Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Жақыпов Смағұл

       1909 жылы қаңтардың 24 күні, бұрынғы Торғай уезі, Көк ала ат деген жерде дүниеге келген. Соғысқа дейін колхозда жұмыс істеген. Қызыл Армия қатарына 1942 жылдың наурыз айында Торғай әскери комиссариятынан алынған. Шұбаркөлде әскери дайындықтан өтіп, Сталинград қаласын азат ету ұрыстарына қатынасқан. 196-шы атқыштар дивизиясы құрамындағы 893 атқыштар полкінде Прудовая станциясы үшін ұрыста басынан жараланып, госпитальға түскен. Жазылып шыққаннан кейін 258 әскери ветлазаретке ауыстырылған. «Сталинградты қорғағаны үшін» және соғыстан кейінгі мерекелік алты медальдары бар, және І дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері. Майданнан елге оралған соң, Жангелдин және Аманкелді аудандарында кіші мал дәрігер болып, зейнетке шығады. 1996 жылы қайтыс болды.


Амангельдинский район




Жаңғабылов Жапар

       1924 жылы 13 қарашада Торғайда туған. 1942 жылы Торғай әскери комиссариаты армия қатарына шақырған. 298 атқыштар полкінің 26-169 әскери бөлімінде ұрыстарға қатысқан. «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдармен марапатталған. Елге 1950 жылы маусым айында оралған. Отан соғысының қатысушысы ретінде Жеңістің, сондай-ақ ССРО Қарулы Күштерінің айтулы жылдарында мерекелік медальдармен марапатталған. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен атап өтілген. Әскерден келгеннен бастап аудандық байланыс мекемесінде кассир-оператор болып істеді. «Еңбек ардагері» медалінің иесі. 1954 жылы Сұлтанханова Сәбиламен үйленіп, 9 бала өсірді, 15 немересі бар. 1987 жылы еңбек демалысына шықты. Соғыс және еңбек ардагері дүниеден өтті. Ұжымына, өзін білетін адамдарға өте сыйлы, кішіпейіл, қамқор жан еді.


Джангельдинский район




Жаңабергенов Рахан

       Қостанай облысы, Аманкелді ауданының 1 Май ауылдық кеңесіне қарасты Байғабыл деген жерде 1922 жылдың 5 желтоқсан айында туған. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Шұбаркөл қаласында екі айдай дайындықтан өтіп, байланысшы-радист атағын алған. Соғысқа Сталинградқа жақын жердегі Котлубань деген станцияның маңындағы №1155 атқыштар полкінің құрамында ұрысқа қатысады. Осы станцияны жаудан босатып алудағы ұрыста көрсеткен ерлігі үшін, полк командирінің қолынан «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалін алды. Кейін 409 атқыштар полкінде байланысшы болды. Белоруссия, Польша жерлерін азат етіп, Берлинге дейін барды. Елге 1950 жылы оралды. Бейбіт жылдары оқытушы ұстаз, мекеме, кәсіпорындарда кәсіподақ және кадр бөлімін басқарды. 1994 жылы қайтыс болды. Артында ұл-қыздары бар.


Амангельдинский район




Жабағин Бимекен

       1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы ақпанда Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 569-АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1943 жылы желтоқсанда жараланып елге оралған. Жауынгерлік үш медальмен марапатталған. Елде жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жабагин Нуралы

       Род. в 1920г. в а. Кзыл-Калам Баян-аульского р-на Павлодарской обл.. В армию призван Фрунзенским РВК г. Алма-Аты. Годы службы:1939-1954гг. Участник боев на Юго-Западном, Сталинградском ф-х. Род войск - сухопутные. Воинское звание – ст. л-нт, командир роты. Образование – средне-специальное. После демобилизации работал учителем в общеобразовательных школах. Награжден орденами Отечественной войны 2-й ст., Красной Звезды, медалями: «За оборону Сталинграда», «За победу над Германией», юбилейными.


г.Костанай




Жабаев Әмірхан

       2 маусымда 1918 жылы Аманкелді ауданында туған. 1940 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 58 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1942 жылдың қазан айында Смоленск облысының Духовщинск ауданы үшін болған ұрыста жараланып, елге ІІ топтағы соғыс мүгедегі болып оралған. Еңбекке араласқан. 1994 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жабаев Ансаган

       Родился в 1911 году в селе Кенерал. В армии с 1938 года, там и застала война. Служил рядовым 532-го стрелкового полка. В декабре 1942 года попал в окружение, на весь батальон было всего 3 автомата, попали в плен. После войны работал на шахте в Донбассе, в 1947 году вернулся домой в Кенеаральский, работал трактористом. Имел награды: ордена Славы 3 степени, Отечественной войны 2 степени, медали "За освоение целинных земель", "За доблестный труд", "Ветеран труда", юбилейные медали. Был женат, имеет 10 детей, 26 внуков и 10 правнуков.


Федоровский район




Жабаев Камали Бупежанович

       Родился в 1926 году. Ушел на фронт в возрасте 18 лет. Воевал на 2 Белорусском фронте. Был стрелком 120 стрелкового полка 69 стрелковой дивизии 65 армии пехотных войск. Участвовал в боях за освобождение Польши, дошел до Берлина в звании лейтенанта. В 1951 году окончил военное пехотное училище. Служил на Чукотке, во Владивостоке. На пенсию ушел в звании капитана. Награжден орденом Отечественной войны II степени, медалями «За боевые заслуги», «За освобождение Варшавы», «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», юбилейными медалями.


Сарыкольский район




Жабаев Камали Бупижанович

       1926-2003гг. Годы службы:1944-1945гг. Участник боев на Ленинградском ф-х. Воинское звание – рядовой, пехотинец. Награжден орденом Отечественной войны 2-й ст., медалями: «За оборону Ленинграда», «За победу над Германией».


г.Костанай




Жабатаев Бикен

       1912-2004 гг. Годы службы:1941-1943гг. Участник боев на ООР, СОР, Юго-Западном, Южном ф-те. Род войск - сухопутные. Воинское звание – рядовой. Награжден орденом Отечественной войны 2-й ст., медалями: «За оборону Одессы», «За оборону Севастополя», «За победу над Германией».


г.Костанай





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика