Қалиев Мұса 1907 жылы Торғайдың Ақкөл аумағында туған. САУЖОЙда және ауыл молдасынан сауатын ашқан. 1941 жылы әскерге алынған. Белоруссия жерінде ұрыстарға қатнасқан. Соғысты Приморье өлкесінде жапондарға қарсы ұрыста жүріп аяқтады. Елге 1946 жылдың басында оралды. Көп жылдар бойы бірыңғай шопан боп істеді. Бейбіт уақытта үздік еңбегі үшін талай марапатқа ие болды. Соғысқа қатысушы ретінде мерекелік медаль, белгілермен атап өтілді. Өз аулында 1988 жылы дүниеден өтті. Артында қалған 2 баладан 12 немерелері бар. Джангельдинский район |
Қалиев Насыбай 1924 жылы 15 қазанда Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1940 жылы шақырылып, 597 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап елге келген. 1994 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қалиев Оспан 1919 жылы Қостанай облысы, Батпаққара ауданы, №10 ауылында туған. Аудан орталығында оқып, бастауыш білім алған. 1932 жылы Қостанай қаласындағы есепшілер дайындайтын курсты бітіріп, 1934 жылдан Совпарт школда оқыған. 1941 жылдың тамыз айында әскерге шақылырды (Торғай АӘК-нен), Курск доғасындағы ұрыста 522 АН құрамында пулеметшілер взводын басқарған. Поныри ауданы маңындағы ұрыста ауыр жараланып, госпитальда ұзақ емделіп, 1944 жылы елге оралады. Елге келген соң аудан колхоздарында есепші болып жұмыс істейді. 1950-1955 жылдары аралығында Жанкелдин ауданындағы «Еңбек» колхозында есепші, кейін колхоз басқармасына сайланады. Кейін Аманкелді ауданына көшіп келіп, аудандық мал бордақылау мекемесінде жұмыс істеп зейнеткерлікке шығады. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың медальдарымен марапатталған. Жанұясында 8 баласы, 28 немере, 11 шөбересі бар. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қалмағамбетов Тоқтар 1920 жылы Аманкелді ауданына қарасты Социал ауылында туған. Әке-шешеден ерте айырылды, ағайындарының ортасынд жетім өсті. 1940 жылдың тамыз айында әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысына қатысты, 24 теміржол полкі құрамында майданның алғы шебінде жаумен талай айқастарда болып, ерлік көрсетті. Германияны жеңгеннен кейін, милитаристік Жапониямен болған соғысқа қатысып, 1948 жылдың 24 наурызында елге оралды. Өмірінің біраз жылдары бойы қалалық сауда-тамақтандыру мекемесінде жүк тасушы болды. Отбасылы, екі бала тәрбиелеп өсірді – Фарит пен Фариданы. Соғыстағы ерлігі үшін Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 84 жасына қараған шағында дүниеден өтті, Қостанайда жерленді. Амангельдинский район |
Қалмағанбетов Жағыпар 1924 жылдың 1 сәуірінде Аманкелді ауданы Жаңа ауыл ауылдық кеңесінде туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 331 АД, 1229 АП қатарында бөлімше командирі болған. ІІ Украина майданында соғысып, Венгрия, Польшаны азат ету ұрыстарына қатынасқан. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» және 8 мерекелік медальдармен марапатталған. 1944 жылы жараланып елге оралған. Елге келген соң, аудан мекемелерінде басшы қызметтерде істеген. 2006 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қалмурзин Әлмұхан 1920 жылы Аманкелді ауданы, Жаңа ауыл ауылдық кеңесінің Үрпек ауылында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 92 АД, 10 дербес АБ құрамында соғысқан. 1944 жылы жараланып, әскер қатарынан босаған. Елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанша мектепте ұстаз болған. 1997 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қамитбеков Ғалым Торғай өңірінің Аменгелді ауданына қарасты шалғайда жатқан Мұқыр ауылында 1922 жылдың 1 тамызында тұған. Өсе келе, ауыл мектебінің табалдырығынан аттап, сегізінші сыныпты бітірді. Осылай қалыптасып келе жатқан бейбіт өмірді қиыр батыстағы бұрқ ете қалған соғытың жалыны шарпып өтті. Жасы 19-ға енді толған ол, өзімен тетелес жастармен бірге армия қатарына алынды. Сегіз айлық әскери дайындықтан өттіп, Украина жеріндегі қиян-кескі ұрысқа қатысады. Соғыста екі жылдай болады. Курскі түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, госпитальге түседі, есінен айырылып ұзақ жатады. Бірнеше ай емделіп, екінші топтағы мүгедектігін алып, еліне қайтады. Соғыстан кейінгі өмірі оқу-ағарту саласымен тығыз байланысты болды. Мендіқара қазақ педагогикалық училищесіне 1947 жылы түсіп, төрт жылдан кейін толық курсын бітіріп шықты. Кейін Ақтобедегі мұғалімдер институтында сырттай оқыды. Өз мамандығымен 40 жыл жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Бұл күндері Ғалым ағай мен сүйікті жары Нұржамал апай жеті бала тәрбелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, немерелі-шөберелі болған бақытты жанұяның абзал жандары. Костанайский район |
Қамитбеков Ғалым 1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданының Қайғы ауылында туған. Әскерге 1942 жылы ақпанда Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 520-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік төрт медальмен марапатталған. Әскерден келген соң, «Степняк» совхозында жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қанапин Қожа 1910 жылы Торғай өңірінің Тамқамыс деген жерде дүниеге келген. 1935 жылдан шофер мамандығын алып, сол тұста аудандық тұтынушылар одағында Құлет, Тайғара, Құбаш төртеуі Торғайдың машина рөліне алғашқы отырған азаматтары болды. Содан 1941 жылы қазан айында Ұлы Отан соғысына аттанды. Балтық майданында соғысты, Ленинград, Кенигсберг қалаларын жаудан азат етті. Бірнеше рет жараланды. 1946 жылы елге оралды. Бұрынғы кәсібінде еңбек еткен, барлығы ғұмырының 75 жасқа дейін машина рөлінен қол үзген жоқ. Аудандық коммуналдық шаруашылық, редакцияда т.б. мекемелерде жемісті еңбек етіп құрметке бөленді. Қожа ақсақалдың кіндігінен бір қызы бар, немерелерімен шөберелері осы Торғайда. «Лениградты азат еткені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» және Жеңістің медальдарымен марапатталған. Соғыс және еңбек ардагері 1995 жылы ауыр науқастан дүниеден озды. Джангельдинский район |
Қанафин Сұлтанбек 1922 жылы бұрынғы Торғай уезі, Қараторғай болысы, Үрпек ауылында туған. 1941 жылы қазан айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 219 АП құрамында Украина майданында қатардағы жауынгер болған. Әскер қатарынан 1945 жылы мамыр айында босап, елге оралған. Жауынгерлік ерлігі үшін І дірежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ жеңістен кейінгі мерекелік медальдары бар. Осы ауданның А.Иманов атындағы совхозында әр салада жұмыстар істеген. Жаұясында ұл, қыздары мен немерелері бар. 1995 жылдың желтоқсан айында қайтыс болған. Амангельдинский район |