![]() Мясоедов Егор Никитович Род. в 1915г. Годы службы:1942-1945гг. Участник боев на Ленинградском ф-те. Воинское звание – рядовой, пехотинец. г.Костанай |
![]() Мятиш Семен Лукич 1905 г. рождения. Призван в сентябре 1941 г. Воевал в составе 426 СП, стрелок, 401 артполк, командир отделения разведки. Демобилизован в мае 1945 г. Проживал в п. Московский. Награды: орден Красной Звезды, медаль "За отвагу". Костанайский район |
![]() Мятиш Семен Лукич Родился в 1905 году. В боях Великой Отечественной воевал на 1-м Украинском фронте. Воинское звание – лейтенант. Награжден орденом Красной Звезды.
г.Рудный |
![]() Мячев Кузьма Никифорович Родился в 1904 году, проживал в Николаевской области. Призван в армию в 1940 году Балитановским РВК. Участвовал в боях в составе п/п. 70933. С 1942 года по болезни проходил лечение в эвакуационном госпитале № 5360. Аулиекольский район |
![]() Нұғманов Қайырбек 1918 жылы Торғай қаласында туған. Әскер қатарына 1939 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысы басталғанда 744 атқыштар дивизиясы құрамында ұрысқа кірді. 1941 жылы 23 шілдеде сол қолынан ауыр жараланған. Елге тек 1947 жылдың аяғында келген. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдын, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері, оған Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік белгі-медальдармен марапатталып отырды. Бейбіт уақытта оқу бөлімі, аурухана мекемелерінің шаруашылық жағын басқарды. Жұбайы Диқанбайқызы Жұмагүл екеуі 8 бала, 15 немере, 5 шөбере көрген жандар. Қайырбек ақсақал 1988 жылы өмірден өтті. Джангельдинский район |
![]() Нұғыманов Мұхамбетриза 1924 жылы 16 ақпанда Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1942 жылы шақырылып, 164 АП құрамында бөлімше командирі болған. 1944 жылы Полтава қаласы үшін болған ұрыста жараланып, 1 топтағы соғыс мүгедегі болып, елге оралған. Әскери атағы сержант. Соғыста «Ерлігі үшін» медалімен, І дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Елге келген соң, комсомол, ауаткомда жауапты қызметтер атқарған. 1970 жылы дүние салды. Амангельдинский район |
![]() Нұғыманов Нұржан 1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1941 жылы тамыз айында шақырылып, соғыста 103 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1944 жылы Ленинград облысы Капицы деревнясы үшін болған ұрыста жаралы болып, елге оралған. 1944 жылы наурыз айының 13 жұлдызында өмірден өтті. Амангельдинский район |
![]() Нұғыманов Нұржан 1912 жылдың 1 қаңтарында Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №4 ауылында туған. 1935 жылға дейін Аманкелді ауданының «Тельман» колхозында колхозшы болған. 1937 жылы «халық жауы» деген жаламен 25 жылға сотталып, Владивосток қаласында жазасын өтеген. Сол жерден 1942 жылы әскерге алынып, 44 атқыштар дивизиясы, 146-атқыштар полкінде атқыш болған. 1944 жылы ауыр жараланып елге келген. Еңбекке араласты, Ленин атындағы колхоздың мал шаруашылығында, 1963 жылдан «Родник» совхозында қоймашы болып, 1970 жылы зейнеткерлікке шықты. Отан соғысы ордені, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және 8 мерекелік медальдары бар. Он бала тәрбиелеп өсірген. 1994 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Нұғыманов Сабыржан 1923 жылы 9 қазанда Торғайдың Жаркөл ауылында туған. 1942 жылы армияға алынған, Сталинград майданында пулеметчик болған. 1944 жылы ауыр жараланып, елге оралған. Қызыл Жұлдыз ордені және медальдармен марапатталған. 1972 жылы 49 жасында дүние салған. Елге оралғасын механизатор, малшы болып еңбек еткен. Қалған ұрпағы Нұғыманов Қайырбек Сабыржанұлы кезінде ауданның кеңшарларында бас зоотехник болып қызмет атқарды. Қатардағы жауынгер Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен атап өтілген. Джангельдинский район |
![]() Нұрғазин Қызылбай 1909 жылы Торғай қаласында туған. Иванов мектебінің екі сыныбын бітірген. Аудан мекемелерінде қызмет істеген. Соғысқа 1941 жылы алынған. Бұл кісінің майдандағы ерліктері туралы Әзілхан Нұршайықов, басқа да жергілікті авторлар бірнеше жазды. Барлауға барған бір сапарында 15 немісті тұтқынға әкелгені, ол бір төбе. Қызыл Жұлдыз ордені, «Ерлігі үшін» медалі т.б жауынгерлік наградалары соның айғағы. Әскерден келген соң, аудандық ауылшаруашылық мекемесінде бастық болды, кейін «ІІІ Интернационал» ұжымшарын басқарды, «Бестау» кеңшарында бөлімше меңгерушісі, Шилі жұмысшылар кооперациясының төрағасы қызметтерін атқарды. 1980 жылы қайтыс болды. Джангельдинский район |