Слютенко Петр Павлович Родился в 1901 г. В армии с 1941 г., 1013 СП. Призван Семиозерным РВК. Воинское звание рядовой. Ранен 29.03.1942 г., находился на лечении в эг 1514. Аулиекольский район |
Смағұлов Ғазез 1915 жылы Торғайдың Қошалақ құмының Байеке қонысында дүниеге келген. Сауаты бастауыш деңгейінде, сондай-ақ ауыл молдасынан да дәріс алған. Әскерге 1941 жылы алынғанға дейін «Соцжол» ұжымшарында түрлі жұмыстар атқарды. Соғыс кезінде алғашында жаяу әскер қатарында болды. Бірнеше рет жараланып, 1944 жылы мүгедектігіне байланысты елге оралды. Көп кешікпей «Тұз» бөлімшесінде сатушы болып істеді. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталған. 1975 жылы зейнеткерлікке шықты. 1993 жылы Сужарғанда дүниеден өтті. Артында қалған лайықты ұрпақтары бар. Джангельдинский район |
Смағұлов Қаблахат 1921 жылы Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста Калининград майданында 114 АП құрамында, кейін І Украина майданында 765 АП құрамында бөлімше командирі болған. Әскер атағы – кіші сержант. Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Киевті қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. 1944 жылы Могилев облысының Крупиново селосы үшін болған ұрыста жараланып, госпитальда емделіп, соғыс мүгедегі болып елге оралған. Елге келгеннен соң, колхозда, кейін аудан орталығындағы мекемелерде есепші болып жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан. Жаңұясында ұл – қыздары мен немерелері бар. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Смағұлов Қадыр 1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Сарыторғай деген жерде туған. 1942 жылы әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып, Шұбаркөл қаласында әскери дайындықтан өткеннен кейін 18 гв. АД, 58 гв. АП құрамында Калининград майданындағы ұрыстарға қатынасқан. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. 1945 жылы мамыр айында әскер қатарынан босап келгеннен соң, осы ауданның Сарыторғай совхозында көп жыл жұмыс істеген. 1996 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Смағұлов Әлім Қазіргі Аманкелді ауданына қарасты Қабырға ауылында 1908 жылы туған. 06.1941жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 5 Армияның, 172 АД, 188 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Смоленск облысының Веретное селосы үшін болған ұрыста жараланып, госпитальда емделіп, 1944 жылы әскер қатарынан босап елге келген. Көп жыл бойы ауылдық кеңестің хатшысы, қойма меңгерушісі, т.б. жұмыстар істеп, зейнеткерлікке шыққан. Жауынгерлік ерлігі үшін 6 медальмен марапатталған. Артында ұл, қыздары мен немерелері бар. 1994 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Смағұлов Жұмағұл 1902 жылы Торғайдың Ақкөлінде дүниеге келген. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен, суармалы тары егісімен айналысқан. 1941 жылы әскерге алынып, елге тек 1945 жылы оралған. Рязань қаласын алуға қатнасқан. Соғыстан кейін ұжымшарда, кейін «Южный» кеңшарында малшы болып жұмыс істеді. Соғыс ардагері ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. 1990 жылы өз аулында дүниеден өтті. Артында қалған балаларынан тараған ұрпақтары Астанада, өз аулында тұрып жатыр. Джангельдинский район |
Смағұлов Кенжеғали 1923 жылы 21-ші қарашада Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №37 Еңбекші ауылдық Кеңесіне қарасты Чкалов деген жерде туған. Жасбуын мектебінде оқып, 7 жылдық білім алады. Кейін Мендіғара ауданындағы мұғалімдер дайындайтын оқу орнында оқып, оны бітіргеннен кейін бастауыш мектептерде мұғалім болады. 1942 жылдың тамыз айында әскер қатарына шақырылып, 213-ші атқыштар полкінің құрамында Днепр өзені жағалауындағы елді мекендегі ұрыстарға қатынасады. Одан кейін Калининград майданындағы ұрыстарда сол қолынан жараланып, Свердловск қаласындағы госпитальда емделіп, әскер қатарына жарамсыз деген 1 топтағы мүгедек болып, елге оралды. Өзінің мамандығы мұғалімдікті жалғастырады. Бірақ денсаулығына байланысты басқа жұмысқа ауысып, колхозда почта тасу, кілтші-учетчик т.б. жұмыстар атқарып көп жыл еңбек етіп, 1978 жылы зейнеткерлікке шығады. Отан соғысы жылдары көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және соғыстан кейінгі мерекелік бес медальдармен марапатталған. Жанұясында ұл-қыздары және немерелері бар. 2004 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
Смағұлов Сейдағали 1923 жылы 8 наурызда Албарбөгет ауылдық кеңесінде, 4 ауыл, Қарабидайық деген жерде туған. 1942 жылы 24 маусымда Қызыл Әскер қатарына алынып, Челябі облысы, Шұбаркөл деген жерде әскери дайындықтан өткен соң, Сталинград майданына жіберілді. 1942 жылы 19 желтоқсанда немістерге қарсы шабуылда оң жамбасынан жарылғыш оқ тиіп, ауыр жараланған. Содан госпитальда 7 ай жатып, 1943 жылы 29 шілдеде екі таяқпен елге оралады. Бейбіт жылдары есепші болып қызмет атқарды. Соғыс ардагері ретінде ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталады. Ұлы Отан соғысының 20, 25, 30 жылдығы және әскери Қарулы Күшінің 60, 70 жылдық мерекелік медальдары бар. Жұбайы Күләнда Әшірбекқызы екеуі 5 бала тәрбиелеп өсірген. Джангельдинский район |
Смағұлов Сыздық 1912 жылы Торғайдың Ақкөл ауылында туған. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. 1942 жылы қазанда әскер қатарына шақырылған. Негізінен Украина майданында теміржол батальонында болып әрі жөндеу жұмыстарында, әрі ұрыстарға қатысқан. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» т.б. медальдармен марапатталған. Соғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерін алған. Соғыстан кейін «Жаңа тұрмыс» ұжымшарында, «Албарбөгет» кеңшарында жылқышы, кейін ұзақ жыл шопан боп істеді. Еңбек наградалары да бар. 1998 жылы қайтыс болды. Бес ұл тәрбиелеп өсірген, балалары арасында мұғалімдер, заңгер, кәсіпкерлер бар. Джангельдинский район |
Смағулов Қадір 1916 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданында дүниеге келген. Соғысқа дейін ауылшаруашылығының әр саласында жұмыс істеген. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың қараша айында алынып, ІІ Украина майданында 246 дивизияның 7-ші бөлімшесінде кіші командир болған. І-ІІ дәрежелі Отан соғысы орденінің, «Ерлігі үшін» және мерекелік медальдардың иегері. 2005 жылы қайтыс болған. г.Аркалык |