Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Нұғманов Қайырбек

       1918 жылы Торғай қаласында туған. Әскер қатарына 1939 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысы басталғанда 744 атқыштар дивизиясы құрамында ұрысқа кірді. 1941 жылы 23 шілдеде сол қолынан ауыр жараланған. Елге тек 1947 жылдың аяғында келген. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдын, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері, оған Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік белгі-медальдармен марапатталып отырды. Бейбіт уақытта оқу бөлімі, аурухана мекемелерінің шаруашылық жағын басқарды. Жұбайы Диқанбайқызы Жұмагүл екеуі 8 бала, 15 немере, 5 шөбере көрген жандар. Қайырбек ақсақал 1988 жылы өмірден өтті.


Джангельдинский район




Нұғыманов Мұхамбетриза

       1924 жылы 16 ақпанда Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1942 жылы шақырылып, 164 АП құрамында бөлімше командирі болған. 1944 жылы Полтава қаласы үшін болған ұрыста жараланып, 1 топтағы соғыс мүгедегі болып, елге оралған. Әскери атағы сержант. Соғыста «Ерлігі үшін» медалімен, І дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Елге келген соң, комсомол, ауаткомда жауапты қызметтер атқарған. 1970 жылы дүние салды.


Амангельдинский район




Нұғыманов Нұржан

       1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1941 жылы тамыз айында шақырылып, соғыста 103 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1944 жылы Ленинград облысы Капицы деревнясы үшін болған ұрыста жаралы болып, елге оралған. 1944 жылы наурыз айының 13 жұлдызында өмірден өтті.


Амангельдинский район




Нұғыманов Нұржан

       1912 жылдың 1 қаңтарында Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №4 ауылында туған. 1935 жылға дейін Аманкелді ауданының «Тельман» колхозында колхозшы болған. 1937 жылы «халық жауы» деген жаламен 25 жылға сотталып, Владивосток қаласында жазасын өтеген. Сол жерден 1942 жылы әскерге алынып, 44 атқыштар дивизиясы, 146-атқыштар полкінде атқыш болған. 1944 жылы ауыр жараланып елге келген. Еңбекке араласты, Ленин атындағы колхоздың мал шаруашылығында, 1963 жылдан «Родник» совхозында қоймашы болып, 1970 жылы зейнеткерлікке шықты. Отан соғысы ордені, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және 8 мерекелік медальдары бар. Он бала тәрбиелеп өсірген. 1994 жылы қайтыс болған.


г.Аркалык




Нұғыманов Сабыржан

       1923 жылы 9 қазанда Торғайдың Жаркөл ауылында туған. 1942 жылы армияға алынған, Сталинград майданында пулеметчик болған. 1944 жылы ауыр жараланып, елге оралған. Қызыл Жұлдыз ордені және медальдармен марапатталған. 1972 жылы 49 жасында дүние салған. Елге оралғасын механизатор, малшы болып еңбек еткен. Қалған ұрпағы Нұғыманов Қайырбек Сабыржанұлы кезінде ауданның кеңшарларында бас зоотехник болып қызмет атқарды. Қатардағы жауынгер Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен атап өтілген.


Джангельдинский район




Нұрғазин Қызылбай

       1909 жылы Торғай қаласында туған. Иванов мектебінің екі сыныбын бітірген. Аудан мекемелерінде қызмет істеген. Соғысқа 1941 жылы алынған. Бұл кісінің майдандағы ерліктері туралы Әзілхан Нұршайықов, басқа да жергілікті авторлар бірнеше жазды. Барлауға барған бір сапарында 15 немісті тұтқынға әкелгені, ол бір төбе. Қызыл Жұлдыз ордені, «Ерлігі үшін» медалі т.б жауынгерлік наградалары соның айғағы. Әскерден келген соң, аудандық ауылшаруашылық мекемесінде бастық болды, кейін «ІІІ Интернационал» ұжымшарын басқарды, «Бестау» кеңшарында бөлімше меңгерушісі, Шилі жұмысшылар кооперациясының төрағасы қызметтерін атқарды. 1980 жылы қайтыс болды.


Джангельдинский район




Нұрғазин Ерден

       1920 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Саға ауылында туған. 1941 жылы маусым айында әскерге алынған. 1943 жылдың маусымына дейін Солтүстік Кавказ майданында қатардағы жауынгер болса, кейін аға лейтенант Воронеж және І Белорусь майданында атқыштар ротасының командирі болды. 1948 жылы Түркістан әскери округінің бұйрығымен запасқа жіберілген. Әскердегі ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған, кейін соғыс ардагері ретнде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен атап өтілді. Әскерден келгеннен кейін Семиозерда әскери комиссариатта істеген, Аманқарағай стансиясында ауыл әкімі болған. Туған жерге келіп кеңшардың мұнай базасын басқарды. 1995 жылы дүниеден озды. Артында үйлі баранды болған 4 ұлы бар, әр қайсысы хал-қадырынша еңбек етіп, ата абройын ілгері апаруда.


Джангельдинский район




Нұрғазин Мырзақан

       1921 жылы ақпан айының 17-сі күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданының бұрынғы Сартал ауылдық кеңесіне қарасты Қабырға өзенінің жағасында дүниеге келген. 1940 жылы Қостанайдағы акушер-фельдшер дайындайтын мектепті бітірген, содан кейін Қызыл Армия қатарына алынып, Подольскідегі №469 госпитальға санитарлыққа жіберілген. Госпиталь 2 гвардиялық армия, І Белорусс майданының қарамағында болды. Жау шегіне бастағанда, госпиталь да далалық жағдайға көшіп, армиямен бірге үнемі әскери жағдайда болады. Майдан әскерлері Латвияны, Литваны, Шығыс Пруссияны жаумен кескілескен ұрыспен босатып, Кенигсберг қаласын алады. Госпиталь осы қаладан 10 шақырым қашықтықта орналасады. Соғыстың аяқталуын сол жерде қарсы алды. «Ерлігі үшін» медальдың, Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденнің және мерекелік медальдардың иегері. Елге оралғаннан кейін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда эпидемиолог-дәрігер, осы мекеменің меңгерушісі, кейін аудандық ауруханада рентгенолог болып көп жыл қызмет істеп зейнеткерлікке шығады. 11 баласы, олардан туған немере-шөберелері бар.


Амангельдинский район




Нұрғалиев Қазанғап

       1922 жылы Торғайдың Шилі өңірінде туған. Шиліде жеті жылдық мектеп бітірген. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасты. Белоруссия, Украина жерінде жаумен ұрыстарға қатынасып, бірнеше рет жараланды. Жауынгерлік медалі бар. Әскерден кейін ұжымшарда, кейін кеңшарда қойма меңгерушісі боп істеді. Кейін жұмысшылар кооперациясында төрағаның сауда жөніндегі орынбасары міндетін атқарды. Соғыс мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. 2003 жылы туған аулында дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Нұрғалиев Хамит

       1919 жылы 15 қыркүйекте қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылдың қазан айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 182 арт.полкте бағыттаушы болған. Әскерден 1944 жылы Воронеж қаласы түбінде жаралы болып, елге оралған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика