![]() Мұстафин Өтен Мұқанұлы 1926 жылдың 15-ші тамызында Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Татьяновка селосында туған. Әскер қатарына 15 желтоқсан 1944 жылы алынып, Шұбаркөл қаласында әскери дайындықтан өткен. 1945 жылыдың наурыз айында ІІ Белорус майданына қатысып, Минск қаласын жаудан босатқан. Сәуір 1945 жылы 303 атқыштар полкінің құрамында Одер өзені үшін болған үлкен шайқасқа қатынасқан. 9 мамыр 1945 жылы соғыстың жеңіспен аяқталғанын естіп, Росток қаласында өткен әскери парадқа қатынасқан. 1947 жылы 303 атқыштар полкі таратылып, қолбасшының бұйрығымен Орал әскери округіне қарасты Сведловск қаласына көшірілген. Осы жерде 1950 жылдың сәуір айына дейін әскери борышын өтеген. Елге келген соң ішкі істер бөліміне жұмысқа орналасып, 1981 жылы зейнеткерлікке шыққан. Отан соғысындағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және 6 мерекелік медалімен, ішкі істер саласындағы жақсы қызметі үшін 5 медальмен марапатталған. Қазір Арқалық қаласында тұрады. |
![]() Мұстафин Мағаз 1916 жылы Торғайдың Тосын елді-мекенінде дүниеге келген. Бастауыш деңгейінде сауаты бар. 1934 жылдан 1942 жылға дейін Тосын ауылдық кеңесіне қарасты Жаркешу ұжымшарында еңбек етті. 1942 жылдың ақпан айында әскер қатарына алынды, әуелі 125 атты әскерлер полкінде, кейін 234 қосалқы атқыштар полкінде соғысты. 1943 жылдың тамыз айынан 1944 жылдың қараша айына дейін 38, кейін 36 жеке жұмысшы батальонында қатардағы жауынгер міндетін атқарды. Жарақат алғаны бар. 1945 жылдың қараша айында армия қатарынан босатылды. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Елге оралғаннан кейін әр түрлі жұмыстар атқарды. 1954 жылдан әуелі ұжымшарда кейіннен кеңшарда жылқы шаруашылығын дамытуға үлкен үлес қосты. Ауданның «Ең үздік жылқышысы» атанды. Бүкілодақтық көрмеге қатысты. Аудандық, ауылыдқ кеңестердің депутаты болып сайланды. Джангельдинский район |
![]() Мұттақов Жәкіжан 1905 жылдың ақпан айында Наурзым елінде дүниеге келген. Ағайынды ұш азамат Молдақ, Жәкіжан және Мұқан Амангелді ауданының әскери комиссариатында дайындықтан өтіп, Ұлы Отан соғысының қаћарлы 1942 жылы ел қорғауға майданның ең ауыр шебіне аттанды. Алғашқы ұрысты Сталинград түбіндегі сұрапыл шайқаста бастаған. Осы соғыста кіші інісі Мұқанды жоғалты. Ағасы Молдақ майданда ауыр жарақат алып,госпитальда емделіп, тұған еліне 1945 жылы наурыз айында оралды. Өзі болса соғысты Украина, Белоруссия жерлерінде жалғастырып, жау қолында қалған қалаларды босатуға қатысты. Соғыс аяқтала, түған еліне аман есен оралып, еңбекке араласты. Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін бірнеше медальдармен марапатталған. Елге келгеннен кейін 1948 жылдан Науырзым жерінде, қазіргі Науырзым қорығының табиғи байлығын қорғап, егерь болып еңбек етті. 1959-1972 жылдары Коктал совхозында ағаш шебері болып жұмыс істеді. Жұбайы Телбатия екеуі 4 ұл, 7 қыз бала тәрбиеледі, 18 немере, 2 шөбере сүйген. Соғыс және еңбек ардагері 1987 жылдың 7 желтоқсанында қайтыс болды. Наурзумский район |
![]() Мұхамбетжанов Байғоныс Қазіргі Қостанай облысы, Аманкелдi ауданында 1915 жылы дүниеге келген. Осы ауданда қызмет еткен. 1941 жылы әскер қатарына шақыртылды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстағы ерлiк iстерi үшiн І дәрежелі Отан соғысы орденiмен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» және Жеңістің мерекелік бес медальдарымен наградталған. Елге оралған соң қызмет еткен. Жұбайы Бияжан екеуi 7 бала тәрбиелеп өсiрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған кiсiлер. Байғоныс Мұхамбетжанұлы дүниеден өттi. Наурзумский район |
![]() Мұхамбетов Әлімжан 1897 жылы қазіргі Әулиекөл ауданындағы елді мекенінде дүниеге келген. Колхоздың малын баққан. 1942 жылы майданға аттанды. Варшаваны, Берлиндi азат етуге қатысқан. 1946 жылы елге оралды. Зейнеткерлiкке шыққанша мал баққан. Ол І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. 1994 жылы қайтыс болды. Артында ұрпақтары – 4 ұл, 1 қыз және олардан тараған немерелерi қалды. Наурзумский район |
![]() Мұхамбетов Айдар 1918 жылы Торғайдың Тосын құмында өмірге келген. 1939 жылы Алматы облысындағы Түрген педагогикалық училищесін бітірген. Еңбекші қазақ ауылында мұғалім болып жүргенінде әскерге шақырылды. 1941 жылдың тамыз айынан соғысқа кіріп, қанды айқастың бірінде немістерге тұтқынға түседі. 125 атқыштар полкінде жауынгер еді. 1945 жылдың сәуір айында Кеңес әскерлері босатып алады. 1945 жылдың мамырынан 1946 жылдың маусымына дейін 5-ші трофейный батальон құрамында болды. Неміс тұтқынында болуы салдарынан кеңестік қауіпсіздік органдары тарапынан көптеген аяусыздықты бастан кешірді. Торғай әскери комиссариаты 1947 жылдың желтоқсанында есепке қабылдаған. Жұбайы Сабыркүл Айса қызы екеуі өмірге үш ұл, екі қыз келтірді. Өзі 1984 жылы автобазада қоймашы болып жүрген кезінде дүниеден өтті. Ұрпақтары Астана, Қостанай, Арқалық, Торғайда өмір сүруде. Джангельдинский район |
![]() Мұхаметжанов Әмірхамза 1926 жылы Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесіне қарасты Ағайдар ауылында туған. 1945 жылы қаңтарда әскерге Аманкелді АӘК-нан шақырылып, 1945 жылдың мамырына дейін 298 АП құрамындағы 2 мехбатта жауынгер болған. Елге келгеннен соң, осы аудандағы Абай колхозы, кейін «Коммунизм жолы» совхозында жүргізуші болып көп жыл жұмыс істеген. І дәрежелі Отан соғысы орденімен және соғыстан кейінгі мерекелік медальдармен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медальдарымен марапатталған. 1994 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Мәдиев Әлім 1918 жылы Торғайдың Шилі аулында туған. Елдегі алғашқы механизатордың бірі. Ұжымшарда жүргізуші боп істеген. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасып, Белоруссия майданында ұрыстарда болған. Бірнеше жауынгерлік медальдары бар. Елге оралған соң, әуелі ұжымшарда, кейін кеңшарда жүргізуші боп еңбек етті. Зейнетке 1978 жылы шығып, күзетшілік міндетін атқарды. Жұбайы Ағайша екеуі 10 бала өсірген үлкен отбасы. Өзі 1986 жылы қайтыс болды. Слғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталған. Джангельдинский район |
![]() Мәдиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Костанай облысы, Таран аудынының Кіндіксай ауылында туған. Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай педучилищесінде сырттай оқыған. 1942 жылдың ақпанында әскер қатарына Семиозер АӘК-нан шақырылып, 250-ші атқыштар полкінің құрамында соғысқа қатысқан. 1942 жылдың 19 қыркүйегінде ауыр жарақат алып № 241 эвакогоспиталында емделді. 1943 жылы 8 қантарда медициналық комиссияның әскерге жарамсыз деген шешімі бойынша 3 топтағы мүгедек болып елге оралады. Көп ұзамай өзінің бұрынғы кәсібі-ұстаздыққа кіріседі. 1954 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін бастауыш мектептің мұғалімі болып Семиозер ауданының Қожағөл, Иінқұдық, Қосжалтыр, Таран ауданының Кіндіксай, Достияр, Жамбаскөл, Ақтөбе, Қайындыкөл атты елді-мекендерінде қызмет атқарған. Оразалы қарт соңғы кезіне дейін Таран ауданы, Мақсұт селосында тұрды. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген, 9 немеренің, 3 шөберенің, жиен-жиеншарлардың қызығын көрген. «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. 1973 жылы қайтыс болды, Мақсұт селосында жерленген. Тарановский район |
![]() Мәженов Қапсұлтан 1916 жылы туған. Білімі жеті кластық. Әскерге дейін аудандық халық сотының қосшы биі болған (заседатель). Ұлы Отан соғысына қатнасып, Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған. Соғыс кезінде санбатта істегенінің арқасында аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы да болған. Елге аты жайылған әзіл-сықақтың иесі еді. Соңғы жұмысы жұмысшылар кооперациясының төрағасы болды. Өзі 1969 жылы кенеттен дүниеден өтті. Ұрпақтары Алматы, Торғай қалаларында өмір сүруде. Джангельдинский район |