Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Әлкеев Қасым

       1919 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданында туған. 1940 жылы Боровской АӘК-нан әскерге алынып, 156-шы жеке барлаушылар ротасында барлаушы болған. Мамандығы ұстаз. 1946 жылы әскер қатарынан босаған. Зейнеткерлікке шыққанша мұғалім болған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлкенов Үябай

       1913 жылы 27 наурызда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының № 9 ауылында туған. Соғысқа дейін мұғалім болып жұмыс атқарған. 1941 жылы әскер қатарына Торғай әскери комиссариаты арқылы алынып, жаяу және атты әскер қатарында соғысқа қатынасқан. Варшава, Прага қалаларын азат етуге қатынасқан. Әскер қатарынан 1946 жылы оралған. Елге келген соң «Қызбел» совхозында малшы болып жұмыс істеген. 1973 жылы зейнеткерлікке шыққан. Үш ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірген. 1991 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлмағамбетов Сұлтанғазы

       1922 жылы Торғайдың Қаратоғай аулында дүниеге келген. Әскерге 1941 жылы қазанда алынып, Воронеж бағытындағы ұрыстарда қолынан ауыр жарақат алып, 1943 жылы желтоқсанда елге келген. Әуелі «Қараторғай» ұжымшарында, кейін «Еңбек» кеңшарында үлгілі шопан болды. Қойды қыста қоздатуда тәжрибе жинақтап, басқаларға үлгі болды. Өзі дүниеден өткенімен, ұрпақтары Арқалық, Торғай аумағында қазіргі заман мүмкіндігіне қарай еңбек етуде.


Джангельдинский район




Әлмағанбетов Батыр

       1918 жылы Аманкелді ауданы «Қызыл ту» ауылдық кеңесіне қарасты «Ақсай» ауылында туған.Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК нан шақырылып, соғыста 1290 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Волхов, Ленинград майданында жау әскерімен шайқаста көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және соғыстан кейінгі мерекелік 5 медальмен марапатталған. Әскер қатарынан босап елге келіп, өзінің туған жерінде жұмыс істеген. 2002 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлмағанбетов Сарман

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1942 жылы шақырылып, соғыста 491,841-ші бригада құрамында 282 артполкте зеңбірек көздеушісі болған.1945 жылы елге оралған. Ерлігі үшін бес медальмен марапатталған. Елге келген соң көп жыл бойы шопан болып жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлмағанбетов Торсан

       1900 жылы Аққұм болысында өмірге келген. Ауыл молдасынан сауатын ашқан, әскерге дейін серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. 1942 жылдың шілдесінде соғысқа кетіп, 1945 жылдың қарашасында елге оралған. 87 дивизияның 96 атқыштар полкінде жауынгер болған. «Ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. Торсан ақсақал 1988 жылы Торғайда қайтыс болды.


Джангельдинский район




Әлмамбетов Шеген

       1922 жылы Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Торғай селосында дүниеге келген. 1932-1940 жж. Торғай орта мектебінде оқиды. 1941 жылдың қазан айында әскери борышын өтеуге аттанып, Ұлы Отан соғысына қатынасып, 2 рет жараланады, Калинин-Белорусь майданында бөлімше және взвод командирі болады. 1945 жылдың май айынан КПСС мүшесі, орта білімді. Соғысқа қатынасушы ретінде «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған. 1947 жылы өзінің туған елі Торғайға оралды. Осы жылдан бастап аудан орталығында әр салада үзбестен еңбек етеді. 1961 жылдан – Жанкелдин ауданы Торғай селолық Советінің председателі болып жұмыс атқарады. 1964 жылдан – Жанкелдин совхозрабкооп председателі. 1975 жылы – Жанкелдин аудандық ПМК-1505, трест Тургайсельстрой – 15 мекемесінде кадрлар бөлімінің инспекторы болып жұмыс атқарады. Жұбайы медицина қызметкері, соғысқа қатысқан Екатерина Ивановна екеуі 4 бала тәрбиелеп өсірген, ауданымыздағы үлгілі отбасы болатын. Балаларының бәрі де жоғары білімді, қызметтеріне тиянақты. 1978 жылы тамыз айында Шәкең дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Әлменов Қайыр

       1914 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылы әскерге шақырылып, 841 АП қатардағы жауынгер. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанға дейін әр түрлі жұмыстар істеген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлменов Сәдіман

       1905 жылы бұрынғы Қараторғай болысы, қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 15 АП құрамында ІІ Украйна майданында соғысқа қатынасқан. Смоленск қаласы үшін болған ұрыстағы ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны женгені үшін» медальдарымен және соғыстан кейінгі мерекелік 4 медальмен марапатталған. 1945 жылы мамырда әскер қатарынан босап елге келіп, колхоз, совхоздарда қойшы болып жұмыс істеген. 1998 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлмішев Қойшыбай

       1921 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақыртылып, Ленинград майданында 210-АП қатардағы жауынгер болған. 1943 жылы жаралы болып елге келген. Көп жыл бойы сатушы, есепші қызметінде істеген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика