Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Жұмабаев Амангелді

       1917 жылы Ақкөлде туған. 1942 жылы ақпанда әскерге алынған. Майдан даласында қолынан ауыр жарақат алып, 1944 жылы елге оралған. Бейбіт өмірде салық агенті, байланыс бөлімшесінің бастығы, сондай-ақ ферма меңгерушісі жұмыстарын атқарған. Кеңшарда бақташы боп та жұмыс істеген. Кейін 22 жыл кеңшарда құрылыс материалдары қоймасының меңгерушісі болған. Соғысқа қатысушы ретінде мерекелік марапаттардың бәріне ие болды. Қазіргі күнде туған аулында балаларымен бірге тұрып жатыр. Елге сыйлы, өнегелі қартымыздың бірі.


Джангельдинский район




Жұмабеков Шалабай

       1921 жылы Аманкелді ауданында туған. 1940 жылы желтоқсан айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 56-ші мотоАБ қызмет еткен. Соғыста Венгрия жерінде жараланып, 1944 жылы елге оралған. Көп жылдары еңбек еткен, 1997 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жұманов Асқар

       1918 жылдың 10 наурызында бұрынғы Қараторғай болысы, қазіргі Аманкелді ауданының №4 Еңбекші ауылдық кеңесіндегі ауылда туған. Аудан орталығындағы жеті жылдық мектепті бітіріп, 1934-1935 жылдары Қостанай қаласынан мұғалімдер дайындайтын училищесінде оқыған. «Жасбуын» бастауыш мектебінде 1939 жылға дейін бала оқытады. 1939 жылы желтоқсан айында әскер қатарына алынып, Орлов қаласындағы әскери округте 149 АД-ның 744 АП құрамында орудие командиріне тағайындалады. Әскери атағы сержант. 1.06.1941-1.01.1942 жылы Брянск қаласындағы саяси қызметкерлер дайындайтын училищеде оқиды. 1942-1943 жылдың тамыз айына дейін Калининград майданында 758 АП-да политрук, 02.1944 жылдың қазан айына дейін І Украина майданында 378 жеке жойғыш танк дивизион командирі, 08.1944 жылы – 06.1945 жылға дейін Украинаның Селебур қаласындағы 116 АД-ның 357 жеке танкіге қарсы жойғыш полкта батарея командирі болған. Әскер қатарынан 06.1946 жылы босап елге келген. Әскери шені капитан. 1946-1947 жылдары Аманкелді орта мектебінде оқытушы, аудандық партия комитетінде парткабинет меңгерушісі, әскери бөлім, ауылшаруашылығы бөлімдерін басқарған. 1951-1953 жылдары Алматыдағы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1953-1957 жылы Бөрлі ЛПС-де саяси жетекші. 1957-1960 жылдары Қарабалық ауданының Боскөл совхозында партком хатшысы, 1961-1966 жылдары Аманкелді ауданында «Қазақстанның 40 жылдығы», «Бүйректал» совхоздарында бастауыш партия ұйым хатшысы болған. Одан кейін Аманкелді орта мектебінің директоры, аудандық атқару комитетінде төраға орынбасары, аудандық жинақ банкасы, ПМК-1503 мекемесінде инженер болған. 1986 жылы зейнеткерлікке шығып, аудан ардагерлер кеңесін басқарған. «Құрмет белгісі», ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, 7 жауынгерлік медальдармен марапатталған. Жанұясында 8 ұл-қыз, 27 немере, 10 шөбересі бар. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жұмекенов Ерғали

       Қостанай облысы, Федоров ауданында 1923 жылдың 14-ші қыркүйегінде туған. Әке-шешесінен жастай жетім қалып, інісі Бірғали екеуі Қостанай қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленіп, бастауыш білім алған. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Челябі облысына қарасты Шұбаркөл қаласында үш айдай әскери дайындықтан өтіп, осы жылдың тамыз айында 74-ші атқыштар полкінің құрамында Батыс Украинаның Староконстантинов, Проскуров, Житомир, Львов қалаларын азат ету ұрыстарына қатынасады. 1943 жылдың басында Венгрия жерінде соғысады. 1944 жылы Карпат тауында шиленіскен қатты ұрыс болып, сонда жараланып госпитальда емделеді. 1944 жылдың 23 тамыз айында елге оралады. Федоров ауданында жұмыс істеп, кейін Аманкелді ауданына көшіп келеді. Өмірінің соңына дейін шаштараз болып қызмет істеді. Осы жұмыстан зейнеткерлікке шығады. Артында 7 ұл, 3 қыз және бірнеше немере-шөберелері бар. Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлік ерліктері бағаланып, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Будапешті алғаны үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдармен марапатталған.


Амангельдинский район




Жәдікұлы Қоқай

       1925 жылы 1-ші қаңтарда қазіргі Әулиекөл ауданына қарасты Теректі ауылында дүниеге келген. Ауылдағы үш сыныптық мектепті тәмәмдаған. 1940 жылы колхозда жұмыс істеген. 1943 жылы 7 қаңтарда Аманкелді аудандық әскери комиссариатына шақырылып, әскерге аттанады. Челябі облысының Шұбаркөлде 382 полкіндегі дайындықтан кейін Ленинград майданына жіберілді. Ленинград қоршауында соғысып, 1944 жылы 19 қаңтарда минаға түсіп үш жерден жаралы болған. Ленинград госпиталында бір жеті, кейін Вологодск қаласындағы госпитальда емделіп, соғысқа жарамсыз болып елге оралған. Бірден колхоз жмысына араласты. 1949 жылы 4 ақпанда Қостанай қаласының ауыл-шаруашылық мектебінің шоферлық оқуын оқып бітірген. 1950 жылдан Диевте, Аманкелді ауданы Қайғы совхозында, Әулиекөл ауданы Тимофеевка, Сұлукөл совхоздарында, Данабике, яғни қазіргі Науырзым ауданына қарасты жерінде 1989 жылға дейін шоферлық қызметін атқарған. Соғыс және еңбек медальдары бар. Он баланың әкесі, 20 немересінің атасы болып отыр. Қазіргі мекені Науырзым ауданы Шұқыр ауылы.


Наурзумский район




Жәмалиев Әбдірахман

       1914 жылы Торғай уезінің №13 ауылында туған. Соғысқа дейін серіктестіктерде, ұжымшарда еңбек еткен, Орынбор жағында байланыс мекемесінде жұмыс істеген. 1937-1940 жылдары армия қатарында болған. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың шілде айында Чкалов облысы, Домбаров ауданынан шақырылған. Брянск, Ленинград, Карельск, 1-Белорус майдандарында шайқастарға қатынасты. 1945 жылдың тамыз, қыркүйек айларында Забайкалье майданында, жапон агрессорларын талқандауға қатынасты. Совет Армиясы қатарынан 1946 жылы, аға сержант шенінде запасқа жіберілді. Соғыс уақытында бөлімше командирі, байланыс взводы командирінің көмекшісі, телефон станциясының бастығы міндеттерін атқарды. Соғыс уақытында «Кеңестік Запольярені қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен, кейін Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында тиісінше марапатталды. Соғыстан кейін туған еліне келіп, бейбіт еңбекке араласады. Зейнеткерлікке Торғай селосындағы кәсіптік-техникалық училищеде ағаш шебері болып істеп жүріп шығады. Бейбіт уақытында ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медалімен атап өтілді. 1999 жылы наурыз айында, 85 жасында дүниеден өтті. Артында 4 баласы, 18 немересі, 7 шөбересі бар.


Джангельдинский район




Жақанов Жолмырза

       1924 жылы 24 мамырда туған. 1940 жылы ұстаздық жолын бастағанда, Жолмырза Жақанов небәрі он алты жаста екен. Балаң жастың алға қойған зор мақсаты бар еді. Ұлы Отан соғысы басталды да барлық мүддені бір ғана мақсатқа-елді жаудан қорғауға арнауға тура келді. 1942-1945 жылдар аралығында соғыста болған. Соғыстан аман-есен оралғаннан кейін, ұстаздық еңбегін жалғастырды. Кейіннен Меңдіқара педагогика училищесін бітірді. Содан кейін Сұлукөл орта мектебінде 41 жыл еңбек еткен. Жұбайы Жұмабике екеуі жеті бала тәрбиелеп өсірген бақытты ата-ана. Балаларының бәрі де өмірден өз жолын тауып, ел игілігі үшін еңбек етіп жүр.


Наурзумский район




Жақин Рахмет

       1903 жылы Ақмырза қоныс орнында туған. Әуелі серіктестіктерде, кейін ұжымшарда еңбек етті. Әскерге 1941 жылы күзде шақырылды. Бірінші Белорусь майданында жаумен соғысқа қатынасты, екі рет жарақат алған. 1945 жылы елге оралып, әр түрлі жұмыстар атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде мерекелік белгі-медальдармен марапатталды. 1985 жылы өз ауылы – Қаламқарасуда дүниеден өтті. Ұрпақтары сонда тұрып жатыр. Еңбекқор, елге сыйлы ақсақал болатын.


Джангельдинский район




Жақсымбетов Сабыржан

       1915 жылы Торғай уезінің №9 ауылында туған. 1941 жылдың қыркүйек айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, Шұбаркөл қаласындағы әскери дайындықтан өткеннен кейін 24 гв. АП құрамында қатардағы жауынгер болып, Белоруссия майданында жаумен соғысқан. 1944 жылдың желтоқсан айында жараланып, Ташкент қаласында госпитальда емделіп, бір аяғынан мүгедек болып елге оралған. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Елге оралған соң, Аманкелді ауданындағы Қызыл Әскер, Жаңа тұрмыс колхоздарында бригадир, кейін аудан мекемелерінде әр-түрлі жұмыстар істеген. Жанұясында 3 ұл, 4 қызы және немерелері бар. 7 сәуір 1993 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жақыпбеков Қалибек

       1915 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1940 жылы әскерге шақырылып, 861 АП минометчик болған. Әскер қатарынан 1942 жылы босап келіп, елде жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика