Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Шұқырбаев Ақатай

       1917 жылы Торғайдың Бестау өңірінде туған. Шиліде жетіжылдық мектеп бітірген. №11 және № 12 ауылдарда әртүрлі жұмыстар істеген. Әскерге 1941 жылы алынып, Белорус майданында ұрыстарға қатынасқан. Елге 1945 жылы оралған соң ұжымшарда есепші, қойма меңгерушісі міндеттерін атқарған. 1993 жылы қайтыс болды. Соғыс ардагері ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында медальдармен атап өтілді. Ұрпақтары Қамысты ауданының Свободное селосында тұрып жатыр.


Джангельдинский район




Шәрiпов Қайырбек

       1922 жылы 22 сәуiр айында Үштоғай ауылында дүниеге келген. Сол жерде 10 жылдық мектептi бiтiрген. Еңбек жолын Аманкелдi ауданының Қайғы ауылында есепшi болып қызмет атқарумен бастады. 1941 жылы немiс-фашист басқыншылары тұтқиылдан соғыс ашқанда, ел азаматтарымен бірге ол да майданға аттанды. 1943 жылы шайқастардың бірінде аяғына оқ тиiп, қатты жараланады, госпиталға түсiп, 5 ай емделедi. Жарасының ауырлығына байланысты соғысқа жарамсыз болып, 1943 жылы қазан айында елге оралады. Соғыстағы ерлiк iстерi үшiн Отан соғысы орденiмен, Жеңістің мерекелік алты медалі және көп жылғы еңбегі бағаланып, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Елге оралған соң, байырғы есепшiлік қызметін жалғастырып, елге адал еңбегiн сiңiрген. Жұбайы Айтжан екеуi отбасылы болып, 7 бала өсiрiп, тәрбиелеп, 4 ұлын ұяға, 3 қызын қияға қондырып, 16 немере, 2 шөбере сүйiп қызығын көрген кiсi.1989 жылы 23 мамыр айында дүниеден өттi.


Наурзумский район




Шәуенов Балға

       1923 жылы Саға ауылында дүниеге келген. Әскерге 1943 жылы мамыр айында алынған. Беларусь майданында ауыр артиллерия батареясында ақтаушы болды. Әскерде партияға өткен. Елге 1947 жылы оралған. Меңдіқара педучилищесін, Алматыдағы университетті сырттай оқып бітірген. Көп жыл ұстаздық етті. Қызбел кеңшарында кәсіподақ ұйымын да басқарды. Жұбайы Қатира Қабиқызы екеуі ұлағатты ұлдар өсірген отбасы. Ұрпақтары Қостанай, Арқалық, Қызбелде тұрады. Өзі 1985 жылы шілде айында дүниеден өтті. Қоғамшыл, елге сыйлы азамат еді.


Джангельдинский район




Шағыров Асқар

       1924 жылы Аманкелді ауданы, Ақсай ауылында туған. Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 616 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1945 жылы босап, елге келіп, көп жыл бойы аудандық атқару комитетінде жұмыс істеген. 1991 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Шақаев Қабылда

       1897 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Шақшақ Жәнібек ауылында дүниеге келген. 1916 жылы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, қара жұмысқа алынып, 1920 жылы елге әрең жеткен. Ауылда құрылған серіктестіктерде, кейін ұжымшарда әртүрлі жұмыстар атқарған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. Соғысқа 453 атқыштар полкінің құрамында Сталинград майданында кіреді. Әуелі пулеметші, кейін санинструктор болып, бірнеше жеңіл жарақат алғанына қарамастан Берлинге дейін барады. Майдандағы ерліктері «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен белгіленген. 1945 жылы шілде айында армия қатарынан елге оралған. ІІ топтағы мүгедек. 1946 жылдан зейнетке шыққанға дейін ұжымшар, кеңшарда жұмысшы болды. Жеңістің, Қарулы Күштердің мерекелік медальдарымен марапатталған. 1983 жылғы Торғай селосында қайтыс болды.


Джангельдинский район




Шақалақов Дүйсенбай

       1920 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, қазіргі Шақшақ Жанібек ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскерге алынып, Шұбаркөлде әскерге дайындықтан өтіп, сол жылы Воронеж бағытында, 464 атқыштар полкінде пулеметші болып шайқасқа кірген. 1944 жылы ауыр жарақат алып, оң аяғынан айырылады. Сонда «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Саратов қаласындағы госпитальда емделіп, ІІ топтағы мүгедек болып елге оралады. 1946-1974 жылдар аралығында шаруашылықта шопан болып жұмыс істеген. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медальдардың иегері. Жеңістің 20, 30, 50 жылдық медальдарын алған. 1946 жылы жұбайы Зейнеш екеуі бас қосып, 9 бала тәрбиелеп өсірген. Қазір 18 немере, 11 шөбере бар. 1998 жылы қайтыс болған.


Джангельдинский район




Шақанов Ахат

       1914 жылы қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Жаркөл аулында туған. 1942 жылдың ақпан айында Торғай аудандық әскери комиссариаты армияға шақырған. Кавказ майданында 135 атқыштар полкінде қатардағы атқыш болыпты. Кейні Азов теңізі маңында ұрыстарға қатысқан. 1943 жылдың күзінде жау снарядының жарықшағынан жарақат алып, госпитальге түскен. 1944 жылдың аяғында елге оралған. Жарасынан айыққаннан соң 1946 жылдан «Жаңа тұрмыс» ұжымшарында шопандыққа кіріскен. 1966 жылы Қазақ ССР Жоғары Советінің Құрмет грамотасымен атап өтілді. Отан соғысының ардагері ретінде мерекелік медальдар мен белгілерге ие болды. 1991 жылы дүниеден өтті. Артында бес ұл, үш қыз қалды.


Джангельдинский район




Шабаев Хабир Абдрахманович

       Род. в 1919г. Годы службы:1941-1942гг. Участник боев на ООР, Брянском ф-те в составе 101 СП 4 СД. Род войск - сухопутные. Воинское звание – рядовой. Награжден орденом Отечественной войны 1-й ст., медалью «За победу над Германией».


г.Костанай




Шабаев Хамит

       Род. в 1915г. Годы службы:1941-1945гг. Участник боев на Брянском, Юго-Восточном, 2-м Украинском ф-х. Род войск - артиллерия. Воинское звание – рядовой. Награжден орденом Отечественной войны 2-й ст., медалью «За победу над Германией».


г.Костанай




Шабалин Виталий Прокопьевич

       Родился 4 сентября 1925 года в Марийской АССР. На фронт Великой Отечественной призван в 1942 году. Воевал в составе Первой гвардейской воздушно-десантной бригады, стрелок. По состоянию здоровья демобилизован в 1943 году. Был женат, имел семью. Умер в 1990 году.


Карабалыкский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика