Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Нұрғазин Ерден

       1920 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Саға ауылында туған. 1941 жылы маусым айында әскерге алынған. 1943 жылдың маусымына дейін Солтүстік Кавказ майданында қатардағы жауынгер болса, кейін аға лейтенант Воронеж және І Белорусь майданында атқыштар ротасының командирі болды. 1948 жылы Түркістан әскери округінің бұйрығымен запасқа жіберілген. Әскердегі ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған, кейін соғыс ардагері ретнде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен атап өтілді. Әскерден келгеннен кейін Семиозерда әскери комиссариатта істеген, Аманқарағай стансиясында ауыл әкімі болған. Туған жерге келіп кеңшардың мұнай базасын басқарды. 1995 жылы дүниеден озды. Артында үйлі баранды болған 4 ұлы бар, әр қайсысы хал-қадырынша еңбек етіп, ата абройын ілгері апаруда.


Джангельдинский район




Нұрғазин Мырзақан

       1921 жылы ақпан айының 17-сі күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданының бұрынғы Сартал ауылдық кеңесіне қарасты Қабырға өзенінің жағасында дүниеге келген. 1940 жылы Қостанайдағы акушер-фельдшер дайындайтын мектепті бітірген, содан кейін Қызыл Армия қатарына алынып, Подольскідегі №469 госпитальға санитарлыққа жіберілген. Госпиталь 2 гвардиялық армия, І Белорусс майданының қарамағында болды. Жау шегіне бастағанда, госпиталь да далалық жағдайға көшіп, армиямен бірге үнемі әскери жағдайда болады. Майдан әскерлері Латвияны, Литваны, Шығыс Пруссияны жаумен кескілескен ұрыспен босатып, Кенигсберг қаласын алады. Госпиталь осы қаладан 10 шақырым қашықтықта орналасады. Соғыстың аяқталуын сол жерде қарсы алды. «Ерлігі үшін» медальдың, Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденнің және мерекелік медальдардың иегері. Елге оралғаннан кейін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда эпидемиолог-дәрігер, осы мекеменің меңгерушісі, кейін аудандық ауруханада рентгенолог болып көп жыл қызмет істеп зейнеткерлікке шығады. 11 баласы, олардан туған немере-шөберелері бар.


Амангельдинский район




Нұрғалиев Қазанғап

       1922 жылы Торғайдың Шилі өңірінде туған. Шиліде жеті жылдық мектеп бітірген. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасты. Белоруссия, Украина жерінде жаумен ұрыстарға қатынасып, бірнеше рет жараланды. Жауынгерлік медалі бар. Әскерден кейін ұжымшарда, кейін кеңшарда қойма меңгерушісі боп істеді. Кейін жұмысшылар кооперациясында төрағаның сауда жөніндегі орынбасары міндетін атқарды. Соғыс мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. 2003 жылы туған аулында дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Нұрғалиев Хамит

       1919 жылы 15 қыркүйекте қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылдың қазан айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 182 арт.полкте бағыттаушы болған. Әскерден 1944 жылы Воронеж қаласы түбінде жаралы болып, елге оралған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұрғожин Бажақай

       1900 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 26 АД құрамында қатардағы жауынгер болған. 1945 жылы босап, елге келген. 1990 жылы қайтты.


Амангельдинский район




Нұрбаев Қыпшақбай Рақымжанұлы

       1925 жылы 24 шілдеде қазіргі Қостанай ауданында туған. 1942 жылы Затобол аудандық әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылады. Майдан жолын Украинаның астанасы Киев қаласын азат етуден бастап, фашизмнің ордасы Берлинді талқандаумен аяқтады. Отан соғысы орденімен, «Будапешті алғаны үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдармен марапатталды. 1945 жылдан Семиозер ауданының Диевка селосында малшаруашылығында жұмыс істеді. Одан кейін 1959-1980 жылдар аралығында «Көктал» совхозында мал шаруашылығымен айналысты. Зейнеткер, соғыс ардагері. Немере, шөберелерінің ортасында аман-есен жүріп жатыр. Қарамеңді ауылы Науырзым ауданында тұрады.


Наурзумский район




Нұрбаев Махмұт

       1922 жылы Аманкелді ауданы, Ақайдар деген елді мекенінде туған. Соғыс басталған жылдың қарашасында майданға аттанады. Москва түбіндегі 316-шы атқыштар, кейін 8-ші гвардия, генерал Панфилов атындағы дивизия құрамында, 1075 полкінің 1 батареясының наводчигі болып соғысқа қатысады. Холма қаласын алудағы түнгі шайқаста ауыр жараланып (бұл 20 сәуір 1942 жыл), Саратов қаласындағы госпитальда жатып жазылып, кейін 40-шы артиллериялық дивизионға жіберілді. Онда да наводчик болып, 1943 жылдың тамыз айына дейін болады. Екінші рет соғысқа Харьков түбіне кіріп, қаланы алуға қатысты. Кейін соғысқа қатысқан жерлері: Украина, Чехословакия, Молдавия, Румыния, Венгрия. Соғыс аяқталғаннан кейін, 1945 жылдың 6 қараша күні комиссияға түсіп, әскерге жарамсыз деп танылды. Алматыға келіп оқуын жалғастырған. 1953 жылы жұбайы Сара екеуі елге оралады. Қорғасын орта мектебінде мұғалім, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, аудандық порткабинеттің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қайынды, Сары-Торғай, Байғабыл орта мектептерінде директор болған. Соңғы кездері аудандық оқу бөлімінің методкабинетінің меңгерушісі, аудандық кешкі жастар мектебінің директоры қызметтерін атқарған. Соғыста алған белглері ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», жеңіске арналған мерекелік медальдар. 2001 жылы мамыр айында дүниеден өтті. Сегіз баласы бар, олардан 26 немере және 4 шөбере сүйген.


Амангельдинский район




Нұрбаев Тұралы

       1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1940 жылы әскерге алынып, соғыста 684 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Елге келген соң, колхозда бөлімше басқарушысы болып жұмыс істеген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұрболов Нұрсейіт

       1913 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, 1 Май ауылдық кеңесінде туған. Әскер қатарына Торғай АӘК-нан 1940 жылы шақырылып, соғыста 103 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден1948 жылы босап, елге келген соң, бригадир, кейін шопан болып еңбек демалысына шығып, 1994 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұржақыпов Шөптібай

       1925 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Жаркөл ауылында туған. 1943 жылы Торай әскери комиссариаты әскерге жібереді. Украина майданында ұрыстарға қатынасып, сол республиканы жаудан азат етуге қатынасты. Соғыста бір аяғынан айырылды. Соғысқа дейін орталау мектеп бітірген Шөкең кейін колхоз-совхоз бухгалтерін дайындайтын курстарды аяқтады. Елге 1950 жылы оралды. Біраз жыл ұжымшар партия ұйымын басқарды. Жұбайы Қамал екеуі 10 бала өсірді. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік істері үшін Отан соғысы орденімен, «Украинаны азат еткені үшін» медалімен марапатталған. Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің атаулы жылдарының медаль-белгілерімен атап өтілген. «Тың жерлерді игергені үшін», Лениннің мерекелік медальдарымен марапатталған. 1996 жылы дүниеден өтті.


Джангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика