Садчиков Георгий Трофимович Род. в 1912г. Годы службы:1941-1945гг. Участник боев на различных ф-х. Род войск - артиллерия. Воинское звание – ст. сер-нт. Награжден орденом Отечественной войны 1-й ст.. г.Костанай |
Садчикова Агафья Степановна Род. в 1914г. Год службы:1942г. Участница боев на различных ф-х в составе ЭГ 3597. Род войск - пехота. Воинское звание – рядовой. Награждена орденом Отечественной войны 2-й ст.. г.Костанай |
Садықов Қабылда 1918 жылы 27 наурыз айында қазіргі Қостанай облысы, Жанкелдин ауданының Еңбек ауылында туған. Армия қатарына 1939 жылы Алматы облысы, Жаркент әскери комиссариатынан шақырылған, шоферлік курсты бітіріп, сол әскери комиссариатта шофер болып жұмыс істейді. 1940 жылдың сәуірінен тамыз айына дейін 225-ші атқыштар полкінде, кейін 58-ші автотранспорт полкінде, 1941-1945 жылдары 82, 85 айрықша автотранспорт бригадасында жүргізуші болып соғысқа қатынасады. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдармен марапатталған. Армия қатарынан 1946 жылдың тамыз айында босап келіп, мал өнімдерін дайындау мекемесінде агент, Аманкелді МТС-де жүргізуші, Крупская атындағы совхозда жүргізуші болып зейнеткерлікке шығады. 2004 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
Садықов Естек 1919 жылғы 2 шілдеде қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Қызыл Ту елді мекенінде туған. Әскерге Аманкелді әскери комиссариаты арқылы 1939 жылдың тамыз айында шақырылған. 1939 жылы финн соғысына қатысқан. 1941 жылы Ұлы Отан соғысында 469 атқыштар полкінде атқыш, 74 запастағы атқыштар полкінде бөлімше командирі, кейін 363 запастағы атқыштар полкінде рота старшинасы болған. Елге 1946 жылдың наурыз айында келіп, «Еңбек» колхозында басқарманың орынбасары болған. 1949 жылдан 1959 жылға дейін «Қорғасын» руднигінде бұрғышы, шахта бригадирі болып істеген. 1959 жылдан өмірінің соңына дейін Аманкелді ауданы «Бүйректал» совхозында жүргізуші, малшы болып, 1979 жылы зейнеткерлікке шыққан. Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендері мен «Жапонияны жеңгені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері» және 6 мерекелік медальдар бар. Жұбайы Садықова Бақыт екеуі бес бала тәрбиелеп өсірген. 1993 жылы қайтыс болған. г.Аркалык |
Садықов Жұмабай 1925 жылы Торғайдың Шұбалаң аулында дүниеге келген. Әскерге 1943 жылы алынған. Неміс фашистерімен Украина майданында айқасқан. Ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденін алған. Әскерде байланысшы болған. Елге оралған соң да 1945 жылы осы қызметін жалғастырды. Байланыс бөлімшесін басқарды. 1962 жылы қайтыс болды. Артында қалған балаларынан біраз немерелері бар. Джангельдинский район |
Садықов Ысқақ 1906 жылы қазіргі Аманкелдi ауданында дүниеге келген. Әскерге дейiн колхоз құруға қатысқан. 1941 жылы соғысқа шақырылды. Соғыста жамбасына оқ тиiп, 1943 жылы балдақпен ауылға оралды. Соғыстағы ерлiк iстерi үшiн Қызыл Жұлдыз орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін” және де мерекелік медальдарымен наградталған. Елге оралған соң колхоз басқармасы болып iстедi. Жұбайы Бәкен екеуi балаларын тәрбиелеп өсiрген. 1995 жылы қайтыс болған. Наурзумский район |
Садықов Ысқақ 1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1940 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 341 АП құрамында қатардағы жауынгер. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, әр түрлі жұмыстар істеген. 1995 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Садыкаев Нажигали Родился 20 ноября 1916 года. Принимал участие в боях с июня 1941по май 1945 года, звание – рядовой. Был контужен. Награжден медалями «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За боевые заслуги», «За взятие Берлина», «За освобождение Варшавы». г.Рудный |
Садыков Камин Садыкович Родился в 1917 г. В армию призван Семиозерным РВК 14.01.1942 г., 1015 СП. Войнское звание красноармеец. Ранен 19.03.1942 г., на лечении в эг 3136. Аулиекольский район |
Садыков Мыркай Родился в 1899 году, уроженец с.Ушкарасу Семиозёрного района. На войне участвовал в составе действующей армии с 12.1941года в 627 СП, 162, 364 СД. Освобождал г. Харьков. Награды: медаль « За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.». Аулиекольский район |