Біржанов Әбдір 1918 жылы Аманкелді ауданы, 1 Май ауылдық кеңесіне қарасты «Кеңшабын» ауылында туған. Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, 58 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1943 жылы Эстонияның Куули деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, госпитальда емделіп, әскер қатарына жарамсыз болып елге оралған. Көп жыл бойы колхозда жұмыс істеген. «Ерлігі үшін» медалімен және соғыстан кейінгі үш мерекелік медальдармен марапатталған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Біржанов Жанайдар 1910 жылы қазіргі Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Құмжота ауылында дүниеге келді. Соғысқа дейін колхозда әр түрлі жұмыстар атқарды. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін, 1943 жылы 14 қаңтарда әскерге алынды. Смоленск қаласын қорғауда 1229 атқыштар полкі құрамында атқыш болды. Соғыстың қызған шағында ауыр жарақат алып, госпитальға түсті. Бірнеше ай емделуден кейін, Белоруссия майданына қайта алынды. 1945 жылы желтоқсан айында әскер қатарынан босатылып, өз ауылына оралды. Көп жылдары ұжымшар мен кеңшерда ферма меңгерушісі, малшы болып жұмыс атқарды, ауыл дүкенінде сатушы да болды. Майданда алған орден, медальдарына Еңбек Қызыл Ту ордені қосылды. 1975 жылы зейнеткерлікке шықты. Зайыбы Ұлбала екеуі үш ұл тәрбиелеп өсірді. 1985 жылы 22 қазанда қайтыс болды. Наурзумский район |
Бірімжанов Жағыпар 1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге дейін колхозда жұмыс істеген. 1941 жылы шілде айында Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, соғыста 472 АП, 100АБ құрамында қызмет еткен. Белоруссия, Украина, Польшаның қалаларын жаудан азат ету ұрыстарына қатынасқан. Жауынгерлік «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап елге келген. 1998 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Бірімжанов Сарман 1916 жылы 9 мамырда туған. Қостанай облысы Боровской АӘК-нан әскерге шақырылып, 232-ші гв. АП құрамында соғысып, 1945 жылы әскерден босап, Аманкелді ауданына келіп, көп жыл бойы қызмет істеп қайтыс болған. Амангельдинский район |
Біркенов Айып Хәкімжанұлы 1926 жылы Семиозер ауданы, Бұлақсор ауылында туған. Әскер қатарына 1943 жылы Семиозер аудандық әскери комиссариатынан шақыртылды. Соғыстың аяғына дейiн қатысып, Жеңiстi тойлап елге оралады. Көп жылдар бойы ауыл шаруашылық саласында еңбек етті: бөлiмше басшысы, агроном, бригадир болып, елiне адал еңбегiн сiңiрдi. Соғыстағы ерлiк iстерi үшiн Отан соғысы орденiмен, бiрнеше медальдармен және мерекелiк мадақтау, алғыс хаттарымен марапатталған. 1950 жылы отау құрып, жары Гүлнар екеуi 9 бала өсiрiп, тәрбиелеп ұлын ұяға, қызын қияға қондырды. Осы ұл-қыздарынан немерелер сүйдi. Қазақ халқының ардақты қызы, Халық ақыны Әсия Біркенова осы Айып атайдың тұңғыш қызы. Балалары мен немерелерiнiң бәрi де жоғары бiлiмдi, жақсы маман иелерi. Айып Хәкiмжанұлы 1972 жылы маусым айында дүниеден өттi. Наурзумский район |
Бірліков Мұрат 1906 жылы қазіргі Жангелдин ауданына қарасты Қарақоға өңіріндегі Сарысай деген жерде қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған, сауат ашу мектебінде оқыған. Еңбек жолын серіктестікте, кейін ұжымшарда бастады, қатардағы жұмысшы, малшы болды. Ұлы Отан соғысының ардагері, майданнан мүгедек болып оралды. Соғыстан кейін елінде көп жылдар бойы ұжымшар-кеңшарларда қой бақты, атақты шопан болып атанды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де еңбектен қол үзбеген. Зайыбы Мырзағалиева Тойбазармен бірге жанұяда үш бала тәрбиелеп өсірген. Балаларынан 13 немере, 23 шөбере өсіп-өнген. 1991 жылы қайтыс болды. Джангельдинский район |
Бірмұқанов Қасен 1911 жылы Торғай уезі, Тосын болысында, қазіргі Шеген ауылында туған. Ауылда құрылған серіктестіктер мен ұжымшарда малшы болған. Соғысқа 1942 жылы жазда алынған. Сталинград майданында болған, Белград қаласын азат етуге қатысқан. 1945 жылдың ақпан айында ауыр жарақатталып, госпитальден кейін елге келген. 1946 жылдың жазынан әуелі ұжымшарда, кейін «Торғай» кеңшарында шопан болды. Соғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, ССРО Қарулы Күштердің айтулы жылдарында мерекелік медальмен, белгілерінің иегері. Елге танымал шопан болды. 1965 жылы «Құрмет белгісі», ал 1967 жылы Ленин орденімен марапатталды. В.И.Лениннің мерекелік медалін де алды. 1973 жылы наурызда дүниеден өтті. Отбасында 9 бала тәрбиеленіп шықты, оларда 29 немере, 11 шөбере өрбіді. Джангельдинский район |
Бірмағанбетов Әбдіғапар 1910 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында өмірге келген. Соғысқа дейін «Алғабас» бірлестігінде еңбек еткен. 1941 жылы қазан айында армия қатарына шақырылған. Шұбаркөлде әскери дайындықтан өтіп, Сталинград майданында ұрыстарға қатынасқан. 1944 жылы наурыз айында оң жақ аяғынан ауыр жарақат алып, 9 айдай госпитальде жатып, 1945 жылы мамыр айында екінші топтағы мүгедек боп елге оралды. Жеңістің меркелік белгілерінің иегері. Бұл кісі сүйген кәсібі - жылқышылықты бүкіл өміріне серік етті. Әуелі Жангелдин атындағы ұжымшарда, кейін «Қызыл әскер» кеңшарында көп жылдар үйір үстіне үйір қосқан жылқышы болды. Екі рет Бүкілодақтық көрмеге қатынасты, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Әбекең 1984 жылы ақпан айында бақиға өтті. Жұбайы Күлгашима екеуі 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп, 25 немере сүю бақытына ие болған отбасы. Джангельдинский район |
Бірмағанбетов Әміржан 1926 жылы мамыр айының 12-ші жұлдызында Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, 1 Май колхозында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанда жасы әлі 16-ға толмаған болатын. Соған қарамастан аудандық әскери комиссариатта өзін майданға алуды өтінеді. Өтініші қабылданбасада шақырылғандармен бірге Қостанайға барып, облыстық комиссариатта өз тілегін айтады. Комиссия өтінішін қабылдап, бұған алғыс айтады. Шұбаркөл қаласында арнайы әскери дайындықтан өткен соң, Сталинград майданынан бірақ шығады. Соғыста барлаушы болып, «тіл» әкеледі. Смоленск, Кенигсбергте соғысады, Одер, Висла өзендерден өтеді, Чехословакия, Польшаны азат етуге қатысып, 3 рет жараланады. Қарт майдангер соғыстағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, Даңқ, Отан соғысы ордендері, және бірнеше медальдармен марапатталады. Елге келген соң көп жыл Қазпочта саласында қызмет істеп, осы мекемеден 1986 жылы зейнеткерлікке шықты. Аудандағы ең ардақты ақсақал. Оны елдің бәрі сыйлайды, құрметтейді. Амангельдинский район |
Бірмағанбетов Ахмет 17 қарашада 1905 жылы қазіргі Аманкелді ауданына қарасты Мұқыр ауылында туған. Соғысқа дейін колхозда еңбек еткен. 10 маусым 1942 жылы Аманкелді аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Украина майданына қатынасып, 1943 жыылдың мамыр айында ауыр жараланып елге оралған. Екінші топтағы мүгедек. Соғыстағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен және 7 мерекелік медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін «Жас талап», «Калинин» атындағы мектептерде мұғалім, Мереке орта мектебінде интернат меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1960-1965 жылдары «Сары өзен», «Степняк» совхоздарында қойма меңгерушісі болып, зейнеткерлікке шыққан. 11 мамырда 1995 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |