![]() Тәжікенов Қарғабай 1923 жылы наурыз айының 8 күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №10 Жаңақоныс ауылдық кеңесіне қарасты, Құмкешу ауылында дүниеге келген. 1942 жылдың сәуірінде әскер қатарына алынады. 312-ші атқыштар полкінің құрамында Дондағы Ростов, Новочеркасск қалаларды, көптеген елді мекендерді азат етуге қатынасады. Кейін 96-шы дивизияның 706 полкінің құрмына ауысып, Белгород, Курск, Орел доғасында жауға қарсы шабуылға шығып, қырғын шайқастан кейін 1943 жылдың маусым айында немістердің бірінші қорғанын бұзіп, оларды шегіндірді. Курск облысының Накиевка қаласы үшін ұрыста Қ.Тәжікенов соғысқан рота жауынгерлері қатты шығынға ұшырап, қоршауға түсіп, жау қолында 1945 жылдың сәуір айына дейін тұтқында болды. Совет әскерлері оларды босатады да тиісті орындардың тергеу, тексеруінен кейін ақталып, 1945 жылдың 25 мамырында армия қатарынан босап елге келеді. Бұрынғы мамандығы бойынша мектепте мұғалім болып орналасып, 1974 жылға дейін ұстаздық етеді. Соғыс кезіндегі ерлігі үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медльдары бар. 1974 жылы қайтыс болды. Артында 8 баласы бар. Амангельдинский район |
![]() Тәпелов Жүніс Есенейұлы 1926 жылдың 6 қаңтар күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген. Мектептен кейін серіктестіктің, колхоздың әр түрлі жұмыстарында болған. 1944 жылдың 26 қарашасында Қызыл Армиясы қатарына шақырылып, алғаш рет 243-ші полктің құрамында атқыш есебінде соғысқа кіреді. Содан 47-ші, 205-ші атқыштар полктерде атқыш болып, Ұлы Жеңісті қарсы алады. Соғыстан кейін әскери қызметін жалғастырады. Бірнеше әскери құрамында міндетін атқарып, 1950 жылдың қазан айында елге оралады. Жеңіске арналған мерекелік медальдармен және Отан соғысы орденімен марапатталады. Елде колхоздың, совхоздың қара жұмысынан бастап, есепші, завхоз, жұмысшылар кооперациясында сатушы болып, абройлы еңбек демалысына шықты. Үш қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірді. 1991 жылдың 7 мамырында дүниеден озды. Амангельдинский район |
![]() Тәшімбетов Жұмағали 1904 жылы қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Жаркөл ауылында туған. 1942 жылдың мамыр айында армия қатарына шақырылған. Сталинград майданында 971 атқыштар полкінде ұрыстарға қатысқан. 1942 жылдың 29 қыркүйегінде ауыр жараланып, эвакогоспитальге түскен. 1943 жылдың ақпан айында соғысқа жарамсыз деп тауып, елге оралған. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», сондай-ақ соғысқа қатнасушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарындағы мерекелік медальдардың барлығын да алған, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Соғыстан қайтып келісімен Сталин атындағы ұжымшарда мал бағуға кірісті. Ерен еңбегі бағаланып, «Еңбектегі ерлігі үшін» медаліне, Қазақ ССР-нің Құрмет грамотасына ие болды. Өмірде екі қыз, бір ұл өсірді, қазіргі күнде 16 немере, 22 шөбересі бар. Джангельдинский район |
![]() Төкеев Ташет 1920 жылы Аманкелді ауданының Науырзым жерінде дүниеге келген. 1941 жылға дейін колхоз жұмысында еңбек етті. Ұлы Отан соғысына 1942 жылы аттанды. Соғыста Т-34 маркалы танкінің жүргізушісі болды. Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі шайқастарға қатысып, алдынғылардың бірі болып Днепр өзенінен өтті. Чехословакияны, Польшаны азат етіп, Берлин операциясына қатысты. Жеңістен кейін елге оралып, тыңда комбайнер болып еңбек етті. 1946 жылы Гүлнар Төлегенқызына үйленді, үш ер, үш қыз бала тәрбиелеп өсірді. Екі мәрте Қызыл Жұлдыз және «Қызыл Ту» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін Қожа жерінде механизатор болып еңбек етіп, көптеген медальдармен және грамоталармен аталып өтті. Наурзумский район |
![]() Төлебаев Қабдолла 1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Қарасу ауылында туған. 08.1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 05.1945 жылға дейін соғыста 76 жеке пулемет батальонында қызмет еткен. Әскери атағы кіші сержант, алты жауынгерлік медальмен марапатталған. Елге келген соң, «Коммунизм жолы» совхозында жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Төлегенов Ғабдуали 1905 жылы Торғайдағы Тосынның Қарақамыс деген жерінде туған. Әскерге алынғанға дейін ұжымшарда еңбек еткен. 1942 жылы мамырда әскерге шақырылған. 4-атқыштар полкінде жауынгер бола жүріп, ауыр жарақат алып, 1943 жылы елге оралған. Соғыстан кейінгі зейнеткерлікке шыққанға дейінгі кәсібі – ұжымшарда, кейін ХХІ партсъезд атындағы кеңшарда жылқышы боп, осы түліктің көбейюіне үлес қосты. 1981 жылы қайтыс болды. Жұбайы Талжібек екеуі 2 ұл, 3 қыз өсірді. Бүгінгі таңда олардан немере, шөберелері бар. Джангельдинский район |
![]() Төлегенов Бекентай 1922 жылы қазан айында Жангелдин ауданы, Жаркөл ауылында туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылдың ақпан айында әскерге алынып, 126 АП құрамында қатардағы жауынгер болып, Курск, Орел қалалары үшін болған ұрыстарға қатынасып, 1943 жылы наурыз айында жараланып, елге оралған. Аманкелді ауданына көшіп келіп, көп жыл бойы аудандық байланыс торабында қызмет істеген. 1989 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Төлегенов Нұржан 1920 жылы Торғайдың Ақкөл аумағында туған. Соғысқа дейін Көкалатта орталау мектепті бітірген. Әскерге 1942 жылы алынған, Қиыр Шығысқа жіберілген. Жапон самурайларымен ұрыстарға қатысқан. Елге 1947 жылы оралды. «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. Коммунист Төлегенов аупарткомның нұсқаушысы, МТС партия ұйымының хатшысы болды. Сырттай зооветтехникум бітірген. 1960 жылы «Қызыл әскер», кейін «Южный» кеңшарында бас зоотехник міндетін атқарды. Алты баласынан тараған біраз ұрпақтары бар. Өзі 1999 жылы туған ауылы Қарасуда дүниеден өтті. Джангельдинский район |
![]() Төлегенов Хамит 1916 жылы 6 қарашада туған. Әскерге 1939 жылы 25 қарашада шақырылған. Финляндиямен болған соғысқа және Ұлы Отан соғысына қатысқан. Майданда 208 атқыштар полкінде взвод командирінің орынбасары болған, аға сержант атағынан старшинаға дейін көтерілген. Кенигсберг қаласын азат еткен. Берлинге жеткен. Елге соғыстан 1946 жылы 15 қарашада оралған. Меңдіқара педагогикалық училищесінде 1945-1948 жылдары сырттай оқыған. Нұрпейіс Байғанин атындағы Ақтөбе пединститутының тарих факультетін 1952-1955 жылдары бітірген. 45 жылдай ұстаздық қызмет атқарған. Соғыстағы ерлігі мен еңбектегі табыстары жоғары бағаланып, «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың, Жеңістің мерекелік медальдарымен, Отан соғысы орденімен және Ленин орденімен марапатталған. 1998 жылы 15 тамызда қайтыс болды, Жамбыл ауылы, Науырзым ауданында. Наурзумский район |
![]() Төлемісов Бисентай 1922 жылы Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы ақпанда Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 1943 жылдың қаңтарына дейін 126-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік төрт медалі бар, елге келіп қайтыс болған. Амангельдинский район |