Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Сүйінкин Балта

       1923 жылы 20 қазанда Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Наурызым ауылында дүниеге келген. Қостанай облысы Затобол әскери комиссариатынан соғысқа аттанды. 1943 жылдың желтоқсан айының 15-нен бастап, 2-ші Белорусь майданында соғысты. Ұлы Жеңісті 1945 жылы 9 мамырда Берлин қаласында қарсы алды. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Жуков Г.К. және т.б медальдармен, 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Еңбек жолын 1947 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Октябрь ауылында есепші болудан бастады. 1949 жылы Наурызым мемлекеттік қорығына жұмысқа ауысып, есепші-кассир, 1963-1976 жылдары бас бухгалтер қызметін атқарды. 1976-1988 жылдары қорықтың бас қорықшысы болып жұмыс істеп, 1988 жылы құрметті зейнет демалысына шықты. Жұбайы екеуі 8 бала тәрбиелеп өсірді. 2004 жылы 1 желтоқсанда Қостанай облысы, Наурызым ауданы, Наурызым ауылында қайтыс болды.


Наурзумский район




Сүйінкин Балта

       1923 жылы 20 қазанда Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Наурызым ауылында дүниеге келген. Қостанай облысы Затобол әскери комиссариатынан соғысқа аттанды. 1943 жылдың желтоқсан айының 15-нен бастап, 2-ші Белорусь майданында соғысты. Ұлы Жеңісті 1945 жылғы 9 мамырда Берлин қаласында қарсы алды. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «За взятие Берлина», «За освобождение Варшавы», Кеңес Одағының Маршалы Жуков Г.К. және т.б медальдармен, 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жж. соғыс ардагері» белгісімен марапатталған. Еңбек жолын 1947 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Октябрь ауылында есепші болудан бастады. 1949 жылы Наурызым мемлекеттік қорығына жұмысқа ауысып, есепші-кассир, 1963-1976 жылдары бас бухгалтер қызметін атқарды. 1976-1988 жж. қорықтың бас қорықшысы болып жұмыс істеп, 1988 жылы құрметті зейнет демалысына шықты. Жұбайы екеуі 8 бала тәрбиелеп өсірді. 2004 жылы 1 желтоқсанда Қостанай облысы, Наурызым ауданы, Наурызым ауылында қайтыс болды.


Амангельдинский район




Сүлейменов Дияр

       Шолақсай топырағында 1924 жылы дүниеге келген. Әскерге 1942 жылы жазда алынды. Майданда байланысшы, газеттiң корреспондентi болған. Чехословакияны, Австрияны жаудан азат етуге өз үлесiн қосқан. Көптеген орден, медальдармен марапатталған. 1946 жылы елге аман-есен оралды. Бiраз уақыт Семиозер аудандық газетiнде меншiктi тiлшi болды. Кейiн Жаркөлде мұғалiмдiк қызмет атқарды, үйленген. 1995 жылы қайтыс болды.


Наурзумский район




Сүлейменов Мырзағали

       1914 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Бестау ауылында дүниеге келген. 1931 жылы бастауыш мектебін бітіріп, Қостанайдағы екі жылдық мұғалімдер дайындайтын курстан кейін, аудандық оқу бөлімінде жұмысқа орналасып, ересектердің сауат ашу курсына сабақ береді. 1938 жылдан аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор болады. 1943 жылдың қаңтар айында Қызыл Армия қатарына алынып, І Украина мадйнының құрамындағы 228 гвардиялық атқыштар полкінде пулеметші, кейін 240-шы артийллериялық полкте зеңбірекші болады. Харьков қаласы үшін ұрыста 1944 жылдың шілдесінде полк немістердің қоршауында қалып, тұтқынға түседі. 1945 жылдың 8 мамырында Совет Армиясы тұтқынға түскен жауынгерлерін босатады. 1945 жылғы 25 қыркүйекте армия қатарынан босайды. Елге келген соң 1946-1947 жылдары Аманкелді ауданының Амантоғай байланыс бөлімінде қызмет істеп, зейнеткерлікке шығады. 4 ұл, 3 қыз, 20 немересі және шөберелері бар. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» және Жеңіске арналған екі мерекелік медальдармен марапатталған.


Амангельдинский район




Сүлекеев Ғапбас

       1922 жылы Аманкелді ауданы, Сарыторғай деген жерде туған. 1942 жылы наурызда Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 1945 жылдың мамыр айына дейін 43-ші гвард.мин.полкте қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік 7 медальмен марапатталған. Елде сауда саласында жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Сүндетов Төлеубай

       1920 жылы Аманкелді ауданында туған. 1941 жылдың шілдесінде Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 61-ші танк дивизиясында қызмет еткен. Әскери атағы сержант. Жауынгерлік сегіз орден-медальдармен марапатталған. Әскерден келіп, аудан мекемелерінде көп жыл қызмет еткен, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Сүттібаев Әбдірахман

       1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. 1943 жылы қаңтар айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 05.1945 жылға дейін 224-ші мин.полкте бөлімше командирі болған. Әскери атағы сержант, алты медальмен мараптталған. Көп жыл бойы есеп қызметінде жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Сұлекеев Ғапбас

       1922 жылы 15 сәуірде дүниеге келген, туған жері Аманкелді ауданына қарасты № 5 ауыл. 1942 жылдың 7 наурызында әскер қатарына алынды. Соғыс аяқталғанша алтыншы кавалериялық полктің 43 гвардиялық механикалық атқыштар бөлімінде қатардағы жауынгер болып, талай қантогіс ұрыстарға қатысты. Соғыстан кейін 1946 жылдың қараша айының 15 дейін әскери қызметін атқарып, еліне оралды, еңбекке араласты. Аманкелді ауданының Сарыторғай совхозында сатушы, зоотехник, бөлімше басшысы, кеңшар директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары болды, барлық еңбек өтілі - 43 жыл. «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медальдарымен марапатталған, және Жеңіске арналған тарт мерекелік медальдардың иегері. 1983 жылы 10 желтоқсанда тәңір қазасынан дүние салды.


г.Аркалык




Сұлтанов Жағыпар Жақсылықұлы

       1924 жылы Семиозер ауданының Құшмұрын колхозында туған. 1942 жылы Семиозер аудандық комиссариатынан соғысқа аттанған. Онда минометші болды. Майдандағы ерлігі үшін екі рет Қызыл Жұлдыз орденімен, үш рет «Ерлігі үшін» медалімен және «Кенигсбергті алғаны үшін» медалімен марапатталды. Майданнан 1947 жылы оралды. Өзі туған Құшмұрын колхозында колхоз төрағасының орынбасары, төрағасы болып жұмыс атқарды. Бесағаш колхозының төрағасы болды. 1954 – 1962 жылдары Калинин атындағы совхозда парторг қызметін атқарды. Кейін жаңа құрылған Науырзым ауданының «Раздольный» совхозына парторг қызметіне тағайындалды. Ал 1963 жылы «Көктал» совхозына парторг қызметіне ауыстырылды. Еңбекте ерекше табандылық танытты. Қайда еңбектенсе де, үлкен беделге кемелген, абыройлы, беделді кісі еді. Жұбайы Балдырған екеуі төрт ұл мен бес қызды дүниеге келтірді. Жағыпар 1965 жылы кенеттен қайтыс болды. Балаларды жұбайы Балдырған өсіріп - өндіріп, 23 немере, 11 шөбере сүйіп отырған бақытты ана.


Наурзумский район




Сәменов Шалдыбай

       1923 жылы 1 қаңтарда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында туған. 19 жасында әскерге алынып, Смоленскі қаласының түбінде соғысқа кірді. Смоленск, Воронеж, Липецк, Кенигсберг қалаларын азат етуге қатынасты. Қызыл Тулы Симферополь гвардиялық артиллерия полкінің құрамында болды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін Бас қолбасшы И.В.Сталиннің құттықтау хатына ие болды. Сонымен бірге Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» және 11 мерекелік медальдармен мараптталды. Елге 1947 жылы оралды. Содан 1983 жылы зейнеткерлікке шыққанша Арқалық ауданы, «Қайынды» совхозында жүргізуші болып жұмыс істеді. Балалары бар. Немере, шөбере сүйіп отыр. Қазір Арқалық ауданы, «Қайынды» ауылында тұрады.


г.Аркалык





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика