Аяхметов Болтай Родился в 1906 году. На фронтах Великой Отечественной войны служил рядовым в 14 и 294 отдельном автобатальоне с июня 1941 года по май 1945 года. Награжден орденом Отечественной войны ІІ степени, юбилейными медалями.
Камыстинский район |
Бүркітбаев Иманбек Жүнісұлы 1926 жылдың 1 наурыз айында Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты «Кеңтүбек» колхозында дүниеге келген, бұрынғы №5 ауыл. 1944 жылы Жасбуын жеті жылдық мектебін бітіріп, осы жылдың қазан айында армия қатарына шақырылып, 168-ші атқыштар дивизиясының құрамындағы 298-ші атқыштар полкінде Одер өзені жағасында неміс әскерімен кескілескен ұрыс жасап, Одер өзенінің жағалауындағы Зееловский биіктігін алды. 26 сәуір 1945 жылы полк Берлин қаласының іргесінде бекініп, поляк дивизиясына қолдау жасады. Негізгі міндеті: поляктармен бірлесе отырып, немістердің гестапо, бандер, власовшылардың топтарын қоршап, құртып жіберу болды. Жеңіс күнін, 9 майды Лукенвильд қаласында қарсы алды. Соғыс біткен соң Эрфурт қаласында әскери қызметін жалғастырды. 1948 жылы елге оралып, аудандық байланыс торабында қызмет атқарып, кейін «Қазақстанның 40 жылдығы» совхозындағы байланыс бөлімшесіне бастық болып тағайындалады. Осы жұмыстан 1988 жылы зейнеткерлікке шығады. Отан соғысы ордені және бірнеше медальдармен марапатталған. Қазір жанұясында 9 ұл, 1 қыз, 20-дан астам немере-шөберелері бар қадірменді ардагер. Амангельдинский район |
Бәйішов Ғалымжан 1925 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында дүниеге келген. Аманкелді орта мектебінен оқып білім алған. 1943 жылдың маусым айында соғысқа аттанды. Украина майданында 333-ші Қызыл тулы Синельников атындағы атқыштар дивизиясының құрамында 76 мм зеңбірек дивизиясының зеңбірек көздеушісі болады. Киев қаласы үшін болған кескілескен ұрыста алғашқы рет жараланып, Стерлітамақ қаласындағы госпитальда емделіп, 14 артийллерия полкінде резервте болады. 1944 жылдың мамыр айында 15-ші Ленинград Қызыл тулы Суворов орденді Бас ставканың 35-ші артийллерия бригадасының 667-ші полкінің қарауына жіберіледі. Соғыста Эстонияның Тарту қаласын, Германияның Кенингсберг, Гданск портын, Дрезденді жаудан азат ету ұрыстарына қатынасады. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» тағы басқа 8 медальдармен марапатталған. 1950 жылға дейін Эстония, Карелия жерінде елді қалпына келтіру жұмыстарына қатынасады. 1950-1952 жылдары КазПИ-де оқып, өзінің туған жері Аманкелді ауданында, өмірлік жолдасы Клара Құдайбергенова екеуі жас ұрпаққа білім берді. 1954 жылы аудандық партия комитетінің саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі, Крупская атындағы совхоздың партия ұйымынын хатшысы, аудан мекемелерінде партия ұйымының хатшысы болып көп жылдар басты қызмет атқарды. Артында ұл, қыздары бар. Немере, шөбере сүйіп абзал ақсақалды қария болды. 1994 жылы 28 қазанда қайтыс болды. Амангельдинский район |
Бөкеев Нұрахмет 1909 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелдi ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Аманкелдi ауданында колхозда бастады. 1942 жылы наурызда әскерге алынды. Майдандағы ерлiк iстерi үшiн Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. Елге оралған соң кеңшарда қызмет еткен. Жұбайы Нәзия екеуi отбасылы болып, 6 бала тәрбиелеп өсiрген, 2 ұлын ұяға, 4 қызын қияға қондырған кiсi. 1988 жылы дүниеден өттi. Наурзумский район |
Бөкеев Нұрахмет 1910 жылы бұрынғы Қараторғай болысы, қазіргі Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесіне қарасты Қарасу ауылында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 94 арт.полк құрамында көздеуші жауынгер болған. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдармен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен және жеңістің мерекелік үш медалімен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап елге келіп, колхозда жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Бөлекбаев Балғабай 1921 жылы Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы шілдеде Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 580 АП құрамында қатардағы жауынгер болып, 1942 жылы шілдеде Калинин облысы, Руднинка деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Бiрмағамбетов Жолмағанбет Қазіргі Қостанай облысы, Аманкелдi ауданында 1912 жылы дүниеге келген. 1941 жылы соғысқа барған. Майданда жарақат алып, госпитальға түскен. Жазылғасын қайта аттанып, екінші рет ауыр жараланады. Осы жолы әскерге жарамсыз болған соң, елге 1944 жылы қайтады. Ұжымшарда бригадир болған, шаруашылықтың қалыптасуына өзінің мол үлесін қосқан. Жұбайы Балай екеуi отбасылы болып, 6 бала тәрбиелеп өсiрiп, немерелер көрген кiсi. Наурзумский район |
Бақтияров Тұңғышбай 1925 жылы Қостанай облысы, Семиозер ауданының Өмірбек ауылында дүниеге келген. 1941 жылы неміс-фашист басқыншылары тұтқиылдан соғыс ашқанда, еліміздің түпкір-түпкірінен ер-азаматтары соғысқа аттанған болатын. Жасы 17 толған соң, 1942 жылы Семиозер аудандық әскери комиссарияты арқылы Бақтияров Тұнғышбай әскер қатарына шақырылды. Сұрапыл соғыстың қиындықтарын көріп, майданда артиллерист болған. 1945 жылы шайқастардың бірінде қол-аяқтан жарақаттанып госпитальда емделді, 3-ші топтағы мүгедек болуына байланысты соғысқа жарамсыз болып елге оралды. Соғыстағы ерліктері үшін Отан соғысы орденімен, мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Науырзым жерінде ауыл шаруашылығында әр-түрлі салада көп жылдар еңбек етіп, елге адал еңбегін сіңірген. 2005 жылы соғыс және еңбек ардагері қайтыс болды. Наурзумский район |
Бабаев Кулам Ахмедович Бабаев Кулам Ахмедович, рядовой, воевал Партизанский отряд им.Щорса соединения им.Сталина при ВС 4-го Украинского фронта с января 1943 г. по март 1945г.
Житикаринский район |
Бабаин Николай Александрович Родился в 1916 году. С 1941 по 1945 год служил в рядах Красной Армии. Воинское звание – старшина. Принимал участие в освобождении Воронежа, Ростова, Севастополя, воевал в Румынии. Алтынсаринский район |