Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'в' было найдено совпадений: 25205


Құлмағанбетов Тойшығара

       1924 жылы Аманкелді ауданы, Құмкешу ауылында туған. 1942 жылдың шілде айында Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 109 АД, 404 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1945 жылы әскер қатарынан босаған. 1991 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Құлсеитов Садық

       1917 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданындағы Қызбел ауылында дүниеге келген. Балалар үйiнде өскен. 10 ақпан 1939 жылы Семиозер аудандық әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылып, 732 атқыштар полкiне жiберiлдi. Фин соғысына қатысты. Ұлы Отан соғысына бiрiншi күндерiнен бастап қатысқан. 1942 жылы ауыр жарақатталып, соғысқа жарамсыз деп елге жiберiлген. Елге оралған соң Мырзакөлде завхоз, кейін басқарма болып жұмыс iстеген. Осы жылдары отау құрып, өмiрге 7 бала келген. 1945-1992 жылдар аралығында аға шопан болып, елiне адал еңбек еткен. Осы елге жасаған адал қызметi еш кеткен жоқ. Халықтың, елдiң алғысына бөлендi. Оның нәтижесi – алған марапаттаулар мен мадақтаулары. Атамыздың кеудесiнде «Халықтар достығы» орденi, Еңбек Қызыл Ту орденi және Жеңістің мерейлiк медальдары жарқырады.


Наурзумский район




Құлтаев Қайырбек

       1908 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылы ақпан айында әскерге алынып, Шұбаркөл қаласындағы әскери дайындықтан өткеннен кейін, 312 АД, 1083 АП құрамында қатардағы жауынгер болып, орталық Украина майданында соғысқан. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Даңқ орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылы мамырда босап, елге келгеннен кейін аудан шаруашылықтарында жұмыс істеген. 1987 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Құлыбеков Самұрат

       1920 жылы Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 253 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік бес медальмен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылдың мамыр айында елге оралып, колхоз, совхоздарда жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Құлымбетов Қостемір

       1916 жылы 9 мамырда қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты 2-ші ауылда дүниеге келген. Байғабыл бастауыш мектебін бітірген. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, №39 гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамындағы 41-ші жеке барлау ротасында бөлімше командирі болған. Финн соғысына қатынасады. Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап мұздай қаруланған фашист әскерінің жантүршігерлік шабуылын тойтарысқа ат салысады. Соғыста сержант, аға сержант, старшина, лейтенант шеніне дейін жоғарлайды. 1943 жылдың қаңтар айында жау шебін барлауда жүргенде жараланып, медсанбатқа түседі. Майдандағы ерліктері үшін Қызыл Жұлдыз және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Сонымен қатар соғыстан кейінгі мерекелік 8 медалі бар. Елге келген соң Жасбуын, Байғабыл, Крупская атындағы мектептерде көп жыл ұстаз болып бала оқытады. Зейнеткерлікке шыққанан кейінде қарап отырмай совхоз шаруашылығына қолқабыс тигізеді. Артында 3 ұл және қыздары мен немерелері, шөберелері бар. 1984 жылы қайтыс болды.


Амангельдинский район




Құндызбаев Мырзағали

       1905 жылы бұрынғы Қараторғай болысында туған. Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, Шұбаркөл қаласында әскери дайындықтан өткеннен кейін 453 АП құрамында ІІ Украина майданында соғысып, Венгрия, Румыния жерлерін жау әскерінен азат ету ұрыстарына қатынасқан. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Будапешті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», сонымен қатар жеңістің мерекелік үш медальдарымен марапатталған. Әскерден 1945 жылы босап елге келгеннен соң, колхоз, совхоздарда жұмыс істеген. 1987 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Құрманов Жұмат

       1902 жылы 5 қаңтарда Қостанай облысы, Аманкелді ауданында туған. Бастауыш мектебін бітірген, арабша сауаты болған. 1942 жылы соғысқа аттанып, 1946 жылы аман елге оралған. Соғыста байланысшы міндетін атқарған. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңген үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейінгі жылдарда Аманкелді ауданы Жамбыл колхозында бухгалтер болды, зейнетке шыққасын Науырзым ауданы Қайғы ауылында әр-түрлі жұмыс істеген.Төрт бала, сегіз немере, алты шөбере өсірген. 1984 жылы 22 маусымда Қайғы ауылында қайтыс болды.


Наурзумский район




Құрманов Жұмаш

       1917 жылы дүниеге келді. Ол өзінің еңбек жолын 1938 жылы ұстаздық етуден бастап, ұзақ жылдар жас ұрапаққа білім беру саласында жемісті еңбек етті. 1942 жылы 25 ақпанда Торғай аудандық әскери комиссариаттан соғысқа аттандырылған. 118 гвардейск атқыштар полкінде атқыш қызметін атқарған. 1943 жылы ауыр жаралы болғандықтан елге оралған. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Аманкелді аудандық комсомол комитетінің хатшысы қызметін, одан соң 1952 жылдан партия, Совет жұмыстарын атқарып, үлкен ұйымдастырушылық қабілеттін танытқан. Қайғы МТС-і бастауыш партия ұйымының хатшысы, колхоз басқармасы, 1966-1977 жылдар аралығында «Костанайский комсомолец» совхозында парткабинет меңгерушісі қызметтерін атқарып, еңбекте табандылық танытты. Үш ұл, төрт қыз өсіріп, жиырма немере, екі шөбере өрбіткен бақытты әке, бақытты ата. 1990 жылы 8 мамырда Қайғы ауылында қайтыс болды.


Наурзумский район




Құсайынов Қаралақ

       1921 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесіне қарасты 8-март колхозында дүниеге келген. Соғысқа дейін жетім балалар үйінде тәрбиеленген, мектепте оқыған. Қарасу ауылдық кеңесінде хатшы болып қызмет істеген. Кейін аудандық тұтынушылар одағында товаровед болған. 1942 жылы мамыр айында әскер қатарына шақырылып, 352 атқыштар дивизиясының құрамында болады. Кейін 76-гаубицалық атқыштар полкіне жіберіледі. Осы полктің құрамында Сталинград үшін шайқасқа, Украинаны, Курск, Орел, Киев қалаларын жау әскерінен босатуға қатынасады. Харьков түбіндегі соғыста өз гаубицасымен жаудың 5 танкасын жандырып, ерлік жасады. Осы ұрыста «Ерлігі үшін» медалін алды. Курскі доғасындағы ұрыста да жау әскеріне оқ жаудырып шығынға ұшыратқаны үшін екінші рет «Ерлігі үшін» медалімен мараптталды. Әскер қатарынан 1946 жылы босап елге оралады. ІІ дәрежелі Отан соғысы, Даңқ ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және басқада жеңістен кейінгі мерекелік 10 медальдармен марапатталған. Елге келгеннен кейін өз мамандығы сауда саласында қызмет істеп, Жітіғара ауданы тұтынушылар одағы төрағасының орынбасары, Аманкелді ауданы тұтынушылар одағының орынбасары, совхоздарда жұмысшылар кооперациясының төрағасы болған. Зейнеткерлікке шыққан. Көп жылғы еңбегі бағаланып, Қазақ ССР-ы Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасын алады. 1998 жылы қайтыс болады. Артында 5 ұл, 16 немере және шөберелері бар.


Амангельдинский район




Құсайынов Айтқұл

       1915 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 24 зенит АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 02.1943 ж. қоршауда қалып, жау қолына тұтқынға түсіп, 05.1945 жылы босап елге келген. Аудан мекемелерінде әр-түрлі қызмет істеп, зейнеткерлікке шығып, қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика