Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Мүсіралин Ізбасар

       1913 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Жаркөл ауылында туған. 1941 жылдың 21 қарашасында армияға шақырылып, 1945 жылдың қазан айына дейін әскер қатарында болған. ІІ Украина майданының 380 атқыштар полкінің атқышы болып талай ұрыстарға қатынасқан. Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін жеңістің атаулы жылдарының орден, медальдарының бәрімен атап өтілді. Армия қатарынан елге 1946 жылдың басында оралған. «Жаңа тұрмыс», «Соц жол» ұжымшарында әрі кітапхана меңгерушісі, әрі парторг боп істеген. Сондай-ақ Жаркөл ауылдық кеңесінің хатшысы қызметін де атқарды. «Албарбөгет» кеңшарының «Тентексай» бөлімшесін басқарды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін кеңшар директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары боп жұмыс жасады. Жұбайы Ажар екеуі өсірген ұлы Санақ Ізбасаров бүгінде ауылдағы тәрбиелі азамат, майдангердің немерелерін өсіріп отырған үлгілі ұстаз ретінде елге сыйлы.


Джангельдинский район




Мұқанов Қабжамал

       1921 жылдың 15 маусымда Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №13 Октябрь ауылдық кеңесіне қарасты Бүйректал ауылында дүниеге келген. Білімі 7 сыныптық. 1942 жылдың ақпан айында Торғай АӘК-нан әскерге шақыртылып, соғыста 615 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1942 жылдың қараша айында Сталинград түбіндегі жаумен болған ұрыста сол қолынан жараланып, госпитальда емделіп, әскер қатарына жарамсыз болып елге оралған. «Ерлігі үшін» және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Өмірінің соңына дейін өзі туған Бүйректал кеңшарындажұмыс істеген. Жұбайы Сүлейменова Бану екеуінен 4 қыз, 1 ұл және немере-шөберелері бар. 1976 жылдың 19 маусымында қайтыс болған.


Амангельдинский район




Мұқанов Қойшы

       1906 жылы Торғайдың Ақкөлінде туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Әскерге 1941 жылы күзде алынған. Белоруссияны азат етуге қатнасқан. Соғыстан кейін ұжымшарда, кеін кеңшарда шопан болды. Озат шопан ретінде облыс, аудан деңгейінде марапатталды. Екі әйелінен 10 бала көрген. Қарасу аулында дүниеден өтті. Соғысқа қатнасушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күшитердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен атап өтілген.


Джангельдинский район




Мұқанов Әміртай

       1918 жылы қазіргі Шеген ауылында туған. Осында бастауыш мектепті бітірген. 1939 жылға дейін серіктестік, ұжымшарға еңбек еткен. Армияға 1939 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысы басталғанда запастағы атқыштар полкінде болды. 1942 жылы аяғынан жарақат алды, Саратов қаласындағы госпитальда емделген. 1943 жылы әскер қатарына жарамсыз деп елге қайтарылған. Әуелгі кезде ұжымшарда, кейін кеңшарда әр түрлі жұмыстар атқарды. 1979 жылы зейнетке шықты. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында медаль, белгілермен атап өтілді. 1995 жылы тамыз айында қайтыс болды.


Джангельдинский район




Мұқанов Ертай

       1926 жылы тамыз айының 1 күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылында дүниеге келген. Қызыл Армия қатарына 1943 жылы желтоқсан айында алынған. Ай жарым әскери дайындықта болып, ІІ Украина майданында 1313-ші атқыштар, кейін 463-ші полкта байланысшылар батальонында қызмет еткен. Майдандардың жорық жолдарымен Германия жеріне де жетті. Берлинді алған 9 мамыр күні әлі есінде. Содан 1948 жылдың қыркүйегіне дейін шекарада сақшы болды. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және 7 медальмен марапатталған. Елге келген соң, мал бақты. Қазір зейнеткер. 2 ұл, 2 қызы бар. Олардан немерелері бар.


Амангельдинский район




Мұқанов Мұса

       1926 жылы 14 маусымда Аманкелді ауданы, Екпінді ауылында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 321 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1945 жылы босап, елге келген соң, қойшы болып көп жыл жұмыс істеген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Мұқышев Абдрахман

       1923 жылы Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. Әскер қатарына 1941 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, 60 АП, 109 АД құрамында қатардағы жауынгер болған. Жаумен шайқасты Ленинград майданынан бастап, соғысты Берлин қаласына жақындап аяқтаған. Жауынгерлік ерлігі үшін Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және «Ерлігі үшін», «Венаны алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Әскери атағы – аға сержант. Соғыстан кейін көп жыл бойы ұстаз болып бала оқытқан. Соғыстан кейін жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Аманкелді ауданындағы Жасбуын орта мектебінен зейнеткерлікке шыққан. Жанұясында ұл, қыздары мен немере-шөберелері бар. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Мұңлыбеков Хамитбек

       1926 жылы 5 наурызда Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесіне қарасты Қарасу деген жерде дүниеге келген. Сол жердегі Жасбуын бастауыш мектебінде оқып білім алған. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Челябі облысы, Шұбаркөл деген жерде үш ай әскери дайындықта болып, ІІ Украина майданының құрамында Одер өзенінің жағасынан бірақ шығады. 19-ші дивизияның 54-ші полкінде, 120-ші минометшілер ротасында атқыш болады. Одер өзенінен өтердегі қырғын соғыста бір минометтегі жеті адамнан төрт адам ғана тірі қалды. Соғыс аяқталған соң полктің солдаттары Дрезден т.б. қалаларда тәртіп орнатып, қалпына келтіруде болды. Елге 1950 жылдың аяғында оралды. Чкалов колхозында жүк машинасына жүргізуші болып, 1968 жылға дейін жұмыс істейді. Кейін аудан орталығына көшіп келіп, әр түрлі мекемелерде жұмыс істеп зейнеткерлікке шығады. Отан соғысы ордені, «Ерлігі үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың және соғыстан кейінгі мерекелік 6 медальдары бар. «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің 100 жыл толуы құрметіне арналған медальмен марапатталған. Артында қалған ұл, қыз, немере ұрпақтары бар. 2002 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Мұратқали Камалұлы

       1924 жылы 5 мамырда күні қазіргі Жангельдин ауданының Қошалақ деген жерде Камал деген қарияның шаңырағында дүниеге келген он алтыншы баласы. Әкесінен үш жасында қалып, үлкен ағаларының қарауында болады, соның арқасында 30-ші жылдардағы ашаршылықтан да аман қалады. Соғыс басталар жылы 8-9 сыныпта оқыған. 1942 жылдың тамыз айында әскерге шақырылады. Тюмень, кейін Чебоксары қалаларында дайындықтан өтті, 79-ші жеке гвардияшыл минаатқыш дивизионның қатарына қосылды, Солтүстік, Волхов, Калинин майдандарында соғысты. Сол жылдың желтоқсанында қатары сиреген дивизионды бригада құрамымен Москва түбіне қайта құрастыруға жіберілді. Жаңадан шыққан М-В (катюша) қарумен жасақталған бригада қайтадан майдан шебіне оралды. Бригада 33 гвардияшыл полк деп аталды, 3-ші Белорусь майданына қарасты болды. Біздің майдангеріміз өзінің бөлімшесінде кіші сержант атағы бар нысанашы болды. 1943 жылдың 13 наурызында жаңа қарумен ең бірінші рет жауға қарсы от жалыны атқыланды. Бұл Белоруссияны азат етудегі алғашқы шайқастар еді. Содан кейін Польша, Германия болды. Кеингсберг қаласын алуға қатынасты. Майдандағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін» медальмен марапатталды. Германияны жеңгеннен кейін, Жапонияға қарсы соғысқа қатынасты. 1947 жылдың 4 ақпанында әскер қатарынан босап, елге оралды, бір жылдан кейін еңбекке араласты. Колхоздарда дайындау мекемесінің агенті болды, партия, совет, кәсіподақ қызметтерін атқарды, Шилі совхозында бөлімше меңгерушісі, жұмысшылар кооперациясында істеді. Құрметті демалысқа шықты, көп жылғы еңбегі бағаланып, «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдармен марапатталған. Алты бала тәрбиеледі, олардан 17 немере, 7 шөбере сүйіп отыр.


г.Аркалык




Мұсабаев Қабдыбек

       1925 жылы Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып, 196 АД, 893 АП құрамында қатардағы жауынгер. Соғыста Ленинград майданында болған. Әскерден 1945 жылы оралған. 1990 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика