Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Есипов Иван Васильевич

       Род. в 1921г. Годы службы:1941-1944гг. Участник боев на Северо-Западном, Ленинградском ф-х. Воинское звание – сер-нт, артиллерист. Награжден орденом Отечественной войны 1-й ст., медалями: «За оборону Ленинграда», «За победу над Германией».


г.Костанай




Есіркепұлы Бекмағанбет

       1913 жылы маусым айында қазіргі Жезқазған өңіріндегі Ұлытау ауданына қарасты шығырлы елді мекенінде Кеншімұлі Есіркептің отбасында дүниеге келген. Әкесі Есіркеп орта дәулетті кісі болған екен. Мал дүниесін қайта-қайта конфескелей берген соң, Тәжікстанға қоныс аударады. 1933 жылы Қостанай облысы, Федоров ауданына қоныстанған. Есіркепұлы Бекмағанбет ағасы Бекмағанбет екеуі Федоровка элеваторында жұмысшы болып жұмыс істеген. 1938 жылы қараша айында кезекті армия қатарына Федоров әскери военкоматынан шақырылып алынған. Әскери қызметін Қара теңіз жағалауында Одесса әскери округінде артиллерия атқыштар бөлімінде өтеді. 1940 жылы Бессарабияны азат етуге қатысқан. 1941 жылы екінші Украин армиясының құрамында майданға аттанды. 1945 жылдың маусымында Ұлы Отан соғысынан аман-есен оралып, Аманкелді ауданы, Иманов совхозында тұратын ағасы Мүсіректің үйіне келді. Сол жерде семья құрды, екі баласы бар. Ұлы Сұлтанбек, қызы Құралай. Колхозда жұмысшы, қойшы болып жұмыс жасады. Еңбегі жемісті болып талай рет марапатталды. Еліне, туған-туыстарына сыйлы азамат болды. 1973 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты. 1995 жылы 5 наурызда 82 жасында Есіркепұлы Бекмағанбет дүниеден озды. Соғыстағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және Жеңістіің мерекелік үш медальмен марапатталған.


Амангельдинский район




Есіркепов Баймағанбет

       1913 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге 1941 жылы маусымда Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 150 арт.дивизионда қатардағы жауынгер болған. 1942 жылы мамырда жау қолында тұтқында болған. Одан 1945 жылы наурыз айында босап елге келген. Жауынгерлік үш медальмен марапатталған. Көп жыл бойы совхозда жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Ескалиев Естай

       Родился в 1908 году в селе Кульчукай, ныне Мендыкаринского района Костанайской области. До призыва в армию был разнорабочим в колхозе родного села. На фронте с 1942 года. Служил в железнодорожных войсках, участвовал в боях под Сталинградом. За боевые заслуги награжден орденами и медалями. После войны работал разнорабочим колхоза и совхоза «Каратальский». Принимал активное участие в общественной жизни. Был женат. С супругой воспитали сыновей и дочерей. Имел внуков и правнуков. Умер в 1974 году.


Мендыкаринский район




Ескенов Кужай Суятанович

       1914 года рождения, уроженец Актюбинской области, Курбинского района. В 1939 году переехал в с. Тавриченка Денисовского района Кустанайской области. Призывался Джетыгаринским РВК. На войне с 1941 года, служил и воевал в первом пограничном отряде, участвовал в войне с Японией. Демобилизован в июне 1946 года. Награжден медалями «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Маршала Советского Союза Жукова Г.К., орденом Отечественной войны ІІ степени, семью юбилейными медалями. После войны работал в колхозах сел Тавриченка, Окраинка, Калиновка. Имел семью, детей не было. Умер в 2001 году.


Денисовский район




Есмағанбетов Әбдіғали

       1905 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Елтай ауылдық кеңесіне қарасты Ағайдар ауылында туған. 1941 жылдың шілде айында Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 284 АД қатардағы жауынгер. Сталинград қаласы үшін болған ұрыста жараланып, ІІ топтағы мүгедек болып, 1943 жылы елге оралған. 1994 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Есмағанбетов Баймағанбет

       1926 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Екі дің деген жерде туған. Бастауыш мектепте оқып, білім алған. 1944 жылы қаңтар айында әскер қатарына алынып, 87-ші атқыштар полкінде әскери бөлімшені басқарады. Кейін 47-ші ауыр танк полкіне ауысады. Ленинград майданында болып Вильнюс, Таллин, Рига қалаларын азат етуге қатысады. 1945 жылдың бас кезінде Кенигсберг қала-қамалына шабуылда 47-ші танк полкі шешуші соққы беріп, Кенигсберг қаласы алынып, немістің 92 мың солдаттары мен офицерлері қолға түседі. Б.Есмағанбетов соғыстағы ерлігі үшін Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және көптеген медальдармен марапатталған. Елге келген соң өзінің мамандығы бойынша ұстаздық етіп «Сары-Торғай», «Қайынды», «Коммунизм жолы» совхоздарындағы орта мектептерде жас ұрпаққа сабақ береді. Ұстаздық еңбегі бағаланып, «Білім беру үздігі» белгісін алады. 1985 жылы зейнеткерлікке шығып, ұл, қыздарынан немере, шөбере сүйіп, 2002 жылы қайтыс болады.


Амангельдинский район




Есмағанбетов Баяхмет

       1913 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Құмкешу ауылында туған. 1940 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 280 АП құрамында болған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, ағаш шебері болып жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Есмағанбетов Мұхамедияр

       1920 жылы туған. Албарбөгет жеті жылдық мектебінде оқыған. 1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысына қатынасып, алдымен Брянск бағытындағы 516, 520 атқыштар полктерде болды. 1942 жылы Воронеж бағытындағы шайқасқа, Дон өзенінің бойындағы ірі ұрыстарға қатысқан. Сондағы тамыз айындағы шайқаста сол жақ иығына снаряд ұшқыны тиіп, ауыр жараланды. Күрделі операциядан кейін, Новосибирскіден Алтай өлкесінің Шипановскі госпиталіне жатқызылды. Ауыр жаралы қатарында 1942 жылдың қазан айында елге жіберілді. Оралған соң Қостанай облысы, Амангелді аудандық халық сотына хатшы, кейін орындаушы болып 1945 жылға дейін қызмет атқарды. 1946 жылы Торғай аудандық прокуратурасына хатшы болып, кейін денсаулығына байланысты қазіргі Жангелдин ауданы, Албарбөгет ауылдақ кеңесіне хатшы болып, 1956 жылға дейін қызмет атқарды. Кейінгі жылдары Айырқұмда «Қызыл отау» меңгерушісі, Албарбөгет ауылдық кеңесінің төрағасы, Айырқұм фермасы партия ұйымының хатшысы, кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2006 жылдың мамыр айында қайтыс болды. Зайыбы Қуаныш Бірлікбайқызы, 4 ұл, 5 қыз және 23 немересі бар. Жеңістің 45, 50, 55, 60-жылдық мерейтойы кезеңдерінде алған медальдары бар. Ел тарихын, халық өнерінің насихатшысы, бүкіл елге танымал жырау болатын.


Джангельдинский район




Есмағанбетов Серікбай

       1920 жылы қаңтардың 15-де Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Ағайдар деген ауылда туған. 1942 жылы Аманкелді орта мектебінің 10-шы сыныбында оқып жүрген кезінде әскерге шақырылады. Свердловск облысы, Ірбіт-Вершина селосында жасақталып жатқан 618-ші атқыштар дивизиясы, 615-ші атқыштар полкінің құрамында әскери дайындықтан өтіп, Украина майданында ұрысқа қатынасады. Жеңіл жараланып, дала госпиталінде емделіп, ұрысқа қайта кіріседі. Кейін Оңтүстік Украина майданы құрамында жүріп, Курск, Тула, Орел қалаларын азат етуге қатынасты. 1943 жылдың тамызының 20 күні екінші рет жараланып, содан Ташкент қаласындағы соғыс госпиталінде емделіп, 4 айдан кейін комиссия шешімі бойынша елге қайтарылады. Колхозда әртүрлі жұмыстар істеп, 1945-1949 жылдары Алматыдағы Абай педагогикалық институтын бітіреді. Аманкелді орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, мектептің оқу ісін басқарушы, мектеп директоры қызметтерін атқарып, зейнеткерлікке шығады. 4 ұл, 2 қызы бар.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика