Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Әубәкіров Қабыкен

       1926 жылғы 25 наурызда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында туған.Әскерге алынғанға дейін колхозшы болған. 1944 жылы 17 желтоқсанда әскер қатарына алынған. 24 атқыштар полкінде қатардағы жауынгер, 321 атқыштар полкінің құрамында соғысқа қатынасқан. 1950 жылдың аяғында елге оралған. 1959 жылға дейін Қостанай облысы, Комсомол ауданында ақша бөлімінде салық жинаушы болып істеген. Кейін Арқалық қаласында экспедитор болып жұмыс атқарған. 1986 жылы зейнеткерлікке шыққан. 9 бала тәрбиелеп өсірген. Алған наградалары: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі және мерекелік алты медалі бар. 1988 жылы қайтыс болған.




Әубәкіров Бадырақ

       1916 жылы Торғайдың Шилі ауылында туған. Мектептің 4 сыныбын бітірген. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда жұмыс істеген. Әскерге 1941 жылы алынып, Смоленск, Москва қалалары үшін болған айқастардың куәсі. Жауынгерлік медальдары бар. Елге келген соң, 1946 жылдан бастап, әуелі ұжымшарда, кейін «Бестау», «Шилі» кеңшарларында шопан болды. Соғыс ардагері ретінде мерекелік марапаттауда болды. 1995 жылы қайтты.


Джангельдинский район




Әубакіров Қабыкен

       25 наурызда 1926 жылы Аманкелді ауданында туған. 1943 жылы қазан айында Федоров АӘК-нан әскерге шақырылып, 321 АП құрамында Молдавия жерін жаудан азат ету ұрыстарында қатынасып, 1950 жылы әскерден босап, Аманкелді ауданында әр түрлі жұмыстар атқарған.


Амангельдинский район




Әубакіров Әуезхан

       1926 жылы Аманкелді ауданында туған. 04.1944 жылы Аманкелді АӘК-нан әскерге шақырылып, 05.1945 жылға дейін 1324 СП құрамында қатардағы жауынгер. Елде бала оқытып, ұстаз болды, зейнеткерлікке шыққан. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әубакіров Естияр

       1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесіне қарасты Қарасу ауылында туған. 1940 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, Ленинград майданында 92-ші гв. АП құрамында соғысқан. Әскери атағы старшина, әскерден 1945 жылы босап, елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанша совхозда мал дәрігері болып жұмыс істеген. Қайтыс болды.


Амангельдинский район




Әубакіров Сәбит

       1925 жылы 5 мамырда Аманкелді аудынының 2 ауылында дүниеге келген. Әскер қатарына 1943 жылғы 7 қаңтарда шақырылып, Орал әскери округінің 382 атқыштар полкында қатардағы атқыш болған. 1943 жылдың 5 наурызында 1516 гвардиялық атқыштар полкының құрамында Брянск майданында ұрысқа кірген. Сол жылдың қазан айында жарақат алып, госпитальда емделіп шыққаннан кейін, І Украин майданында 270 гвардиялық атқыштар полкында зениттік пулеметшілер бөлімшесінің командирі болып ұрыстарға қатысқан. Жеңіс күнін осы полктың құрамында қарсы алған. Әскер қатарында 1950 жылдың наурыз айына дейін болды. Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарымен және соғыстан кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Әскер қатарынан оралғаннан кейін Аманкелді ауданында прокуратурада, әскери комиссариатта, аудандық атқару комитетінде - әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, жоспарлау комиссияның төрағасы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы және бірқатар мекемелерде есепші және экономист болып еңбек етіп, 1985 жылы зейнет демалысына шықты. Еңбектегі жетістіктері үшін «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен, «Ерлік еңбегі үшін Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» мерекелік медалімен наградталған. 1993 жылдың 9 наурызында қайтыс болды. Бес баласы, жеті немересі бар.


Амангельдинский район




Әуезбаев Ақзамиден

       1907 жылы Торғай уезінің Албарбөгет болысында туған. Шала сауатты, ауыл молласынан дәріс алған. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек етті. 1941 жылы ақпанда әскерге Торғайда алынған. Ленинград майданында ұрыстарға қатынасқан. Соғыста жаралы болып, контузия алып елге оралған. Келгеннен бастап әуелі ұжымшарда, кейіннен «Албарбөгет» кеңшарында шопан болды. 1967 жылы зейнетке шықты. 1981 жылы дүниеден өтті. Артында 9 баласы, бірнеше немерелері мен шөберелері бар. Өте діндар, имандылыққа елді шақыратын тақуа ақсақал еді.


Джангельдинский район




Әуезбеков Айдарбек

       1914 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскерге 03.1942 жылы алынып, соғыста 201 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 05.1944 жылы жаралы болып, әскер қатарынан босаған. Елде көп жыл бойы малшы болып жұмыс істеген. Жауынгерлік 3 медальмен марапатталған. 1992 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әуезбеков Ыбния

       1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. 1941 жылы желтоқсан айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 157 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. І Украина майданындағы ұрыстарға қатынасып, әскер қатарынан 1946 жылы босаған. 1989 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әшіров Әбдікамал

       1918 жылы Қайдауыл болысы «Ағашты көл» ауылында туған /Аманкелді ауданы/ Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, Ленинград майданында 511 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1944 жылы жараланып, 1 топ мүгедегі болып елге оралған. Жанұясында ұл, қыздары мен немерелері бар. 1995 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика