Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Төленов Хамза

       1919 жылы туған. Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, Ленинград майданында 853 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Кейін 52 мин.полкте минер болған. Әскерден 1945 жылы босап, елге келіп, жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Төлепбергенов Жантай

       Әулиекөл ауданы, Мақсұт ауылында 1920 жылы туған. 1941 жылы соғысқа аттанып, 1945 жылы оралды. Мұғалім болып Таран ауданының Қайыңдыкөл мектебінде істеді. 1950 жылдан Таран аудандық партия комитетінде инструкторлық қызметін атқарған, 1951 жылы Кіндіксай колхозына келіп мұғалім болып жүргенде 1952 жылы қайтыс болды. Артында қалған баласы, немерелері бар.


Аулиекольский район




Төлеубаев Кәримолда Минзятұлы

       1926 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №4 ауылда туған. Аманкелді орта мектебін бітіріп, 1943 жылдың шілде айынан бастап Аманкелді аудандық атқару комитетінде есепші, одан кейін аудандық жинақ кассасында нұсқаушы қызметін атқарды. 1944 жылдың қараша айында Қызыл Армиясы қатарына шақырылды. Отан соғысының ІІІ Белорусь майданында болып, Балтық жағалауын және Кенигсберг қаласын жаудан азат етеді. 1945 жылдың наурыз айында Польшаның Швейднец қаласында Онел-Одерская операциясына қатынасады. 1946-1947 жылдары 36 авиатехникалық полкте қызмет етеді. 1949 жылы елге оралады. Аманкелді аудандық партия және Совет атқару комитеттерінде нұсқаушы, Арқалық ауданы Қайынды орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Қайынды», «Алуа» совхоздарында партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды. 1988 жылы зейнеткерлікке шықты. Әйелі Қатшекен Жапбасбайқызы екеуі тоғыз бала тәрбиелеп өсірді. Олардан 24 немере сүйді. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен бейбіт замандағы ерен еңбегі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. 1992 жылы қайтыс болды.


Аулиекольский район




Төлеуов Абдіхамит

       1923 жылы 10 қазан айында Аманкелді ауданына қарасты Жаңа ауыл деген жерде туған. Сол жердегі орталау мектептен білім алған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатынасады. Қызыл тулы 254-ші танк дивизиясының құрамындағы 149 танк бригадасында атқыш болады. Калинин және Прибалтика майдандарында болған ауыр шайқастарға қатынасады. Жау танкілермен 14 рет бетпе-бет кездеседі, Великие Луки қаласын неміс басқыншыларынан азат етеді. Осы ұрыстардағы ерліктері үшін «Ерлігі үшін» медальімен марапатталады. Рига қаласын немістерден азат ету ұрысында қатты жараланып, дала ауруханасына түседі. Онда жатып емделіп шыққаннан кейін дивизия штабының қарамағына алынып, осы дивизиямен Берлин қаласына дейін барады. Армия қатарынан 1946 жылы босап елге оралады. А.Иманов, «Қарасу» совхоздарында есеп жұмыстарын атқарып, 1950 жылы аудандық халық сотына хатшылыққа ауысады. 1952 жылдан аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет істеп, майор шенімен зейнеткерлікке шығады. 2000 жылдың қазан айында қайтыс болады.


Амангельдинский район




Төлешов Қаби

       1922 жылы Жаркөлде туған. Әскерге 1942 жылдың ақпанында шақырылған. 465 атқыштар полкінде жауынгер, ұрыстардың бірінде аяғынан жараланған. Соғыстан кейін қатарынан сауатты, қоғамшыл Төлешов аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып істеген. Кейін бірыңғай есеп жұмысында, сондай-ақ сауда саласында еңбек етті. Жұбайы Әпуза Фазылбекқызы екеуі еңбекқор ұлдар мен қыздар өсірді. Өзі 1980 жылдары дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Төлешов Хамит

       1915 жылы 15 ақпанда қазіргі Жангелдин ауданында, Жаркөл ауылында туған. 1940 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста Сталинград майданында 106 кав.полкте жауынгер болған. Әскерден 1945 жылы босаған, көп жыл бойы Аманкелді ауданындағы әуежайда жұмыс істеп, еңбек демалысына шыққан.1970 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Төребеков Қожабек

       1896 жылы Торғайың Сужарған ауылында туған. Ауылда молдадан сауат ашқан. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда шығырмен егін салған. 1941 жылы маусым айында әскерге алынған. Ленинград майданында соғысқан. Үш рет жараланған. Ауылдас жолдасы Имекенов Кәжен немістің танкісі басып қала жаздағанда сүйрелеп аман алып қалғанын айтады екен. 1944 жылы қарашада елге келіп мал баққан, шығырмен су шығарып бақша еккен. 1960 жылдан бастап «Албарбөгет» кеңшарының «Сужарған» бөлімшесінде шопан болған. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін атаулы жылдарда мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. 1966 жылы зейнетке шығып, 1981 жылы туған ауылында дүние салды. Қазірде ұл-қыздарынан тараған ұрпақтары өмірден лайықты орын алып, ел қатарлы тұрмыс кешуде.


Джангельдинский район




Төртбаев Қапар

       1924 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Тосын ауылында туған. 1935 жылға дейін Қостанай балалар үйінде тәрбиеленген. 1941 жылы Торғайда 9 класс бітірген. Аудандық «Социалистік ауыл» газетінің есепшісі боп қызмет істеген. 1943 жылы әскерге шақырылып, майданға аттанды. 384 атқыштар полкінде атқыш боп ұрыстарға қатынасты. Армия қатарында 1947 жылға дейін болды. «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Сондай-ақ бейбіт күндері Жеңістің, Қарулы Күштерінің атаулы жылдарында мерекелік медальдар мен І дәрежелі Отан соғысы орденіне ие болды. 1947 жылдан 1949 жылға дейін аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1951 жылға дейін аудандық комсомол комитетінің ІІ-хатшысы боп істеді. 1956 жылдан Тосын аулында сауда мекемесін басқарды, КОКП ХХІ съезі атындағы кеңшарда жұмысшылар комитетінің төрағасы болды. 1968 жылдан бастап аудандық «Союзпечать» мекемесін басқарды. 1971 жылдан бастап аудандық тұтынушылар одағында қойма меңгерушілігі жұмысында зейнетке шыққанға дейін болды. 2001 жылдың басында бақиға өтті. Артында үлгілі ұлдары мен тәрбиелі қыздары және 15-тей немерелері бар.


Джангельдинский район




Т?ремуратов Мугадар Т?ремурат-?лы

       Т?ремуратов Мугадар Т?ремурат-?лы родился 28 марта 1917 года в поселке Талды-коль Камышинского района Костанайской области. Участник Великой Отечественной войны. В 1942 году был призван в Красную Армию. Участвовал в освобождении Сталинграда. В боях был ранен. Освобождал территорию Украины в составе 213 стрелкового полка. Демобилизован из Советской Армии в декабре 1945 года. После войны работал в поселке Жаилма Камышинского района, с 1946 г. по 1950 г. в тресте «Джетыгарзолото» на шахте. В 1951-1967 годы работал в поселке Актасты Житикаринского района на различных сельскохозяйственных работах. С супругой Жамал Каштаевной воспитали двоих детей - дочь и сына. Отмечен наградами «За взятие Сталинграда», «За победу над Германией в ВОВ 1941-1945 г.г.». В мирное время отмечен почетными грамотами. Награжден медалью «За освоение целинных и залежных земель». Память о нем навсегда в наших сердцах.


Житикаринский район




Таңғатаров Шайсұлтан

       1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. 1941 жылы маусымда Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 05.1945 жылға дейін 3-ші айрықша арт.дивизионда қызмет еткен. Әскери атағы сержант. Қызыл Жұлдыз орденімен, ІІ дәрежелі Данқ орденімен және жеті жауынгерлік медальмен марапатталған. Елде «Коммунизм жолы» совхозында жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика