Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Нұрпейісов Әбдіхалық

       1920 жылдың сәуір айында Торғай ауданының Көкалат ауылында дүниеге келген. 1942 жылы армия қатарына шақырылған. Ленинград майданында ұрыстарға қатысқан, қоршауды бұзу ісіне араласқан. Атқыштар полкінің жауынгері ерліктің талай үлгісін көрсеткен. Қызыл Жұлдыз орденін алуы, «Ленинградты қорғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Праганы азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдары соның айғағы. Берлинге жете алмай, контузия алған. 1945 жылы елге оралды. Әбдіхалық ағамыз туғанынан өнерпаз, әнші, суырып салма ақын еді. Ұзақ жылдар бойы (12 жыл) мәдениет саласында істеді, республикалық өнерпаздар байқауының лауреаты, аудандық ақындар айтысының жүлдегері болды. 1957 жылдан бастап өмірінің соңғы сәтіне дейін аброймен сауда саласында істеді. Жұбайы Сара Ильясқызы екеуі 3 ұл, 1 қыз өсірді. Бұл күнде 11 немересі, сондай-ақ 11 шөбересі өсіп жатыр. Өзі 1972 жылы ұзаққа созылған аурудан Алматы қаласында дүниеден озды.


Джангельдинский район




Нұрпейісов Ахмет Бейсенбайұлы

       1926 жылы 11 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында дүниеге келді. 1944 жылы 22 қыркүйекте әскери комссариатқа шақырылған. Алғашқы ұрысқа 1945 жылы 29 сәуірде Кенигсберг қаласы жанында кірген. Содан 1945 жылдың 9 мамырға дейін 298 атқыштар полкінде жауға қарсы соғысады. Жеңістен кейін Германияның Балтық жағалауында күзет взводында әскери борышын өтеуге қалады. 1951 жылы елге оралады. «Варшаваны азат еткені үшін» медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, сондай-ақ Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен марапатталған. Жеңіс күнінде мерекелік медальдармен марапатталып отырған. Елге оралғаннан кейін Қостанай мен Урицкий аудандарында учаскелік инспекторы болып істейді. 1965 жылы Торғайда ішкі істер бөлімінде қызметін мінсіз атқарып, 1980 жылы еңбек демалысына шықты. 1967 жылы «Мінсіз қызметі үшін» медалімен наградталды. Майдангер, ішкі істер қызметінің майоры (запастағы) Нұрпейісов Ахмет Бейсенбайұлы 2003 жылы 10 қаңтарда дүниеден озды.


Джангельдинский район




Нұрпейісов Мұқан

       1902 жылы Торғай өңірінің Сужараған ауылында туған. Білімі бастауыш деңгейінде. Елде серіктестік құру ісіне белсене араласып, төраға міндетін атқарған. Сатушылық жұмыста да болған. Ұжымшарда ферма меңгерушісі болып істеген. 1942 жылы әскерге шақырылып, жаяу әскер қатарында соғысқан. 1943 жылы жараланып жатқан жерінен немістер тұтқынға алған. 1945 жылы Гамбургтегі лагерьден американ әскерлері босатқан. Кейін Минск қаласында қатардағы жауынгер болып әскери міндетін атқарған. 1947 жылы елге оралды. Бейбіт уақытта «Сужарған», 1 мамыр ұжымшарларында малшы болып еңбек етті. 1962 жылы зейнетке шықты. Мерекелік медальдармен марапатталған. 1972 жылы дүниеден өтті. Артында балалары, немере, шөберелері бар.


Джангельдинский район




Нұрпейісов Шынберген

       1905 жылы Торғай уезі, қазіргі Жангелдин аулыдық округінде туған. Ауыл молдасынан, кейін сауатсыздықты жою мектебінен дәріс алған. Алғашқы құрылған серіктестікке басшы болған. 1942 жылы қаңтарда әскерге шақырылған. 1946 жылға дейін армия қатарында. Сталинград майданында, кейін Прибалтика майданы әскери бөлімдерінде, 254 атқыштар полкінде ұрыстарға қатысқан. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», сондай-ақ Жеңістің мерекелік медаль-белгілерімен марапатталған. Елге келген соң әуелі ұжымшарда бригадир, 1947-1950 жылдар аралығында «Алғабас» ұжымшарының төрағасы қызметінде болды. 1951 жылдан 1961 жылға дейін Торғай МТС-інде жүргізуші боп істеді. Кейін 1965 жылы зейнетке шыққанға дейін аудандық тұтынушылар одағында автодүкен сатушысы әрі жүргізушісі міндеттерін атқарды. 1985 жылы мамырда дүниеден өтті. Артында 4 ұл, 2 қыздан тараған жиырманың үстінде немерелері, шөберелері бар.


Джангельдинский район




Нұрсеитов Камел

       1925 жылы Әулиекөл ауданында туған. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Челябi облысының Шұбаркөл жерiнде алты ай арнаулы әскери дайындықтан өтедi, сол жерден 1943 жылы соғысқа аттанады. II Беларус фронтында шайқасып, көптеген жерлердi сыртқы жаудан азат еттi. Соғыстағы ерлiк iстерi үшiн Қызыл Ту орденiмен, «Варшаваны азат еткенi үшiн», «Берлиндi алғаны үшiн», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн» медальдарымен және бiрнеше мерекелiк медальдармен марапатталған. 1948 жылға дейiн Германияда әскери қызметiн жалғастырады. Елге аман-сау оралып, Әулиекөл ауданының Аманқарағай элеваторында койма меңгерушiсi болып еңбекке араласады. Семья құрып, жұбайы екеуi 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсiредi. 1951 жылы Мырзакөл совхозынан «Соснов» совхозының №2 Шолаққопа бөлiмшесiне механизатор болып келедi. Еңбегі бағаланып, «Тың жерлердi игергені үшін» медалiмен марапатталды. 1976 жылы ақпан айында өмiрден өттi.


Наурзумский район




Нұртаев Жарылғасын

       1898 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Албарбөгет округінде маусым айында дүниеге келген. 1942 жылы 1 мамырда Қызыл әскер қатарына шақырылған. Шұбаркөлде 2 ай әскери дайындықтан өтіп, майданға аттанды. 82-ші дивизия, 81-ші полкте пулеметчик болған. 1944 жылдың 15 қаңтарына дейін Ленинград қоршауында болған. Қоршауда көрсеткен ерлігі үшін «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған. 1944 жылдың 8 ақпанында Нарва қаласы үшін ұрыста ауыр жараланып, госпитальға түскен. 1945 жылы ауылға жеңіспен оралып, балаларының қызығын көріп, 1990 жылы дүниеден озды. Екі баласынан 7 немересі бар. Нұртаев Жарылғасын Амангелді атындағы ұжымшардың, кейін «Еңбек» кеңшарының жылқы түлегін өсіріп, көбейтуге көп еңбек сіңірген кісі. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің мерекелік медаль-белгілерімен марапатталған. Бейбіт күнде алған «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі бар.


Джангельдинский район




Нұртазин Аяш

       1906 жылы қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Шеген ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін серіктестікте, ұжымшарда мүше боп еңбек еткен. 1942 жылы маусымда Торғай әскери комиссариаты шақырып, майданға жөнелтілген, 318 артиллерия полкінің 6 батареяда ұрыстарға қатынасқан. Дон, Белоруссия майдандарында соғысқан, сондай-ақ Сталинград шайқасына да қатысқан. 1946 жылы елге оралған. «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен және Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарының мерекелік белгі-медальдармен марапатталған. «Еңбек ардагері» медалінің иесі. Өмірден 2000 жылы өтті. Артында ұлдарынан тараған ұрпақтары бар.


Джангельдинский район




Нұрфазылов Молдагүл

       1905 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанды. 48 Армия, 217 дивизия, 755 полк, 2 батальон, 3 взвод құрамында болып, Польша, Белоруссия елдерін, Смоленск қаласын азат етуге қатынасып, Германияға дейін барады. Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен наградталған. Елге келген соң мал шаруашылығында еңбек етеді. 1986 жылы қайтыс болды.


г.Аркалык




Нұрханов Қасыбай

       1925 жылы 1 қаңтарда Қостанай облысы Наурызым ауданында туған. 1943 жылы 10 қарашада майданға аттанған. Украина жерінде соғысқан. Сол соғыста жарақаттанып, 1944 жылы тамыз айында туған жері Науырзымға қайтып келген. Соғыстан келгеннен кейін колхозда жұмыс істеген. 1951 жылдан бастап жылқы, қой, сиыр баққан, колхоздың басқа жұмыстарын да атқарған. Соғыстағы ерліктері үшін Отан соғысы орденімен және мерекелік медальдармен марапатталған. Жары Зылиқа екеуі қазірде бала-шағасының ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Қарамеңді ауылы, Науырзым ауданында тұрады.


Наурзумский район




Нұрханов Махат

       1915 жылы 15 қаңтарда қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге 1941 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 175 жеңіл арт.батальонында бөлімше командирі болған. Әскери атағы сержант. Әскерден 1945 жылы босап, елге келген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика