Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Әбілдин Жүніс

       1911 жылы Торғай уезі, Қаракөл ауылында туған. 1928 жылы әкесі тәркілеуге жатқаннан кейін әр жерде жүріп күзетші, қойшы болып жұмыс істеген. Жұмыс істей жүріп өз бетінше сауат ашқан, Торғай жеті жылдық мектебін 1936 жылы бітіріп шыққан. 1937-1939 жылдары Торғайда мектепте «Пионер үйінде» жұмыс істеген. 1939 жылы Тосын советінде Саужойда мұғалім болып жұмыс істеп, 1940 жылы Мендіқара педучилищесіне оқуға түскен. 1941 жылы әскерге шақырылған. 24 атты әскер полкінде жүріп соғысқан. 1943 жылы тұтқынға түскен, одан қашып шыққан. Москваны қалпына келтіруде құрылыста істеген. Елге келген соң, Тосын ауылдық кеңесінің бастауыш мектептерінде меңгеруші, мұғалім болған. Кейін Киров мектебінде шаруашылық жөнінен және интернаттың меңгерушісі болды. 1947 жылы семья құрған. 8 баласы (7 ұл, 1 қыз), 28 немере, 7 шөбересі бар. Өзі 1995 жылы 20 шілдеде дүние салды.


Джангельдинский район




Әбілдин Мырзалым

       1920 жылы Жангелдин ауданы Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. Орта мектепті Торғайда, кейін Омбы қаласындағы мектеп-интернатта оқыған. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан Ұлы Отан соғысына аттанған. Соғыстан 1946 жылы, Қиыр Шығыстағы жапондықтармен болған шайқастан кейін елге оралған. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медалдарымен, соғыстан кейін Отан соғысы орденімен, көптеген даталы медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін мамандығы бойынша жұмыс атқарады. Мамандығы мұғалім, Ақтөбе педагогикалық училищесін тәмамдаған. Еңбек жолын 1946 жылдан бастап, еңбек демалысына шыққанға дейін 37 жыл бойы Жангелдин ауданының бірталай мектептерінде мұғалім болып қызмет атқарған. «Халық ағарту қызметінің озаты» атағын иеленген. Зайыбы Шоқпарқызы Қаныммен бірге жанұяда 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген. Балаларынан 15 немере, 8 шөбере көрген. Мырзалым ата зайыбы Қаным екеуі 55 жыл отасып, Қаным әже 2002 жылдың қараша айында, Мырзалым ата 2003 жылдың наурыз айында дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Әбілдинов Әбдіқамал

       1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 03.1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 42 АП құрамында қатардағы жауынгер болып, 06.1943 жылы жараланып елге оралған. Ерлігі үшін 3 медальмен марапатталған. Елге келіп, көп жыл бойы колхоз, совхоздарда жұмыс істеп, зейнеткерлікке шығып, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбілдинов Тұрсынбек Қозыкеұлы

       1925 жылы 25 желтоқсанда Торғай ауданының Шұбалаң ауылында туған. 1943 жылдың қаңтарында Жітіқара ауданында 9 сыныпта оқып жүргенде әскер қатарына алынған, Орал әскери округінің 3 атты әскер полкінің 6 дивизионында барлаушы болған. 1944 жылдың мамырынан тамызға дейін Орал әскери округінің 4 екпінді армиясының жеке барлаушылар ротасында жауынгер. Кейін Прибалтика майданы қарамағында, 332 дивизияның 1119 атқыштар полкінде барлаушы. Соғыстан кейін Глухово қаласындағы өздігінен жүретін артиллерия училищесінде курсант. 1947-1949 жылдар аралығында әскер қатарынан босағанға дейін 738 танкілерді сақтау артиллерия базасында танк командирі. Армиядан келген соң жартыжылдай аудандық әскери комиссариатта іс жүргізуші боп істеді. 1950 жылдан бастап аупартком хатшысының көмекшісі, аудандық спорт комитетінің төрағасы, аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінде аға инспектор боп істеді. 1960 жылдың тамызынан 1963 жылғы шілдеге дейін «Южный» кеңшарында кәсіподақ комитетінің төрағасы боп ауылшаруашылығына араласты. 1963 тен зейнетақыға шыққан. Майдандағы ерен ерлігі Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен және соғыстан кейінгі мерекелік медальдармен белгіленген. Отбасында 3 ұл, 2 қыз өсірген.


Джангельдинский район




Әбілтаев Әбдікәрім

       1921 жылы Аманкелді ауданы №8 ауылда туған. 1929-1935 жылы Семиозер ауданындағы балалар үйінде тәрбиеленген. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 46 гв. АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Лениград қаласын қорғауға қатысып, 23.02.1943 жылы жараланып Киров қаласындағы госпитальда емделіп елге оралған. Колхозда есепші, сатушы болып жұмыс істеп, 1976 жылы зейнеткерлікке шыққан. Жауынгерлік 4 медальмен марапатталған. 1996 жылы қайтыс болған. Артында ұл, қыздары мен немерелері бар.


Амангельдинский район




Әбілтаев Әлшора

       1924 жылдың тамыз айында Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында туған. Аманкелді аудандық әскери комиссариаты арқылы 1942 жылы әскер қатарына алынды. 1943 жылы ауыр жараланып, елге оралады. 1943-1947 жылдары Аманкелді ауданының «Жданов» колхозында колхозшы болды. 1948-1969 жылдары Қостанай облысы, Әулиекөл ауданына қарасты «Жаныспай» станциясында жол бақылаушы жұмысын атқарды. 1969 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбішұлы Шайман

       1905 жылы Торғай қаласында туған. Сауаты бастауыш деңгейінде. 1941 жылы әскерге шақырылып, атты әскер құрамасында жауынгер болған. Сталинград шайқасын бастан кешірген. Бөлімше командирі болған. Киев қаласын азат етуге, Украин майданының құрамында Берлинді алуға қатысқан. 1945 жылы елге оралған соң, көп уақыт ұжымшардың бөлімше басқарушысы болып, мал басын өсіруге үлес қосты. Жұбайы Қалкүл Ділдәбекқызы екеуі ұлағатты ұлдар өсірген үлгілі отбасы. Баласы Жанай кеңшар басқарды, екінші Серігі белгілі журналист, немерелерінің бірі ішкі істер бөлімі басшыларының бірі. Шәкеңнің ұрпақтары бұл күнде Астана, Қостанай, Арқалық, Торғайда тұрып жатыр. Шәкең 1989 жылы қайтыс болды.


Джангельдинский район




Әбішев Ғисса

       1922 жылы Аманкелді ауданы, 7 ауылдық кеңеске қарасты Кемер ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 06.1942 жылы шақырылып, соғыста 615 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 01.1943 жылы жараланып елге оралған. Көп жыл бойы бала оқытып ұстаз және мектеп, кәсіптік техникалық училищеде директор болып жұмыс атқарған. Жауынгерлік 5 медальмен марапатталған. 1996 жылы тамызда қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбішев Қылышбай

       1920 жылы 19 қарашада Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Сарыторғай деген жерде туған. Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 319 АП құрамында қатардағы жауынгер. Армиядан 1948 жылы босаған. 1987 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбішев Жақия

       1916 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Екпінді ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 47 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 01.09.1942 жылдан 05.1945 жылға дейін жау қолында тұтқында болған. Елге келген соң көп жыл бойы малшы болып жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика