Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Төкеев Ташет

       1920 жылы Аманкелді ауданының Науырзым жерінде дүниеге келген. 1941 жылға дейін колхоз жұмысында еңбек етті. Ұлы Отан соғысына 1942 жылы аттанды. Соғыста Т-34 маркалы танкінің жүргізушісі болды. Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі шайқастарға қатысып, алдынғылардың бірі болып Днепр өзенінен өтті. Чехословакияны, Польшаны азат етіп, Берлин операциясына қатысты. Жеңістен кейін елге оралып, тыңда комбайнер болып еңбек етті. 1946 жылы Гүлнар Төлегенқызына үйленді, үш ер, үш қыз бала тәрбиелеп өсірді. Екі мәрте Қызыл Жұлдыз және «Қызыл Ту» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін Қожа жерінде механизатор болып еңбек етіп, көптеген медальдармен және грамоталармен аталып өтті.


Наурзумский район




Төлебаев Қабдолла

       1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Қарасу ауылында туған. 08.1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 05.1945 жылға дейін соғыста 76 жеке пулемет батальонында қызмет еткен. Әскери атағы кіші сержант, алты жауынгерлік медальмен марапатталған. Елге келген соң, «Коммунизм жолы» совхозында жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Төлегенов Ғабдуали

       1905 жылы Торғайдағы Тосынның Қарақамыс деген жерінде туған. Әскерге алынғанға дейін ұжымшарда еңбек еткен. 1942 жылы мамырда әскерге шақырылған. 4-атқыштар полкінде жауынгер бола жүріп, ауыр жарақат алып, 1943 жылы елге оралған. Соғыстан кейінгі зейнеткерлікке шыққанға дейінгі кәсібі – ұжымшарда, кейін ХХІ партсъезд атындағы кеңшарда жылқышы боп, осы түліктің көбейюіне үлес қосты. 1981 жылы қайтыс болды. Жұбайы Талжібек екеуі 2 ұл, 3 қыз өсірді. Бүгінгі таңда олардан немере, шөберелері бар.


Джангельдинский район




Төлегенов Бекентай

       1922 жылы қазан айында Жангелдин ауданы, Жаркөл ауылында туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылдың ақпан айында әскерге алынып, 126 АП құрамында қатардағы жауынгер болып, Курск, Орел қалалары үшін болған ұрыстарға қатынасып, 1943 жылы наурыз айында жараланып, елге оралған. Аманкелді ауданына көшіп келіп, көп жыл бойы аудандық байланыс торабында қызмет істеген. 1989 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Төлегенов Нұржан

       1920 жылы Торғайдың Ақкөл аумағында туған. Соғысқа дейін Көкалатта орталау мектепті бітірген. Әскерге 1942 жылы алынған, Қиыр Шығысқа жіберілген. Жапон самурайларымен ұрыстарға қатысқан. Елге 1947 жылы оралды. «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. Коммунист Төлегенов аупарткомның нұсқаушысы, МТС партия ұйымының хатшысы болды. Сырттай зооветтехникум бітірген. 1960 жылы «Қызыл әскер», кейін «Южный» кеңшарында бас зоотехник міндетін атқарды. Алты баласынан тараған біраз ұрпақтары бар. Өзі 1999 жылы туған ауылы Қарасуда дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Төлегенов Хамит

       1916 жылы 6 қарашада туған. Әскерге 1939 жылы 25 қарашада шақырылған. Финляндиямен болған соғысқа және Ұлы Отан соғысына қатысқан. Майданда 208 атқыштар полкінде взвод командирінің орынбасары болған, аға сержант атағынан старшинаға дейін көтерілген. Кенигсберг қаласын азат еткен. Берлинге жеткен. Елге соғыстан 1946 жылы 15 қарашада оралған. Меңдіқара педагогикалық училищесінде 1945-1948 жылдары сырттай оқыған. Нұрпейіс Байғанин атындағы Ақтөбе пединститутының тарих факультетін 1952-1955 жылдары бітірген. 45 жылдай ұстаздық қызмет атқарған. Соғыстағы ерлігі мен еңбектегі табыстары жоғары бағаланып, «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың, Жеңістің мерекелік медальдарымен, Отан соғысы орденімен және Ленин орденімен марапатталған. 1998 жылы 15 тамызда қайтыс болды, Жамбыл ауылы, Науырзым ауданында.


Наурзумский район




Төлемісов Бисентай

       1922 жылы Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы ақпанда Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 1943 жылдың қаңтарына дейін 126-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік төрт медалі бар, елге келіп қайтыс болған.


Амангельдинский район




Төленов Хамза

       1919 жылы туған. Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, Ленинград майданында 853 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Кейін 52 мин.полкте минер болған. Әскерден 1945 жылы босап, елге келіп, жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Төлепбергенов Жантай

       Әулиекөл ауданы, Мақсұт ауылында 1920 жылы туған. 1941 жылы соғысқа аттанып, 1945 жылы оралды. Мұғалім болып Таран ауданының Қайыңдыкөл мектебінде істеді. 1950 жылдан Таран аудандық партия комитетінде инструкторлық қызметін атқарған, 1951 жылы Кіндіксай колхозына келіп мұғалім болып жүргенде 1952 жылы қайтыс болды. Артында қалған баласы, немерелері бар.


Аулиекольский район




Төлеубаев Кәримолда Минзятұлы

       1926 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №4 ауылда туған. Аманкелді орта мектебін бітіріп, 1943 жылдың шілде айынан бастап Аманкелді аудандық атқару комитетінде есепші, одан кейін аудандық жинақ кассасында нұсқаушы қызметін атқарды. 1944 жылдың қараша айында Қызыл Армиясы қатарына шақырылды. Отан соғысының ІІІ Белорусь майданында болып, Балтық жағалауын және Кенигсберг қаласын жаудан азат етеді. 1945 жылдың наурыз айында Польшаның Швейднец қаласында Онел-Одерская операциясына қатынасады. 1946-1947 жылдары 36 авиатехникалық полкте қызмет етеді. 1949 жылы елге оралады. Аманкелді аудандық партия және Совет атқару комитеттерінде нұсқаушы, Арқалық ауданы Қайынды орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Қайынды», «Алуа» совхоздарында партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды. 1988 жылы зейнеткерлікке шықты. Әйелі Қатшекен Жапбасбайқызы екеуі тоғыз бала тәрбиелеп өсірді. Олардан 24 немере сүйді. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен бейбіт замандағы ерен еңбегі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. 1992 жылы қайтыс болды.


г.Аркалык





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика