Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Түлкібаев Райымбек

       1907 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 02.1941 жылы шақырылып, соғыста 15-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 05.1945 жылы әскерден босап елге келіп, көп жыл бойы етікші болып жұмыс істеген.


Амангельдинский район




Тұңғышбаев Сейдағалам

       1914 жылы қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келді. Колхозшы болды. 1941 жылы маусым айында әскерге алынды. Бірден Сталинград майданына апарылды, 134-ші атқыштар полкінің құрамында соғысқа кірді. 1942 жылдың қыркүйек айында ауыр жараланып, Саратов қаласындағы госпитальға түсті. Дәрігерлер соғысқа жарамсыз деп тауып, қару-жарақ қоймасына жіберді. Соғыс аяқталған соң 1945 жылдың қыркүйек айында елге оралды. Аманкелді, Арқалық аудандарында мал шаруашылығында көп жылдар жылқышы, малшы болып жұмыс істеді. Үйленді, жеті бала тәрбиелеп өсірді. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және 10 мерекелік медальдармен, еңбектегі жақсы қызметі үшін Еңбек даңқы орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдармен марапатталды. Қазір Арқалық ауданы «Аңғар» ауылында тұрады.


г.Аркалык




Тұрғалиев Әуезбек

       1920 жылы Аманкелді ауданы, Елтай ауылдық кеңесінде туған. 06.1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 853 АП құрамында бөлімше командирі болған. Әскери атағы аға сержант. Әскерден 05.1945 жылы босап елге келіп, көп жыл бойы қой бағып, зейнеткерлікке шыққан.


Амангельдинский район




Тұрғалиев Әузбек

       1920 жылы сәуір айының 5 жұлдызында Қостанай облысы Аманкелді ауданының Шолаққарасай ауылында дүниеге келген. Жеті жасынан әке-шешеден жетім қалып, үкіметтің тәрбиесінде болған. 7 кластық білім алған. 1939 жылы өзі сұранып әскер қатарына барған. Әскерде жүргенде соғыс басталып, комиссиядан өтіп, 9-шы әуе-десантты бригадасының құрамында соғысқа кірген. 3 майда Берлинде жараланып, госпитальда 3 ай жатқан. Елге 1946 жылы оралған. Соғыстан кейінгі уақытта жылқышы болған. 1985 жылы ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы» мерекелік медалімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен, Жеңістің 55 жылдық құрметіне соғыс ардагері белгісімен марапатталды. Зейнеткер. Қазіргі уақытта ұлы Ділдебайдың қолында тұрып жатыр.


г.Аркалык




Тұрғымбеков Досымбек

       1917 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Үштоғай ауылында туған. 1942 жылдың 1 маусымында әскер қатарына шақырылып, Украина, Белоруссия майдандарында 24, 27, 350, 373-ші атқыштар полктерінде пулеметчик болған. Белоруссия жерінде болған ұрыста «Ерлігі үшін» медальмен марапатталған. Сонымен қатар «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және соғыстан кейінгі мерекелік медальдары бар. Армия қатарынан 1946 жылдың қазан айында босап, Құсмұрын станциясындағы темір жол депосында 1953 жылға дейін жұмысшы болған. Кейін Семиозер ауданының Басаман орман шаруашылығында 1964 жылға дейін жұмыс істеген. Аманкелді ауданының «Степняк» совхозына көшіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек еткен. Отбасында балалар мен немерелері бар, үлгілі жанұя болған. 1992 жылдың тамыз айында қайтыс болды.


Амангельдинский район




Тұрғынғожин Шайхыстан

       1922 жылы Аманкелді ауданы, Қабырға ауылында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 465 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1943 жылы Харьков облысы Малая Писаревка селосы үшін болған ұрыста жараланып,1943 жылы І топтағы соғыс мүгедегі болып елге оралған. Көп жыл бойы аудандық кеңесте хатша болып жұмыс істеген. 1992 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Тұрғынбаев Қаби

       20 мамыр 1908 жылы Торғай уезі, қазіргі Шеген ауылында дуниеге келген. Ол 1939 жылы Меңдіқара педагогикалық училищесіне түсіп, 1941 жылы осы оқу орнының толық курсын бітірген.Ол 1941 жылдың 14 қыркүйегінде Қостанай облысының Федоров ауданындағы Батмановка жеті жылдық мектебінен Ұлы Отан соғысына аттанады. 54 атты әскер дивизиясының 9-ші полкінде қызмет етті. Содан кейін 1941 жылдың 14 желтоқсанында Калинин қаласының оңтүстігінде екінші рет майданға кірді. Ұрыстарда ерлігімен көзге түскен аға сержант Қаби Тұрғынбаев бөлімше командирлігіне тағайындалды. Белоруссияның Мозель қаласы үшін болған ұрыстан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1945 жылдың аязды қысында Минск-Мазовелук түбіндегі ұрыстағы ерлігі үшін үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Аға сержант Қаби Тұрғынбаев жеңіс күнін әйгілі Эльба өзені бойында қарсы алады. 1945 жылдың 16 желтоқсанында елге оралып, міне содан бері ширек ғасыр уақыт педагогтік қызмет атқарып, 1968 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Ол 1991 жылы 21 желтоқсанда дүниеден өтті. Артында қалған Отарбай есімді ұлы қарт жауынгердің әулетін жалғастырып, ұл-қыз өсіруде.


Джангельдинский район




Тұрғынбеков Досымбек

       1917 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Сарыадыр ауылында туған. 1942 жылы маусымда Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 1945 жылдың мамырына дейін 350 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Елде «Степняк» совхозында қызмет істеп, қайтыс болған. Жауынгерлік төрт медальмен мараптталған.


Амангельдинский район




Тұралин Ғаббас

       1916 жылы 6 мамырда қазіргі Әулиекөл ауданының Қосжалтыр деген жерiнде дүниеге келген. Соғысқа дейiн ауылда мұғалiм болып бала оқытқан. 1943 жылы әскерге алынып, жаралы болып 1945 жылы елге келген. Оң аяғын сылтып басатын. 1956 жылы Бәдиша Жүсiпқызымен үйленiп, одан екі ұл бала және екi қыз баласы бар. Осы балаларынан көрген немерелерi өсiп жатыр. 1995 жылы дүниеден өттi.


Наурзумский район




Тұрмағанбетов Ерғали

       1926 жылы Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 11.1944 жылы әскерге шақырылып, соғыста 05.1945 жылға дейін 124 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік үш медальмен марапатталған. Елде көп жыл жұмыс істеп, 1989 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика