![]() Сейділденов Зейнолла 1921 жылы туған. Әскер қатарына 1942 жылдың 10 тамызында Семиозер әскери комиссариатынан шақырылған. Елге 1945 жылы 9 желтоқсанда оралады. 133 атқыштар полкiнда, 72 атқыштар дивизиясында соғықа қатысқан. Наурзумский район |
![]() Сейдуев Базарбай Тургаевич Родился 1 августа 1925 года в поселке Коктал Семиозерного района. 10 июня 1942 года призван в ряды Красной Армии. После шести месяцев подготовки в Чебаркуле, направлен в состав II Украинского фронта, 77-й батальон противотанковых орудий. Участвовал в боях по освобождению городов и сел Украины. По заданию командования сражался в партизанских отрядах и соединениях. Был ранен, лечился в Ашхабадском госпитале. Демобилизован в июне 1944 года. Вернувшись на родину, трудовую деятельность продолжил в поселке Коктал. До 1953 года разнорабочий фермы №3 Сулукульского совхоза. Потом до выхода на пенсию в 1981 году старший чабан отделения Коктал. С супругой воспитали 9 детей: шесть дочерей и троих сыновей. Награды: орден Отечественной войны II степени, медали Маршала Советского Союза Жукова Г.К., юбилейные медали. Умер 24 мая 2005 года. Аулиекольский район |
![]() Сейілов Жұмабай 1921 жылы Қызылорда қаласында туған. Әскерге 1940 жылы Торғай әскери комиссариаты арқылы шақырылған. Әуелі 167 атқыштар дивизиясында курсант болды. 1941 жылдан 1945 жылдың мамыр айына дейін Ұлы Отан соғысына қатысты, екі рет жараланды. Елге 1947 жылы келген. Соғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарының белгі-медальдармен наградталған. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Жұбайы Гүлшира екеуі 9 бала тәрбиелеп өсірген. Жұмекең елге келген соң сауда жүйесінде қойма меңгерушісі, товаровед болып істеді. Балаларынан немере, шөберелері бар. Ардагер 1995 жылы наурыз айында дүниеден өтті. Джангельдинский район |
![]() Сейілов Мұқыш 1920 жылы Торғай өңірінің Қайынды аулыныда туған. 1940 жылы кезекті әскер қатарына алынып, содан Ұлы Отан соғысына қатынасады. 270 дивизия, 3 батальонның 7 рота құрамында І Белоруссия майданында болған. 1945 жылы ауыр жараланып, елге оралады. Отан соғысы орденімен және бірнеше соғыс, еңбек медальдарымен наградталады. Соғыстан кейін Сарыторғай совхозында еңбек етеді. 1995 жылы қайтыс болған. Джангельдинский район |
![]() Сейітқасымов Ысқақ 1893 жылы Торғай уезінің қазіргі Шеген аулында туған. Білімді әуелі ауыл молдасынан алған, кейін Торғайда Иванов мектебінде оқыған. Серіктестікте істеп, өзінің бейімділігі арқасында аудан орталығындағы «Қызыл Ту» артелінде тігіншілікте істеген. 1942 жылдың наурыз айында армия қатарына шақырылған. Украин майданының 214 запастағы полкінде 1 жыл, 235-ші бөлекше ротада 2,5 жыл қызыл әскерге киім тігумен айналысқан. Соғыс кезінде «Ерлігі үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарымен марапатталған. Ұрыста алған жарақаты бар. Армиядан 1945 жылы босап келген. Бейбіт өмірде Торғайдағы балалар үйінің шаруашылық жағын басқарды. Ұлы Отан соғысының қатынасушысы ретінде Жеңістің мерекелік медаль-белгілерімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Жұбайы Алтынсары Бижанқызы екеуі 12 перзент көріп, соның 2 ұл, 1 қызының ғана өскенін көре алды. Қазір 15 немересі бар. Джангельдинский район |
![]() Сейлов Ұқыш 1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Қайынды ауылдық кеңесіне қарасты Сарыторғай деген жерде туған. 02.1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 484 арт.полкте бөлімше командирі болған, әскери атағы аға сержант. Жауынгерлік Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Әскер қатарынан елге келіп, Сарыторғай совхозында шопан болып жұмыс істеп, еңбектегі табыстары үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі» үшін медальмен марапатталған. 1996 жылы қайтыс болған. Жанұясында ұл, қыздары мен немерелері бар. Амангельдинский район |
![]() Сейсенов Канаш Родился в 1902 году в селе Экпенды, ныне Мендыкаринского района Костанайской области. Трудовую деятельность начал в своем селе разнорабочим. Участник Великой Отечественной войны, инвалид второй группы. Женился в 1946 году, имеет пятерых детей. Имеет юбилейные медали в честь победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. и юбилея Вооруженных Сил СССР. Мендыкаринский район |
![]() Сейтқазин Дәуітбай 1906 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Ақсай деген жерде туған. Сол жердегі бастауыш мектепте оқып, кейін Ақсай серіктестігінде жұмыс істеген. 1942 жылы 22 маусым айында Торғай әскери комиссариатынан армия қатарына шақырылған. Соғысқа алғашқы рет Ленинград майданында фашистерге қарсы ұрысқа қатысады. 1943 жылдың басында Карелофинн майданында Петрозаводск қаласын немістерден азат етеді. Одан кейін бұл полкті ІІ Украина майданына жібереді. Батыс Украина, Венгрияның Карпат тауындағы кескілескен ұрысқа қатысады. Соғысты Венгрия жерінде аяқтайды. Жарақаттанып, госпитальда емделіп, 1946 жылдың басында елге оралады. «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдармен марапатталады. Елге келгеннен кейін колхозда қой фермасының меңгерушісі, кейін совхоз ұйымдасқанда бөлімше меңгерушісі болып көп жыл еңбек етеді. 1967 жылы зейнеткерлікке шығады. 1968 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
![]() Сейтқасымов Боқан 1921 жылы 19 сәуірде Жангелдин ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1941 жылы қараша айында әскерге шақырылып, майданда 520 АП құрамында қатардағы жауынгер болып, 1943 жылы Калинин облысының Зайцево деревнясы үшін болған ұрыста жараланып,1 топтағы соғыс мүгедегі болып, елге оралған. Көп жыл бойы Аманкелді ауданында есеп қызметінде жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан. 1998 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Сейтқожин Әмірбек 1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Сартал ауылдық кеңесінде туған. Әскер қатарына 1940 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, 511 АП жауынгер болған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келген. Колхозда жұмыскер болған. 1984 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |