![]() Сүттібаев Әбдірахман 1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. 1943 жылы қаңтар айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 05.1945 жылға дейін 224-ші мин.полкте бөлімше командирі болған. Әскери атағы сержант, алты медальмен мараптталған. Көп жыл бойы есеп қызметінде жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Сұлекеев Ғапбас 1922 жылы 15 сәуірде дүниеге келген, туған жері Аманкелді ауданына қарасты № 5 ауыл. 1942 жылдың 7 наурызында әскер қатарына алынды. Соғыс аяқталғанша алтыншы кавалериялық полктің 43 гвардиялық механикалық атқыштар бөлімінде қатардағы жауынгер болып, талай қантогіс ұрыстарға қатысты. Соғыстан кейін 1946 жылдың қараша айының 15 дейін әскери қызметін атқарып, еліне оралды, еңбекке араласты. Аманкелді ауданының Сарыторғай совхозында сатушы, зоотехник, бөлімше басшысы, кеңшар директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары болды, барлық еңбек өтілі - 43 жыл. «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медальдарымен марапатталған, және Жеңіске арналған тарт мерекелік медальдардың иегері. 1983 жылы 10 желтоқсанда тәңір қазасынан дүние салды. Амангельдинский район |
![]() Сұлтанов Жағыпар Жақсылықұлы 1924 жылы Семиозер ауданының Құшмұрын колхозында туған. 1942 жылы Семиозер аудандық комиссариатынан соғысқа аттанған. Онда минометші болды. Майдандағы ерлігі үшін екі рет Қызыл Жұлдыз орденімен, үш рет «Ерлігі үшін» медалімен және «Кенигсбергті алғаны үшін» медалімен марапатталды. Майданнан 1947 жылы оралды. Өзі туған Құшмұрын колхозында колхоз төрағасының орынбасары, төрағасы болып жұмыс атқарды. Бесағаш колхозының төрағасы болды. 1954 – 1962 жылдары Калинин атындағы совхозда парторг қызметін атқарды. Кейін жаңа құрылған Науырзым ауданының «Раздольный» совхозына парторг қызметіне тағайындалды. Ал 1963 жылы «Көктал» совхозына парторг қызметіне ауыстырылды. Еңбекте ерекше табандылық танытты. Қайда еңбектенсе де, үлкен беделге кемелген, абыройлы, беделді кісі еді. Жұбайы Балдырған екеуі төрт ұл мен бес қызды дүниеге келтірді. Жағыпар 1965 жылы кенеттен қайтыс болды. Балаларды жұбайы Балдырған өсіріп - өндіріп, 23 немере, 11 шөбере сүйіп отырған бақытты ана. Наурзумский район |
![]() Сәменов Шалдыбай 1923 жылы 1 қаңтарда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында туған. 19 жасында әскерге алынып, Смоленскі қаласының түбінде соғысқа кірді. Смоленск, Воронеж, Липецк, Кенигсберг қалаларын азат етуге қатынасты. Қызыл Тулы Симферополь гвардиялық артиллерия полкінің құрамында болды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін Бас қолбасшы И.В.Сталиннің құттықтау хатына ие болды. Сонымен бірге Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» және 11 мерекелік медальдармен мараптталды. Елге 1947 жылы оралды. Содан 1983 жылы зейнеткерлікке шыққанша Арқалық ауданы, «Қайынды» совхозында жүргізуші болып жұмыс істеді. Балалары бар. Немере, шөбере сүйіп отыр. Қазір Арқалық ауданы, «Қайынды» ауылында тұрады. Наурзумский район |
![]() Сәтбаев Кенжеғали 1911 жылы қазіргі Аманкелді ауданы А.Иманов атындағы совхозда туған. Торғай АӘК-нан 1940 жылы әскерге шақырылып, соғыста 147 АП құрамында болып, 1943 жылы Смоленск облысының Горь-Халиповка деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Елде ағаш шебері болып жұмыс істейді. 2001 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Сәтбаев Шәкір 1912 жылы қазіргі Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Сармойын селосында туған. 1 қаңтар 1942 жылға дейін Түбек орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған. Әскер қатарына аудандық әскери комиссариаты арқылы 10 сәуір 1942 жылы алынып, 400-ші жеке байланыс батальонында курсант болып, кейін сол батальонда байланысшы болған. 1945 жылдың қараша айында елге оралған. Сол жылдан бастап, 1972 жылға дейін Әулиекөл ауданына қарасты Түбек орта мектебінде мұғалім болған. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен мараппатталған және Бас Қолбасшы И.В.Сталиннен екі рет алғыс алған. Әскери атағы – жауынгер. Әйелі Сәтбаева Орынбасар екеуі 1 ұл, 8 қыз тәрбиелеп өсірген. 1974 жылдың желтоқсан айында қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Сәуекенов Дәурен 1925 жылдың қазан айында қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Шилі өңірінде дүниеге келген. 1942 жылы Шилідегі орталау мектепті тауысты. 1943 жылдың басында әскерге алынады. І және ІІ Украин, І Белорус майдандарында, 2-ші гвардиялық армияның 16-ші танк корпусының 66-ші гвардиялық танк бригадасында жүріп, неміс-фашистермен соғыстың бел ортасында болды. Ұрыс даласындағы ерлігі Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Ерлігі үшін» жауынгерлік медалімен, басқа да Кеңес Одағының 14 медальдарымен атап өтілді. Армия қатарынан 1950 жылдың тамыз айында ғана елге оралды. Сол жылы Торғай аудандық партия комитетіне нұсқаушылық жұмысқа шақырылды. 1958 жылдан бастап Алматы жоғары партия мектебінде оқыды. Кейін Жангелдин ауданында партия, кеңес органдарында аса жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. 1969 жылдан 1987 жылға дейін аудандық халықтық бақылау комитетін басқарды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін көп жылдар бойы аудандық соғыс және ардагерлері кеңесінің төрағасы болды. Жұбайы екеуі ұл-қыз өсіріп, немере-шөбере сүйю бақытына ие болған жандар. 2001 жылы дүниеден өтті. Джангельдинский район |
![]() Сағитов Ертай 1921 жылы Науырзым ауданы, Өлеңдi оңiрiнде дүниеге келген. Әскер қатарына 1941 жылдың 17 маусымында Қостанай облыстық әскери комиссариатынан шақыртылған. 1942 жылдың 10 қазанында соғыс даласында болады, 46-шы атқыштар дивизиясы құрамында шайқасқан. 1943 жылы күзде Великие Луки төңiрегiнде танк полкi құрамында шайқасқа қатысып, ауыр жараланды. Госпитальда емделгеннен кейін екінші топтағы соғыс мүгедегі болып елге оралған. ІІ дәрежелі Даңқ орденімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен және мерекелік медальдармен марапатталған. 1948 жылдан 1982 жылға дейiн Өлеңдi төңiрегiнде еңбек еттi. «Еңбек ардагері» медалімен, «Халықтар достығы» орденімен марапатталды. Жұбайы Ақбөпiшпен 7 бала өсiрiп, немере-шөбере сүйген бақытты жандар. 1995 жылы қайтыс болды. Наурзумский район |
![]() Сағындықов Еңсебай 1909 жылы бұрынғы Қайдаул болысы, қазіргі Аманкелді ауданы, Құмкешу ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1941 жылы шілде айында шақырылып, Шұбаркөл қаласында әскери дайындықтан өткеннен кейін, соғыста 533 АП құрамында Ленинград майданында болған. «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. Әскерден босап келгеннен кейін, осы ауданның Киров атындағы колхозда, кейін «Қазақстанның 40-жылдығы» совхозында қойшы болып жұмыс істеген. 1987 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Сабабаев Нуруш Родился в 1909 г. Место проживания Кустанайская обл., Семиозерный район. В 1941 году призван Семиозерным РВК, 15 гв.стр.полк. Войнское звание мл.сержант. Ранен 4.10.1943 г., на лечении в эг 2434. (Дополнение) Является участником Севастопольской битвы 1941-1942 г.г. Также участвовал в Сталинградской битве, после которой получил ранение. В 1944-1945 годах участвовал в военных действиях на Дальнем Востоке против Японии.
Вернувшись с Великой отечественной войны в совхоз Сулукульский, работал чабаном до выхода на пенсию.
Вместе с супругой Акжунус вырастил четырех сыновей и двух дочерей.
В последние годы жизни жил в поселке Октябрьский (бывший Октябрьский район) ныне Карасуский район Костанайской области.
9 апреля 1991 году ушел из жизни. Похоронен в поселке Октябрьский. Аулиекольский район |