Қабылов Сүлеймен 1922 жылы Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың шілде айында армия қатарына шақырылды. 125-ші атқыштар полктің қатарында Смоленск үшін, Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысады. Соғыстан 1942 жылдың аяғында оң аяғынан ауыр жараланып, елге оралады. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін І дәрежелі, Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үішн» медалімен және Жеңістің мерекелік бес медалімен, сондай-ақ Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен марапатталған. Балаларының ортасында 2000 жылдың 9 қазанында дүниеден озды. Джангельдинский район |
Қадырбаев Қайырбек 1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Бүйректал ауылында туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылы ақпанда әскерге шақырылып, соғыста 58 автоботальонында жүргізуші жауынгер болған. 1945 жылы мамырда әскер қатарынан босап елге келіп, жұмыс істеп, қайтыс болған. Жауынгерлік алты медальмен марапатталған. Амангельдинский район |
Қажиев Ертай 1924 жылы Аманкелді ауданында туған. Әскерге 1942 жылы тамыз айында Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 33 әуе десанты бригадасында қызмет еткен. Әскери атағы аға сержант. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Әскер қатарынан 1949 жылы босап елге келген. Бүйректал совхозында есеп қызметінде істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қазиев Жалғасбай 1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына алынып, 57 АП құрамында қатардағы жауынгер. Әскер қатарынан 1944 жылы жараланып босаған. Елге келіп қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қазиев Көккөз 1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Амантоғай ауылында туған. 1942 жылы қаңтар айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 127 АД құрамында қатардағы жауынгер болған. 1943 жылдың тамызында Ростов қаласының маңындағы Русское селосы үшін болған ұрыста жараланып, госпитальда емделіп, әскерге жарамсыз болып елге оралған. Елге келген соң малшы болып көп жыл жұмыс істеген. Еңбегі бағаланып, «Құрмет белгісі» орденімен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Амангельдинский район |
Қазиханов Шәкір 1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскер қатарына 1940 жылы шілде айында Торғай АӘК-нан шақырылып, 33 АД, 73 АП қатардағы жауынгер болған. Соғыста Калининград майданында болып, Холм қаласы үшін болған ұрыста жараланып, 1944 жылы елге оралған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қазыбаев Сейден 1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Құмкешу ауылында туған. 1942 жылы мамырда Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 156 жеке атқыштар батальонында қатардағы жауынгер болған. 1943 жылы тамыз айында Смоленск облысының Захарово деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Көп жыл бойы колхоз, совхозда жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қаймолдин Күрдей 1918 жылы мамырдын 5-де қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, соғыста 48 арт. полкте зеңбірек көздеушісі болған. 1943 жылы Смоленск облысы, Брытова деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Колхоз, совхоздарда жұмыс істеп қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қайралапов Абдухамит 1915 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1943 жылы Қостанай ҚӘК-нан әскерге алынып, 18 және 676 АП қатардағы жауынгер болып соғысқа қатынасқан. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, көлік жүргізуші болып, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қайралапов Сәмен Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста Ленинград майданында 146 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен және «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, аудан шаруашылықтарында жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |