Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Жүсіпов Сапабек

       1921 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Байғабыл деген жерде дүниеге келген. Сол жердегі мектепте оқып, бастауыш білім алған. 1 Май колхозында жұмыс істеген. 1942 жылдың 5 мамырында Торғай әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылды. Шұбаркөлде әскери дайындықтан өтіп, 135 дивизияның 137 атқыштар полкінің 2 батальонында қатардағы жауынгер Сталинградты қорғау қыймылдарына жан аямай белсенді араласады. Кейін IV Украина майданында Донбасс, Мелитополь Керчь, Севастополь қалаларын босату ұрыстарына қатынасады. 1944 жылы Польшаның Сандомир, Люблин қалаларын босатады. Армия қатарынан 1946 жылдың мамыр айында босайды. 1965 жылға дейін Қарағанды қаласында шахтада жұмыс істеп, өзінің туған жері Аманкелді ауданы «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы совхозға көшіп келіп құрылыста жұмыс істеп, 1987 жылы зейнеткерлікке шығады. Жанұясында 4 ұл, 5 қыз және олардан өрбіген 22 немере, 8 шөбере бар. 1992 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жүсіпов Сейдахмет

       1906 жылы Торғайдың Сужарған ауылында туған. Алғашқы уақытта серіктестікте, кейін ұжымшарда жұмыс істеген. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. 1942 жылы әскерге шақырылып, жаяу әскерлер қатарында соғысқан. 1946 жылы желтоқсан айында елге оралған. Әуелі «1 май» ұжымшарында еңбек етті. Кейін зейнетке шыққанға дейін «Албарбөгет» кеңшарында еңбектенеді. 1968 жылдан зейнеткер. Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен атап өтілді. Төрт ұл, екі қызынан тараған немере, шөберелері әр салада еңбек етуде. 1978 жылы Сужарғанда дүние салған.


Джангельдинский район




Жұбатқанов Сатжан

       Аманкелді ауданы «Жаңа ауыл» ауылдық кеңесіне қарасты Ағашты-көл деген ауылда 1923 жылы туған. 1941 жылдың қыркүйек айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 132 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Соғыста Сталинград майданында болып, 1945 жылы І топтағы мүгедек болып елге оралған. Елге келген соң есепші, сатушы т.б. жұмыстар істеп зейнеткерлікке шыққан.


Амангельдинский район




Жұмағұлов Өміртай

       1914 жылы бұрынғы Қайдауыл болысы, қазіргі Аманкелді ауданы «Ағашты көл» ауылында туған. Колхозда жұмыс істеп, 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 916 АП, 247 АД құрамында қатардағы жауынгер болған. Ленинград майданындағы ұрыстарға қатысқан. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Праганы азат еткені үшін» медалімен марапатталған. 1998 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жұмабаев Аңсаған

       1924 жылы 14 қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылнда дүниеге келген. 1942 жылы Челябі облысы Шұбаркөл деген жерде әскери дайындықта болған, сол арадан Ленинград майданына аттанған. Жаяу әскерде қатардағы жауынгер болған. Майданнан елге денсаулығына байланысты 1943 жылы оралған. Әскерге кеткенше колхозда әр-түрлі салада қызмет жасаған. 1948 жылы отбасын құрған. Жолдасы Райхан Баяхметқызымен отбасы құрғаннан кейін бір ұл, жеті қыз баланы жарық дүниеге әкелген. Қазіргі таңда солардан 30 немере, 18 шөбересі бар. 1965 жылдың 19 қаңтарынан бастап 1981 жылдың 17 қаңтарына дейін тұрмыс қажетін өтеу комбинатының филиалында етікші болып қызмет атқарған. 1998 жылы 2 наурызды дүние салды.


Джангельдинский район




Жұмабаев Амангелді

       1917 жылы Ақкөлде туған. 1942 жылы ақпанда әскерге алынған. Майдан даласында қолынан ауыр жарақат алып, 1944 жылы елге оралған. Бейбіт өмірде салық агенті, байланыс бөлімшесінің бастығы, сондай-ақ ферма меңгерушісі жұмыстарын атқарған. Кеңшарда бақташы боп та жұмыс істеген. Кейін 22 жыл кеңшарда құрылыс материалдары қоймасының меңгерушісі болған. Соғысқа қатысушы ретінде мерекелік марапаттардың бәріне ие болды. Қазіргі күнде туған аулында балаларымен бірге тұрып жатыр. Елге сыйлы, өнегелі қартымыздың бірі.


Джангельдинский район




Жұмабеков Шалабай

       1921 жылы Аманкелді ауданында туған. 1940 жылы желтоқсан айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 56-ші мотоАБ қызмет еткен. Соғыста Венгрия жерінде жараланып, 1944 жылы елге оралған. Көп жылдары еңбек еткен, 1997 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жұманов Асқар

       1918 жылдың 10 наурызында бұрынғы Қараторғай болысы, қазіргі Аманкелді ауданының №4 Еңбекші ауылдық кеңесіндегі ауылда туған. Аудан орталығындағы жеті жылдық мектепті бітіріп, 1934-1935 жылдары Қостанай қаласынан мұғалімдер дайындайтын училищесінде оқыған. «Жасбуын» бастауыш мектебінде 1939 жылға дейін бала оқытады. 1939 жылы желтоқсан айында әскер қатарына алынып, Орлов қаласындағы әскери округте 149 АД-ның 744 АП құрамында орудие командиріне тағайындалады. Әскери атағы сержант. 1.06.1941-1.01.1942 жылы Брянск қаласындағы саяси қызметкерлер дайындайтын училищеде оқиды. 1942-1943 жылдың тамыз айына дейін Калининград майданында 758 АП-да политрук, 02.1944 жылдың қазан айына дейін І Украина майданында 378 жеке жойғыш танк дивизион командирі, 08.1944 жылы – 06.1945 жылға дейін Украинаның Селебур қаласындағы 116 АД-ның 357 жеке танкіге қарсы жойғыш полкта батарея командирі болған. Әскер қатарынан 06.1946 жылы босап елге келген. Әскери шені капитан. 1946-1947 жылдары Аманкелді орта мектебінде оқытушы, аудандық партия комитетінде парткабинет меңгерушісі, әскери бөлім, ауылшаруашылығы бөлімдерін басқарған. 1951-1953 жылдары Алматыдағы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1953-1957 жылы Бөрлі ЛПС-де саяси жетекші. 1957-1960 жылдары Қарабалық ауданының Боскөл совхозында партком хатшысы, 1961-1966 жылдары Аманкелді ауданында «Қазақстанның 40 жылдығы», «Бүйректал» совхоздарында бастауыш партия ұйым хатшысы болған. Одан кейін Аманкелді орта мектебінің директоры, аудандық атқару комитетінде төраға орынбасары, аудандық жинақ банкасы, ПМК-1503 мекемесінде инженер болған. 1986 жылы зейнеткерлікке шығып, аудан ардагерлер кеңесін басқарған. «Құрмет белгісі», ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, 7 жауынгерлік медальдармен марапатталған. Жанұясында 8 ұл-қыз, 27 немере, 10 шөбересі бар. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жұмекенов Ерғали

       Қостанай облысы, Федоров ауданында 1923 жылдың 14-ші қыркүйегінде туған. Әке-шешесінен жастай жетім қалып, інісі Бірғали екеуі Қостанай қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленіп, бастауыш білім алған. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Челябі облысына қарасты Шұбаркөл қаласында үш айдай әскери дайындықтан өтіп, осы жылдың тамыз айында 74-ші атқыштар полкінің құрамында Батыс Украинаның Староконстантинов, Проскуров, Житомир, Львов қалаларын азат ету ұрыстарына қатынасады. 1943 жылдың басында Венгрия жерінде соғысады. 1944 жылы Карпат тауында шиленіскен қатты ұрыс болып, сонда жараланып госпитальда емделеді. 1944 жылдың 23 тамыз айында елге оралады. Федоров ауданында жұмыс істеп, кейін Аманкелді ауданына көшіп келеді. Өмірінің соңына дейін шаштараз болып қызмет істеді. Осы жұмыстан зейнеткерлікке шығады. Артында 7 ұл, 3 қыз және бірнеше немере-шөберелері бар. Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлік ерліктері бағаланып, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Будапешті алғаны үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдармен марапатталған.


Амангельдинский район




Жәдікұлы Қоқай

       1925 жылы 1-ші қаңтарда қазіргі Әулиекөл ауданына қарасты Теректі ауылында дүниеге келген. Ауылдағы үш сыныптық мектепті тәмәмдаған. 1940 жылы колхозда жұмыс істеген. 1943 жылы 7 қаңтарда Аманкелді аудандық әскери комиссариатына шақырылып, әскерге аттанады. Челябі облысының Шұбаркөлде 382 полкіндегі дайындықтан кейін Ленинград майданына жіберілді. Ленинград қоршауында соғысып, 1944 жылы 19 қаңтарда минаға түсіп үш жерден жаралы болған. Ленинград госпиталында бір жеті, кейін Вологодск қаласындағы госпитальда емделіп, соғысқа жарамсыз болып елге оралған. Бірден колхоз жмысына араласты. 1949 жылы 4 ақпанда Қостанай қаласының ауыл-шаруашылық мектебінің шоферлық оқуын оқып бітірген. 1950 жылдан Диевте, Аманкелді ауданы Қайғы совхозында, Әулиекөл ауданы Тимофеевка, Сұлукөл совхоздарында, Данабике, яғни қазіргі Науырзым ауданына қарасты жерінде 1989 жылға дейін шоферлық қызметін атқарған. Соғыс және еңбек медальдары бар. Он баланың әкесі, 20 немересінің атасы болып отыр. Қазіргі мекені Науырзым ауданы Шұқыр ауылы.


Наурзумский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика