуда қарсы алып, Германия жерінде 1947 жылға дейін болған, Өзбекстанның Әндіжан қаласына келіп, әскери қызметін жалғастырған. Әскер қатарынан 1948 жылы босап елге келген. Келісімен үйленіп, ауылшаруашлығы саласында жұмыстар атқарған. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен және алты мерекелік медальдармен марапатталған. Қазір жұбайы Жамиля екеуі 3 бала тәрбиелеп, олардан немере сүйіп отыр.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика