Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Күжібаев Хамза

       1904 жылы 17 наурызда Торғай уезінің Қайдауыл болысында туған. Қызыл Армия қатарына Шымкент облысының Мақтаарал әскери комиссариаты 1942 жылы маусым айында шақырған. 1942 жылы Тула зауытында бірінші болып ұрысқа кірген. Сол Тула зауытында танк дивизиясында ерлікпен соғысқан. Қазақтан шыққан кәсіби төңкерісшіл қайраткер Әліби Жанкелдинмен бір әулеттен тараған. Соғыс аяқталғаннан кейін елге, Торғайға келді. Бұл 1946 жыл еді. Ауылдан шыққан алғашқы механизаторлардың бірі, КТЗ-НАТИ тракторларын жүргізген. Зайыбы Кәмпит атай екеуі 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген. 1990 жылы дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Күзембаев Баяхан

       1911 жылы Дәмді ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін Жалаңаш ауылында сатушы болып қызмет еткен. 1942 жылы Аманкелді әскери комиссариатының шақыруымен әскерге алынды. Алғашқы күндері Челябі облысының Шұбаркөл деген жерінде әскери дайындықтан кейін майданға аттанған. Алдыңғы шепке бара жатқанда, немістің авиациясы шабуыл жасап, көптеген адам майдан бағытына жетпей қаза табады. Осы жерде қолынан жарақаттанған соң, 6 ай госпитальда емделеді. Жарақаты жазылып шыққан соң, майдан шебіне жіберіледі. Курск доғасындағы шайқастан кейін майданның жорық жолдарымен жаудың бас қаласы Берлинге дейін жетеді. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медальдарымен және Жеңістің мерекелік бес медалімен марапатталған. 1945 жылы 13 қыркүйекте елге аман-есен оралды. Ауылда аз уақыт сатушы болып, Аманкелдіде райсоюзда товаровед болып қызмет еткен. Көтерме базаның директоры болған. 1970 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1972 жылы Дәмді елді мекеніне көшіп келеді. 2004 жылы 28 ақпанда қайтыс болады.


Наурзумский район




Күнтуов Сүндет

       1904 жылы Торғайдың Тосын құмында дүниеге келген. Ауыл молдасынан, САУЖОЙдан сауатын ашқан. Серіктестікте, ұжымшарда мал бақты. 1941 жылы әскер қатарына алынып, Украин майданында ұрыстарға қатысып, Берлинді алуға да үлес қосқан. Соғыста алған жарақаттарына сәйкес 1945 жылы маусымда елге оралған. Сталин атындағы ұжымшарда малшы болды. 1964 жылға дейін «Торғай» кеңшарында еңбек етті. Кейін «Речной» кеңшарында шопан болған. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, төс белгілермен марапатталды. Ардагер 1991 жылы 87 жасында қайтыс болды. Артында қалған балаларынан өрбіген ұрпақтар бар.


Джангельдинский район




Күшенбаев Көкентай

       1911 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Үрпек ауылында туған. 02.1942 ж. Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 298 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік төрт медальмен марапатталған. Елге келіп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Күшікбаев Көкентай

       1905 жылы Науырзым ауылында дүниеге келген. 1941 жылы неміс-фашист басқыншылары тұтқиылдан соғыс ашқанда, ауылдың ер-азаматтарымен қатар соғысқа аттанған болатын. 1943 жылға дейін Смоленск жерінде сұрапыл соғыстың талай қиындықтарын бастан кешкен. Жаралы да болды, госпитальда емделді. 1944 жылы белінен жаралы болып еліне оралған. Соғыстан кейін Науырзым жерінде ауыл шаруашылығында әр түрлі салада көп жылдар еңбек етті. 1973 жылы қайтыс болды.


Наурзумский район




Күшікбаев Какен

       1911 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Кеңтүбек ауылында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 294 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1946 жылы босаған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Кәдіров Смағанбет

       Торғай уезінің Жаркешу ауылында 1913 жылы дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған. Сауат ашу мектебінде оқыған. Әуелі «Жаркешу» серіктестігінде, кейін «Түйемойнақ» ұжымшарында еңбек етті. Торғай әскери комиссариатының шақыруымен 1942 жылдың наурызында соғысқа аттанады. Москвада 3 ай дайындықта болып, 1943 жылдың желтоқсан айынан майданды. Украинаның елді мекендерін, Австрия, Венгрияны азат ету ұрыстарына қатысқан. Соғысты Германияда аяқтап, елге 1946 жылы оралған. ІІІ топтағы мүгедек. Елге келген соң, ұжымшарда бастауыш партия ұйымының хатшысы, ауылдық кеңестің хатшысы қызметінде болып, ел сеніміне бөленеді. Ұлы Отан соғысына қатынасушы ретінде І дәрежелі Отан соғысы ордені, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және Жеңістің, сондай-ақ ССРО Қарулы Күштерінің атаулы жылдарының медаль-белгілерімен марапатталды. 2002 жылы бақиға өтті. Артында 5 бала, 21 немересі бар.


Джангельдинский район




Кәрібаев Молдахмет

       1908 жылы Торғайдың Шилі аулында туған. Сауатын САУЖОЙда ашқан. Әуелгіде серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасты. Елге оралған соң ұжымшарда, кейін кеңшарда бригадир, қатардағы жұмыскер боп еңбек етті. Соғыс ардагері ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы күндерінде әрдайым еленіп, марапатталып отырды, тиісті мерекелік медаль, белгілермен атап өтілді. Молдахмет ақсақал 1998 жылы қайтыс болды.


Джангельдинский район




Кәрімбаев Сатыбалды

       1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскер қатарына 1942 жылдың наурыз айында шақырылып, соғыста 913 арт. полкте зеңбірек көздеушісі болған. 1943 жылы Эстониядағы Долгая Нива деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Көбеев Омар

       1906 жылы Торғайдың Ақкөлінде туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Әуелі серіктестік, кейін ұжымшарда еңбек еткен. 1941 жылы Торғай әскери комиссариаты армияға жіберген. Курск доғасына, Украина майданында қатысқан. 1945 жылы елге оралған. Келген жылдан бастап ұжымшарда шопан боп еңбек етті. 1957 жылы Мәскеуде Бүкілодақтың көрмеге қатынасты. 1964 жылы қайтыс болды. 4 ұлынан өрбеген немере, 4 шөберелері бар. Олардың қатарында мал мамандары, жоғары білімді медицина саласының қызметкері бар. Балалары да марқұм әкесі сияқты елге беделді, жұмыстарында табыс биігінен көрініп жүр.


Джангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика