Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Сейітқасымов Ысқақ

       1893 жылы Торғай уезінің қазіргі Шеген аулында туған. Білімді әуелі ауыл молдасынан алған, кейін Торғайда Иванов мектебінде оқыған. Серіктестікте істеп, өзінің бейімділігі арқасында аудан орталығындағы «Қызыл Ту» артелінде тігіншілікте істеген. 1942 жылдың наурыз айында армия қатарына шақырылған. Украин майданының 214 запастағы полкінде 1 жыл, 235-ші бөлекше ротада 2,5 жыл қызыл әскерге киім тігумен айналысқан. Соғыс кезінде «Ерлігі үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарымен марапатталған. Ұрыста алған жарақаты бар. Армиядан 1945 жылы босап келген. Бейбіт өмірде Торғайдағы балалар үйінің шаруашылық жағын басқарды. Ұлы Отан соғысының қатынасушысы ретінде Жеңістің мерекелік медаль-белгілерімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Жұбайы Алтынсары Бижанқызы екеуі 12 перзент көріп, соның 2 ұл, 1 қызының ғана өскенін көре алды. Қазір 15 немересі бар.


Джангельдинский район




Сейлов Ұқыш

       1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Қайынды ауылдық кеңесіне қарасты Сарыторғай деген жерде туған. 02.1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 484 арт.полкте бөлімше командирі болған, әскери атағы аға сержант. Жауынгерлік Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Әскер қатарынан елге келіп, Сарыторғай совхозында шопан болып жұмыс істеп, еңбектегі табыстары үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі» үшін медальмен марапатталған. 1996 жылы қайтыс болған. Жанұясында ұл, қыздары мен немерелері бар.


Амангельдинский район




Сейсенов Канаш

       Родился в 1902 году в селе Экпенды, ныне Мендыкаринского района Костанайской области. Трудовую деятельность начал в своем селе разнорабочим. Участник Великой Отечественной войны, инвалид второй группы. Женился в 1946 году, имеет пятерых детей. Имеет юбилейные медали в честь победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. и юбилея Вооруженных Сил СССР.


Мендыкаринский район




Сейтқазин Дәуітбай

       1906 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Ақсай деген жерде туған. Сол жердегі бастауыш мектепте оқып, кейін Ақсай серіктестігінде жұмыс істеген. 1942 жылы 22 маусым айында Торғай әскери комиссариатынан армия қатарына шақырылған. Соғысқа алғашқы рет Ленинград майданында фашистерге қарсы ұрысқа қатысады. 1943 жылдың басында Карелофинн майданында Петрозаводск қаласын немістерден азат етеді. Одан кейін бұл полкті ІІ Украина майданына жібереді. Батыс Украина, Венгрияның Карпат тауындағы кескілескен ұрысқа қатысады. Соғысты Венгрия жерінде аяқтайды. Жарақаттанып, госпитальда емделіп, 1946 жылдың басында елге оралады. «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдармен марапатталады. Елге келгеннен кейін колхозда қой фермасының меңгерушісі, кейін совхоз ұйымдасқанда бөлімше меңгерушісі болып көп жыл еңбек етеді. 1967 жылы зейнеткерлікке шығады. 1968 жылы қайтыс болды.


Амангельдинский район




Сейтқасымов Боқан

       1921 жылы 19 сәуірде Жангелдин ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1941 жылы қараша айында әскерге шақырылып, майданда 520 АП құрамында қатардағы жауынгер болып, 1943 жылы Калинин облысының Зайцево деревнясы үшін болған ұрыста жараланып,1 топтағы соғыс мүгедегі болып, елге оралған. Көп жыл бойы Аманкелді ауданында есеп қызметінде жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан. 1998 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Сейтқожин Әмірбек

       1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Сартал ауылдық кеңесінде туған. Әскер қатарына 1940 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, 511 АП жауынгер болған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келген. Колхозда жұмыскер болған. 1984 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Сейтқожин Есімсеит

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Сартал ауылдық кеңесінде туған. Әскерге 1940 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 39 гв. АД құрамында қатардағы жауынгер. 1943 жылы Ленинград майданында жараланып, елге оралған. Көп жыл бойы колхоз басқармасы, ферма меңгерушісі, т.б. жұмыстар атқарған. 1992 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Сейтқожин Сабыршын

       1920 жылы 26 желтоқсанда Аманкелді ауданы, Сартал ауылдық кеңесіне қарасты Алакөл ауылында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 211-ші полкте минер болған. Әскерден 1946 жылы босаған. Крупская атындағы совхозда жұмыс істеген. Зейнеткерлікке шығып, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Сейтқожин Сейдағазы

       1914 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Сартал ауылдық кеңесінде туған. Әскерге 1942 жылы ақпанда Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 84 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1942 жылы қазан айында жараланып, әскер қатарынан босап, елге оралған. Жауынгерлік төрт медальмен марапатталған. Крупская атындағы совхозда жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Сейтаев Сейлхан

       Родился 8 марта 1920 года в ауле Коянды Денисовского (Камышинского) района Кустанайской области. В 1939 году был призван в ряды Красной Армии Джетыгаринским райвоенкоматом. С первых дней Великой Отечественной войны на передовой, был ранен при обороне города Рига. Дальнейшая военная служба проходила в блокадном Ленинграде, где получил второе ранение. После снятия блокады города участвовал в боях за освобождение Прибалтики, встретил Победу в Кенигсберг. Член КПСС с 1942 года. Политрук, награжден многими орденами и медалями Родины. В мирное время Сейтаев Сеилхан работал заведующим отделом Джетыгаринского райисполкома, инструктором Кустанайского обкома партии, директором совхоза им.Лермонтова, ответственных постах Северо-Казахстанкого облисполкома.


Алтынсаринский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика