Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Батырғали Серікбайұлы

       1898 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангельдин ауданы, Көлқамыс ауылында туған. Жас кезінде қол өнерімен күнелткен, совет үкіметі кезінде егін егіп, мал баққан шаруа. Жұбайы Арысбайқызы Бибіш екеуі бес бала тәрбиелеп өсріген. Колхозда мал бағып жүргенде Ұлы Отан соғысы басталып, 1941 жылдың желтоқсан айында әскерге шақырылды. Челябі облысынын Шұбаркөл деген жерінде әскери дайындықтан өтіп, 1942 жылдың ақпан айында Сталинград майданына жіберілді. Сол жылдың шілдесінде қантөгіс ұрыс үстінде ауыр жаралы болды. Барнаул қаласының госпиталінде төрт ай емделіп, комиссияның соғыс мүгедегі деген шешімі бойынша әскерден босап, туған жері Торғайға оралды. Қол құсырып отырмай, жұмысқа араласты, колхоздың малын бақты. 1966 жылдың аяғында ауырып, бір жылдан кейін туған жері Көлқамыста қайтыс болды. «Ұлы Отан соғысы жеңісінің жиырма жылдығы» медалімен, және тағы басқа медальдармен марапатталған.


г.Аркалык




Батырғалиев Сабыр

       1925 жылы 17 желтоқсанда Қостанай облысы, Торғай ауданы, Албарбөгет ауыл советінің Көлқамыс деген жерде туған. Мектепте оқып 7 сыныптық білім алған. 1943 жылдың қаңтар айында әскерге шақырылып, 41 атқыштар дивизиясының 139 атқыштар полкінде Белоруссияның Минск, Брянск, Гомель қалаларын жаудан азат ету ұрысына қатынасқан. Майданда автоматчиктер бөлімшесінің командирі болған. 1944 жылдың қысында ауыр жаралы болып, госпитальға түсіп, емделіп, 1944 жылдың желтоқсанында елге келіп, колхоз жұмысына араласқан. Кейін мектепті толық аяқтап, техникумға түсіп, агрономдық-бухгалтерлік мамандық алды. Отан соғысының қатысушысы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің айтулы жылдарында мерекелік белгі медальдармен марапатталған. Ішкі істер органдарында істеді. Қоғам өміріне белсене араласатын ардагерлердің бірі. Қазір Арқалық қаласында тұрып жатыр.


Джангельдинский район




Батырбаев Ербатыр

       Родился в 1896 году в ауле Итсары, ныне Узункольского района Костанайской области. В ряды Красной Армии был призван в 1941 году. С боями прошел Белоруссию, Украину, Польшу. Был ранен в левое плечо. После госпиталя снова вернулся на передовую. Участвовал в штурме Берлина. Награжден орденом Красной Звезды, медалями «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» и юбилейными медалями. Демобилизовался в 1946 году. В послевоенные годы плодотворно работал в сельском хозяйстве. Умер в 1969 году, похоронен в с.Итсары.


г.Рудный




Батырбасов Әуезхан

       1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Қараторғай деген жерде туған. 1942 жылдың 27 сәуірінде әскер қатарына Торғай АӘК-нан шақырылып, 87-ші АД, 1379 АП қатардағы жауынгер болған. Армиядан 1945 жылы босап, көп жыл бойы ұстаз болып бала оқытқан. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Батырбеков Кабдыбек

       Родился в 1924 году. Призван в 1943 году Семиозерным РВК. Участвовал в боях в составе 295 стрелкового полка. Ранен 12. 08. 1943 года, проходил лечение в эвакуационном госпитале. Демобилизован 16. 11. 1943 года.


Аулиекольский район




Батырбеков Айсен

       Родился в 1922 году в селе Борли. Работал трактористом в колхозе. Призван по мобилизации в 1941 году. Воевал в составе танковой бригады. Участвовал в боях под Москвой, прорывал блокаду Ленинграда, форсировал реки Западный Буг, Сан, Вислу. Его «тридцатьчетвёрка» первой вышла на реку Пилица, вброд преодолела её и тут же ворвалась на оборонительные позиции противника. Решительными действиями его экипажа был удержан плацдарм до подхода всего отряда. Перенес контузию, два лёгких ранения. Последнее ранение он получил на реке Одра. Больше года пролежал в госпитале, после чего в 1946 году был демобилизован . Вернулся в село Борли в конце 1946 года, работал механизатором. Женился, детей не имел. Награжден медалями «За отвагу», «За оборону Ленинграда».


Карабалыкский район




Батырбеков Жанділда

       1912 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Қарақоға деген жерде өмірге келген. Аудан орталығында тұрып, қазақ орта мектебін бітірген. Соғысқа дейін Албарбөгет, Жаркөл ауылдарындағы мектептерде мұғалім боп жұмыс істіген. Әскерге 1942 жылы тамызда Торғай комиссариаты шақырған. Белоруссияда соғыс қимылдарына қатынасқан. 1943 жылы маусымда бөлімше командирі болып, Белж қаласының тұсында Двинадан өтіп, фашистерге соққы берудің ішінде болған. Сол жылы граната жарықшағымен оң бүйірден, оң жақ тамақтан жараланып, 2 ай госпитальда жатқан. Әскерден 1944 жылы елге оралған, ұжымшар төрағасы қызметін абыроймен атқарған. 1972 жылы зейнетке шықты. 1990 жылы дүниеден өтті. Отан соғысының қатысушысы ретінде мерейтой кезінде барлық барлық белгі-медальдармен марапатталды. Балаларының бәрі де жоғары білімді, әрқайсысы абыроймен еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеуде.


Джангельдинский район




Батырбеков Тайжан

       1910 жылы Қайынды ауылында туған. Аманкелді орта мектебінде оқыған, Ақөткел бастауыш мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген, Қостанай қаласындағы совпартшколдан кейін Аманкелді аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы, дайындау мекемесінде қызмет істеп, 1942 жылдың мамырында әскер қатарына алынған. Шұбаркөлде әскери дайындықта болып, 1942 жылдың қазан айында Сталинград түбіндегі соғысқа қатынасады. 1943 жылдың қаңтар айында қоршауда қалған жаумен болған ұрыста жараланып, госпитальға түсті. Үш ай емделіп, қайтадан Орлов бағытындағы майданға жіберілді. Курскі доғасындағы болған қантөгіс шайқаста ауыр жарақаттанды, госпитальда бір аяғынан айырылды. Емделгеннен кейін елге оралды. Соғыс ардагері «Ерлігі үшін», «Салинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. 1944-1961 жылдары Аманкелді аудандық әлеуметтік қамсыздандыру мекемесінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. 1983 жылға дейін аудандық жол бөлімінде кассир-есепші болып зейнеткерлікке шығады. 1992 жылдың 11 қарашасында қайтыс болған. Артында 3 ұл, 12 немересі мен 12 шөбересі бар.


Амангельдинский район




Батыргалиев Кадырбек

       Родился в 1921 г.Призван в ряды Красной Армии в 1942 году. В боевых действиях участвовал в составе 525 СП. Демобилизован в 1943 году по ранению.


Аулиекольский район




Батырев Иван Иванович

       1905 г. рождения. Призван в 1941 г. На фронте по май 1944 г., участвовал в битвах на Курско-Орловской дуге. Демобилизован в 1944 г.


Костанайский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика