![]() Сейдахметов Қадыр 1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Пахтаарал АӘК-нан 1942 жылдың қыркүйек айында әскерге алынып, соғыста 556 АП құрамында бөлімше командирі болған. Әскери атағы сержант. Ерлігі үшін алты медальмен марапатталған. Соғыстан кейін «Родник» совхозында жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Сейдахметов Аманжол 1917 жылы қазіргі Аманкелді ауданы Жаңа ауыл ауылдық кеңесінде туған. 1940 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылған, майданда қатардағы жауынгер болған. 1946 жылы әскерден босап келген соң, колхозда жұмыс істеп, еңбек демалысына шығып, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Сейдахметов Байбол 23 наурыз 1926 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылында туған. 1944 жылдың қараша айында Жангелдин аудандық әскери комиссариаты арқылы Қызыл Армия қатарына алынады. ІІ Белоруссия майданында соғысады. Әскери борышын өтеп, елге 1950 жылы оралады. Бірнеше жыл есепшілік қызмет атқарып, 1953 жылы Жангелдин аудандық ішкі істер бөліміне учаскелік инспектор болып жұмысқа орналасып, осы салада 33 жыл еңбек етеді. Көп жылдар ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары болып подполковник шенінде зейнеткерлікке шығады.Соғыстағы және еңбектегі ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» және 9 мерекелік, 4 ішкі істер қызметінің медальдарымен марапатталған. Жұбайы екеуі 4 бала тәрбиелеп өсірген. 2006 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Сейдахметов Балтабай 1922 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданының қазіргі Ақшығанақ ауылдық округінде дүниеге келген. 1939 жылдан Торғай аудандық дайындау мекемесінде статист әрі дайындаушы болды. 1942 жылы армия қатарына шақырылды. ІІІ Украин майданының 465 атқыштар полкінде, кейін 80 гвардия дивизияда ұрыстарға қатнасты. Запорожье қаласын жаудан азат ету шайқасында ауыр жараланып, 1944 жылы мүгедектігіне байланысты елге оралды. Соғыс даласындағы жанқиярлық ерліктері «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Жеңістің атаулы жылдар орден-медальдарымен белгіленді. Тумысынан есеп-қисапқа өте жүйрік азамат 1944 жылдан бастап аудандық банк жүйесінде аға бухгалтер, кейін бас бухгалтер және несие инспекторы, аудандық ауылшаруашылық инспекциясында аға нұсқаушы-бухгалтер, аудандық жоспарлау комисиясына аға экономист жұмысында болды. Аудандық кеңес атқару комитетінің жауапты хатшысы, аудандық партия комитетінің нұсқаушылық міндеттерін аброймен атқарды. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының төрағалығы жұмысында да болды. 1971-1977 жылдар аралығында КОКП ХХІ съезі атындағы кеңшарды басқарды. Соғыс және еңбек ардагері Еңбек Қызыл Ту, Отан соғысы орденімен, сондай-ақ 12 медальмен, республикалық, облыстық басшы орындарының Мақтау қағаздарымен атап өтілді. Жұбайы Кәмпит Шалабайқызымен екеуі 10 бала тәрбиелеп өсірді. Немере-шөбере сүйді. 2003 жылы 81-ге қараған шағында бақиға озды. Джангельдинский район |
![]() Сейдахметов Жұманазар 1922 жылы 15 мамырда Аманкелді ауданы, Амантоғай ауылында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 465 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1944 жылы Воронеж облысының Поповка селосы үшін болған ұрыста жараланып, І топтағы соғыс мүгедегі болып, елге оралған. Елге оралғаннан соң мал маманы болып көп жыл жұмыс істеген. 1999 жылы дүние салды. Амангельдинский район |
![]() Сейдахметов Жанахмет 1919 жылы қаңтар айында Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Бестам деген жерде дүниеге келген. Серіктестікте, кейін колхозда жұмыс істеген. 1939 жылы армия қатарына шақырылып, Смоленск қаласында әскери міндетін өтеп жатқанда, Ұлы Отан соғысы басталады. Неміс басқыншыларымен сол жерде кескілескен ұрысқа қатынасады. 1942 жылдың шілде айында Воронеж қаласының оңтүстігіне қарай Дон өзенінің жағалауында 219 дивизияның атқыштар батальоны немістердің шебін бұзып өтіп, Новый Оскол, Белгород, Волжанск қалаларын жаудан босатады. 1943 жылдың тамыз айында Дала фронтының әскерлері неміс шебін бұзып, шабуылға шығып, Днепр өзені бойындағы Кремнчуг қаласын азат етеді. Осы ұрыста ауыр жараланып, госпитальда емделіп, сол жылдың аяғында елге оралады. «Ерлігі үшін» медалімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталады. Сонымен қатар жеті мерекелік медальдары бар. Елге келгеннен кейін осы ауданның Андрев атындағы колхозда 14 жылдай бас есепші, кейін бригадир, Крупская атындағы кеңшарында Есір мал бордақылау бөлімшенің қойма меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 1976 жылы зейнеткерлікке шығады. Артында 2 ұл, 3 қыз,10 немере, 3 шөбересі бар. 1992 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
![]() Сейдахметов Махмет 1916 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Бүйректал ауылында туған. 1941 жылы маусымда Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 590 АП құрамында жауынгер болған. 1941 жылы қыркүйек айында қоршауда қалып, жау қолында 1945 жылдың мамыр айына дейін тұтқында болған. Елге келген соң, «Бүйректал» совхозында жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Сейдельдинов Зейнула Родился в поселке Лукьяновка Семиозерского района Костанайской области в 1921 году. Являлся участником Великой Отечественной войны. С фронта вернулся инвалидом 3 группы. Умер 21 ноября 1985 года в селе Сосновка Наурзумского района Костанайской области. Наурзумский район |
![]() Сейденов Егінбай 1926 жылдың тамызында Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық округі, Кемер ауылында туған. 1944 жылдың қараша айында әскерге Аманкелді АӘК-нан шақырылып, 2 Армияның 298 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жау әскері шегінде қала, селоларда қалған жаудың жеке топтарын жоюға қатынасқан. Әскер қатарынан 1950 жылы босап, елге келген. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Елге келгеннен кейін осы ауданның «Коммунизм жолы» совхозында шофер, кейін шопан болып жұмыс істеген. Жанұясында 4 ұл, 4 қыз және немере, шөберелері бар. 1978 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Сейдильдин Бөкеш 1921 жылы 1 сәуірде Аманкелді ауданы, Үрпек ауылында туған. Әскер қатарына 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, 520 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1943 жылы Харьков облысының Лебединка селосы үшін болған ұрыста жараланып, ІІ топтағы соғыс мүгедегі болып, елге оралған. Аудан мекемесінде қызмет істеп, зейнеткерлікке шығып, қайтыс болған. Амангельдинский район |