Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Мәдиев Оразалы

       1894 жылы қазіргі Костанай облысы, Таран аудынының Кіндіксай ауылында туған. Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай педучилищесінде сырттай оқыған. 1942 жылдың ақпанында әскер қатарына Семиозер АӘК-нан шақырылып, 250-ші атқыштар полкінің құрамында соғысқа қатысқан. 1942 жылдың 19 қыркүйегінде ауыр жарақат алып № 241 эвакогоспиталында емделді. 1943 жылы 8 қантарда медициналық комиссияның әскерге жарамсыз деген шешімі бойынша 3 топтағы мүгедек болып елге оралады. Көп ұзамай өзінің бұрынғы кәсібі-ұстаздыққа кіріседі. 1954 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін бастауыш мектептің мұғалімі болып Семиозер ауданының Қожағөл, Иінқұдық, Қосжалтыр, Таран ауданының Кіндіксай, Достияр, Жамбаскөл, Ақтөбе, Қайындыкөл атты елді-мекендерінде қызмет атқарған. Оразалы қарт соңғы кезіне дейін Таран ауданы, Мақсұт селосында тұрды. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген, 9 немеренің, 3 шөберенің, жиен-жиеншарлардың қызығын көрген. «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. 1973 жылы қайтыс болды, Мақсұт селосында жерленген.


Тарановский район




Мәженов Қапсұлтан

       1916 жылы туған. Білімі жеті кластық. Әскерге дейін аудандық халық сотының қосшы биі болған (заседатель). Ұлы Отан соғысына қатнасып, Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған. Соғыс кезінде санбатта істегенінің арқасында аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы да болған. Елге аты жайылған әзіл-сықақтың иесі еді. Соңғы жұмысы жұмысшылар кооперациясының төрағасы болды. Өзі 1969 жылы кенеттен дүниеден өтті. Ұрпақтары Алматы, Торғай қалаларында өмір сүруде.


Джангельдинский район




Мәженов Спан

       1916 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Сарытал ауылдық кеңесінде туған. 1941 жылы қыркүйекте Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста Ленинград майданында 1076 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден босап келгеннен кейін Крупская атындағы совхозда шопан болып жұмыс істеген. Жауынгерлік бес медальмен марапатталған.


Амангельдинский район




Мағұзымов Хамит

       1914 жылы туған. Торғай АӘК-нан 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, 422 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1946 жылы босап елге келген. Жұмыскер. 1992 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Мағамбетов Сәрсен

       1914 жылы Қостанай уезінің Пешков селосында туған. Соғысқа дейін Қостанай қаласындағы мал дәрігерлік техникумында оқыған. 1941 жылы әскерге алынып, соғыста 107 АП құрамында бөлімше командирі болған. Әскери атағы – сержант. Сталинградты қорғау ұрыстарына қатынасқан. Жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және соғыстан кейін жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. 1945 жылы мамыр айында әскер қатарынан босап келгеннен кейін, Аманкелді аудандық мал дәрігерлік мекемесінде мал дәрігері болып көп жыл жұмыс істеп, қайтыс болған. Жанұясында ұл – қыздары мен немерелері бар.


Амангельдинский район




Мағзумов Шынтемір

       1917 жылы мамырдың 15-де қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Байғабыл деген жерде туған. Бастауыш мектепте білім алған. 1 май колхозында жұмыс істеген. 1941 жылы әскер қатарына шақырылды. Әскери дайындықтан кейін Ленинград майданына жіберіледі. Ладого көліне жетіп, «Өмір жолы» деген өткел арқылы Ленинград қоршауына өтіп, соғысқа қатысқан. Кронштадт тұсында 272-ші атқыштар полкінің қарауында жаумен соғысып жүргенде қолынан жараланып, госпитальда жатып емделеді, жазылып шыққаннан кейін ІІ Белорусс майданына жіберілген. 37-ші гвардиялық дивизияның 118-ші атқыштар полкінің құрамында Балтық теңізі бойындағы Данциг-Гданьск қалаларына дейінгі елді мекендерді босатуға қатысқан. Польша жеріндегі соғыста екінші рет аяғынан ауыр жараланып, тиісті әскери дәрігерлік көмектің арқасында 1944 жылы 2 топтағы мүгедек болып елге оралады. Соғыста жасаған ерліктері ескеріліп, Отан соғысы орденімен, «Ленинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медальдарымен, соғыстан кейінгі мерекелік 6 медальмен марапатталған. Елге келгеннен кейін аудан мекемелерінде күзетші, зейнеткерлікке шыққанша аудандық тұтынушылар кооперациясы мекемесінде жүкші болып жұмыс істеген. 5 ұл, 4 қыз, немере көріп, 2001 жылы қайтыс болды.


Амангельдинский район




Мақатов Әбдіхалық

       1912 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылында туған. Білімі - арнаулы орта, мамандығы мұғалім. Жасбуын бастауыш мектебінде мұғалім, кейін аудандық оқу бөлімінің инспекторы болған. 1942 жылы армия қатарына шақырылып, Шұбаркөлде арнайы әскери дайындықтан өткен соң, Сталинградты қорғаудағы қанды ұрысқа қатынасқан. Кейін өзінің 167-ші атқыштар полкі І Белорусь майданының құрамына беріліп, Польшаның жерінде соғысады. 1944 жылы шілде-тамыз айларында Любинск-Брест операциясына қатынасып, Висла өзенінен өтіп, Варшава қаласының оң түстігіндегі қорғаныста болып, әскерлердің өзеннен өтуін қамтамасыз етеді. Осы болған ұрыста жараланып, госпитальда емделіп шығып, ІІ Белорусь майданы қарамағында 47-ші гвардиялық дивизиясының 132-ші полкінде қызмет етіп, Польшаның Лодзь қаласын азат етуге қатынасады, осы ұрыста екінші рет жараланады. Госпитальда емделіп, 1945 жылдың 11 мамырында елге оралды. 1946 жылдан 1976 жылға дейін Аманкелді ауданының Жасбуын орта мектебінде орыс тілі мұғалімі болды. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және мерекелік жеңіс медальдармен марапатталған, «Халыққа білім беру озаты», «Еңбек ардагері» медальдардың иегері. 4 ұл, 1 қызы, 16 немересі, 5 шөбересі бар.


Амангельдинский район




Мақсұтов Біркен

       Науырзым өнірінің Қожа елді-мекенінде 1916 жылы дүниеге келген. Бастауыш мектепті тәмамдап, мұғалімдер даярлайтың курста оқыған, білім саласында еңбек етті. Ұлы Отан соғысына Аманкелді аудандық әскери комиссариатынан шақырылып, 1942 жылы Отан қорғауға аттанды. Соғыс кезінде артиллерист-көздеуші болып, Украинаны, Венгрияны, Чехословакияны, Польшаны, Шығыс Германияны азат етуге қатысты. Майданның ауыр жолын Берлин түбінде аяқтады. Майдандағы ерлігі үшін І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, Жоғарғы бас қолбасшысынан, майдан қолбасшыларынан 12 рет алғыс алды. 1945 жылы елге жеңіспен оралып, білім саласында, ауыл шаруашылығында ұзақ жылдар есепші болып жүріп, 1976 жылы еңбек зейнеткерлігіне шыққан. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, немере, шөберелерін көріп, елге сыилы Біркен ақсақал 1996 жылы дүниеден өтті.


Наурзумский район




Мавлетов Кадыр

       Родился 8 апреля 1911 года. Участник Великой Отечественной войны. В 1941 году воевал в Польше. Командир взвода. Разведчик. Был ранен. Демобилизован в 1945 году. Награды: орден Отечественной войны І степени, медаль «За отвагу», юбилейные медали. Умер в 1996 году.


Карасуский район




Мавлиев Габдулхай Мавлиевич

       Принимал участие в боях на фронтах Великой Отечественной войны с мая 1942 по май 1945 года в составе 982-го артиллерийского полка, 10-й артиллерийской дивизии, разведчик, командир отделения, звание-младший сержант. Был трижды ранен. Награжден орденами Красной Звезды, Отечественной войны II степени, медалями «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», юбилейными медалями.


г.Рудный





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика