Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Қайырбеков Төлеубай

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1941 жылы шақырылып, 731 АП қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1946 жылы босап елге келген соң, колхоз, совхоздарда жұмыскер болып, зейнеткерлікке шыққаннан кейін қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қалақ Өтепқалиұлы

       1915 жылы қазіргі Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылында дүниеге келген. Еңбекке ерте араласты. Соғысқа 1942 жылдың аяғында шақырылып, бір ай дайындықтан өткен соң, майданға Сталинград түбіндегі сұрапыл шайқасқа бірден түседі. 1943 жылдың көктемінде жаралы болып санчастқа түседі, айыққаннан кейін қайтадан майданға қосылады. Сталинград қаласын неміс басқыншыларынан түгелдей босатуға қатысады. Сол жылдың күзінде тағыда жаралы болады, емделеді. Комиссияның соғысқа жарамсыз деген шешімі бойынша әскери қызметтен босап, елге оралады. Көп жылдар бойы колхоздың, кейін совхоздың жылқысын бақты. 70-ші жылдың ортасына дейін совхоздың поштасын ат-арбамен тасып мекемелерге, бөлімшелерге жеткізіп тұрды. Жасы келген шағында, құрметті демалысқа шықты. Сегіз баланың әкесі (5 ұл, 3 қыз), бәрін оқытып тәрбиеледі, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға жеткізген. Соғыс және еңбек ардагері І дәрежелі Отан соғысы орденімен, Совет Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың, Жеңіске арналған жеті мерекелік медальдармен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. 2000 жылдың 21 мамырда 85 жасында дүниеден озды, туған жері Дәмді ауылында жерленді.


Наурзумский район




Қалашов Жұмағали

       1914 жылы Торғай уезінің қазіргі Шеген аулында өмірге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанда Торғайда 9 сынып бітіріп, өз ауылында бастауыш мектеп мұғалімі боп істеген. 1942 жылы армияға алынып, Шұбаркөлде дайындықтан өтіп, Сталинград майданында ұрыстарға қатысқан. Солтүстік Кавказ аумағында арқасынан жараланып, 1944 жылы елге қайтарылған. 1946 жылы үйленген, жұбайы Зияда Шаяхметқызы екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді, 11 немерелері бар. Әуелі Алғабас бастауыш мектебінде, кейін Шұбаланда мектеп меңгерушісі боп істеді. Сырттай оқып Мендіқара педучилищесін бітірген еді. 1972 жылы дүниеден өткенге дейін туған ауылы - «Торғай» кеңшарында ұстаздық етті. Отан соғысына қатынасушы ретінде Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің айтулы жылдарында мерекелік медаль-белгілермен атап өтілді. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» мерекелік медалімен марапатталған.


Джангельдинский район




Қалиев Балғожа

       1911 жылы Торғай уезінің Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. Сауатын САУЖОЙ мектебінде ашқан. Соғысқа дейін әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда малшы боп істеген. Әскерге 1942 жылы ақпан айында алынып, Калининград майданында, Прибалтиканы азат етуге қатынасқан. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін «Ерлігі үшін» медальмен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Ұлы Отан соғысы қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен үнемі аталып отырды. 1994 жылы өмірден озды. Артында 1 қызы, 5 жиені қалды. Бейбіт уақытта КПСС ХХІ съезі атындағы кеңшардың озат шопаны болып, аудандық, облыстық деңгейде талай алғыс – мақтауға ие болды. «Еңбек ардагері» медалінің иегері.


Джангельдинский район




Қалиев Жүніс

       1906 жылы Торғай уезі, Тосын болысының Қаракөл ауылында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған. 1942 жылы мамырда майданға аттанды, 1942-1943 жылдары 1124 атқыштар полкінде соғысты. 1943 жылы 23 қарашада ауыр жараланып госпитальға түседі. Ерлігі үшін ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады. Әскери-медициналық комиссияның қорытындысымен 1945 жылы елге оралады. Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, сондай-ақ Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілеріне ие болды. Ұзақ жылғы кеңшарда мінсіз қызметі үшін «Еңбек ардагері» медалімен де аталып өтілген. Өзі 1984 жылы дүниеден озды. Артында 1 баласы, 5 немересі бар.


Джангельдинский район




Қалиев Жұмағазы

       Қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Ақшығанақ ауылында 1923 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Торғай әскери комиссариаты 1942 жылы 15 наурызда әскерге шақырған. Шұбаркөлде дайындықтан өткен соң, Сталинград шайқасына қатынасады, 88 атқыштар полкінде жаумен ұрыста болады. 1943 жылы 14 қазанда жараланып, госпитальға түседі. Ұрыс қимылдарына қатыса алмайтын болған соң, елге қайтарылған. Онда ұжымшарда мал бағады. 1944 жылы қарашада шаңырақ көтереді. Сол жылдан бастап ұжымшар, кеңшарда жылқы бағып, 1979 жылы зейнеткерлікке шығады. Бүгінгі таңда 5 бала, 8 немере, 1 шөбере көріп отыр. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің айтулы күндерінде мерекелік медаль-белгілерімен марапатталған. Бұл күнде Арқалық қаласында тұрады.


Джангельдинский район




Қалиев Жұмағазы

       1923 жылы Қостанай облысы, Жангельдин ауданы, Тосын ауылында туды. Әскерге 1942 жылы Жангельдин аудандық комиссариаты арқылы алынып, Сталинград майданында, 88-атқыштар полкінде снайпер болды. 1943 жылы ауыр жараланып, елге оралды. Жангельдин ауданының «Ақшығанақ» колхозы, кейін ХХІ партъезд совхозында аға жылқышы болып істеді. 1986 жылы зейнеткерлікке шықты. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және 11 мерекелік медальдармен марапатталған. Қазір Арқалық қаласы, Родина елді мекенінде тұрады.


Джангельдинский район




Қалиев Жұмабай Қалиұлы

       1910 жылы 14 ақпанда Қостанай облысы, Аманкелдi ауданындағы Бейнетқорқ ауылында дүниеге келген. Мереке ауылында «Егiнбұлақ» колхозында бригадир болған. 1941 жылы мамыр айында соғысқа аттанды. 1943 жылы қабырғасына оқ тиiп, госпитальда 9 ай емделiп жатқан. Жазылған соң, қайта майдан шебіне аттанды. Соғыстан 1945 жылы жеңiспен келген. Смоленск, Харьков, Воронеж қалаларын азат етуге қатысқан, Балтық теңiзiнде соғысты аяқтаған. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлік еңбегі үшін» медальдарымен және мерекелік медальдармен марапатталған. Елге оралған соң колхозда бригадир болып қызмет атқарған. Жұбайы Нұрмағанбетқызы Сақи екеуi отбасылы болып, 4 ұл 2 қыз тәрбиелеп өсiрген. 1983 жылы 23 қарашада дүнеден өттi.


Наурзумский район




Қалиев Жалкен (Жармұхамбет)

       1900 жылы Қарақоға болысында өмірге келген. Торғайда Ы.Алтынсарин ашқан 2 сыныпты орыс-қазақ мектебін бітірген. Кейін Орынборда рабфакта оқып, бірақ тұрмыс жағдайымен аяқтай алмаған. Көп жылдары Жітіқарада, «Құмақ» алтын кенінде жұмыс істеген. Әскерге 1941 жылы алынып, соғыстың соқпақ жолдарымен Берлинге дейін барған. Елге келген соң өмірден өткенше (1954 жылы) Жангелдин атындағы ұжымшарда шопан боп еңбек етті. Ол кісінің 2 баласынан тараған ұрпақтары Арқалық, Торғай қалаларында тұрып жатыр.


Джангельдинский район




Қалиев Кенжеғара Қалиұлы

       1922 жылы 1 қаңтарда туған. 1942 жылы күзде соғысқа шақыртылып, 8 ай уақыт өткен соң қолынан жарақат алып елге оралған. Науырзым ауданында мұғалім болып қызмет істеді. Кішкентай балалар мен қоса, оқу мен жазу білмеген үлкен азаматтарға да білім берді. Бейбіт жылдары Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде бірнеше рет мерекелік медальдарымен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Отбасында жұбай екеуі 9 бала тәрбиелеп өсірген. 27 немере, 4 шөбере сүйген. 2006 жылы 16 сәуірде қайтыс болды.


Наурзумский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика