Жапаров Темір 1906 жылы 20 тамыз айында бұрынғы Қараторғай болысы, қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, 1 Май ауылдық кеңесіне қарасты Жаңа-тұрмыс ауылында дүниеге келген. Совет үкіметі орнаған кезде комсомол қатарына өтіп, колхоз комсомол ұйымын басқарады. 1926-1932 жылдар аралығында №2 ауылдық Кеңестің ауылнайы қызметін атқарады. 1932-1941 жылға дейін Тельман атындағы колхозға басқарма болады. 1941 жылы Торғай әскери комиссариатынан армия қатарына шақырылып, Шұбаркөл қаласында әскери дайындықта болып, 290 гвардиялық атқыштар полкінде (ІІ Украина майданы) зеңбірек көздеушісі болады. Кировоград облысына қарасты Александрия қаласы үшін болған ұрыста ауыр жараланып, госпитальда төрт айдай емделіп, бір қолын иығынан кестіріп, екінші топтағы мүгедек болып, 1943 жылдың тамыз айында елге оралады. Жұмысқа араласып, «Калинин» колхозында қой фермасының меңгерушісі, «Жаңа-тұрмыс» колхозында жылқы фермасының меңгерушісі, колхоздың партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарады. 1960 жылы зейнеткерлікке шығады. Жанұясында 1 ұлы және немерелері бар. 1968 жылы қайтыс болады. Амангельдинский район |
Жапаров Хабибола Галиевич Родился в 1903 году в п.Всесвятское (ныне Сарыколь). В 1941 году был мобилизован в действующую армию и направлен на фронт. Воевал в стрелковых войсках в звании рядового. Участвовал в боях по освобождению Польши. В апреле 1945 года после ранения был демобилизован. Награжден боевыми и юбилейными медалями.
Сарыкольский район |
Жаппаев Нұралы 1914 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелдi ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына 1942 жылы аттанды. 1945 жылы қатты жарақат алып, ауылға оралды. Елде колхоздың малын бағып еңбек еткен. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Жұбайы Дариқа екеуi отбасылы болып, 4 бала өсiрiп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты кiсi. Нұралы Жаппайұлы 1954 жылы дүниеден өтті. Наурзумский район |
Жарасқанов Мейзам 1916 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Амантоғай ауылында туған. 1941 жылдың шілде айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста Ленинград майданы, 1290 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1944 жылдың қаңтар айында жараланып, госпитальда емделіп, әскер қатарына жарамсыз ІІ топтағы мүгедек болып елге оралған. Елге келген соң колхоз, совхоздарда жұмыс істеген. Жауынгерлік ерлігі үшін Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендері мен «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік 5 медальдарымен марапатталған. Жанұясында 3 ұл, 5 қыз және немере-шөберелері бар. 1991 жылы соғыс салған жарақаттан қайтыс болды. Амангельдинский район |
Жарасов Әмірхан 1914 жылы наурыз айында қазірігі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарысу ауылында туған. 1926 жылдан 1930 жылға дейін Торғайда Қазкоммуна мектебінде оқып, 5-ші сыныбын бітірген. 1930 жылыдан 1940 жылға дейін осы Сарысу ауыл кеңесінің хатшысы, 1940 жылдан 1942 жылға дейін Жаркөл ауыл кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарған.1943 жылдың қаңтарынан 1945 жылдың наурызына дейін Отан соғысына қатысқан. Соғысты Брянск қаласынан бастап Латвия, Польшаның Темезит қаласына дейін жүріп өткен. Екі рет жарақатымен госпитальдарға түсіп, емделіп шыққан. Жеңіс күнін еліне келіп қарсы алды. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде атаулы жылдардың мерекелік белгі-медальдарымен марапатталып отырды. Соғыстан келген соң ұжымшар төрағасының орынбасары, көп жыл бас бухгалтері қызметін абыроймен атқарды. Кеңшар дәуірінде бөлімше басқарушысы болды. 1974 жылы зейнетке шықты. Жұбайы Бибі Әбішқызы екеуі 3 ұл, 7 қыз тәрбиелеп өсіріп, ондаған немере, шөберелерінің қызығын көрген. Джангельдинский район |
Жараспаев Кабдулла Родился в 1916 году в п. Веселый Подол. Был призван в ряды Красной Армии в 1943 году. Воевал на Украинском фронте в составе 161 дивизии, 94 полк. Участвовал в освобождении городов Белая Церковь, Рубесцы Киевской области. При форсировании реки Дон был ранен. Демобилизовался в мае 1945 года. Вернулся домой и работал в животноводстве, шофером. Награжден орденом Отечественной войны II степени, медалями «За оборону Киева», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», юбилейными медалями. Умер в 1987 году.
Сарыкольский район |
Жараспаев Каска Минайдарович Род. в 1909г. Годы службы:1941-1942гг. Участник боев на Северо-Кавказском ф-те. Воинское звание – рядовой, пехотинец. Награжден орденом Отечественной войны 1-й ст., медалями: «За оборону Кавказа», «За победу над Германией». г.Костанай |
Жарбулов Бирман Родился в 1900 году в ауле Кубеновка. До войны работал в колхозе «III Интернационал». В 1941 году Джетыгаринским РВК призван в армию. Рядовой, пулеметчик, связист. Воевал на Украине, в Белоруссии, дошел до Берлина. После войны до 1957 года работал механизатором в колхозе «III Интернационал», с 1957 года в совхозе «Ливановский». Награжден орденом Красной Звезды, медалями «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941- 1945 гг.», тремя юбилейными медалями. Умер в 1978 году, похоронен в селе Ливановка.
Камыстинский район |
Жарбулов Есенгали Родился в 1926 году, уроженец Сарыкольского района. В ноябре 1944 года был направлен на фронт. Воевал в составе 1066 артиллерийского полка наводчиком. В мае 1945 года был демобилизован. После войны работал в совхозе «Тагильский». Награжден орденом Отечественной войны II степени, юбилейными медалями.
Сарыкольский район |
Жарекин Құлжан 1916 жылы Тосын болысы Қаракөл аулында туған. Әскерге 1942 жылы алынған. Шұбаркөлде дайындықта болған. Украина майданында болып, Харьков, Будапешт, Прага қалалары үшін ұрыстарға қатынасқан. Елге 1946 жылы тамызда оралған. Әуелі ұжымшарда, кейін КПСС ХХІ съезі атындағы кеңшарда мақтаулы шопан болды. 1998 жылы Арқалық қаласында қайтыс болды. Соғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медель-белгілермен атап өтілді; бес ер баласынан тараған ұрпақтары еліміздің әр жерінде тұрып жатыр. Еңбек ардагері болатын. Джангельдинский район |