Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Тұрмағанбетов Ерхан

       1912 жылы Батпаққара болысында (қазір Аманкелді ауданы) №4 Елтай ауылында дүниеге келген. Аудан орталығындағы орталау мектептен оқып білім алған. 1932 жылы аудандық тұтыну одағы кооперациясына есепші болып жұмысқа орналасқан. Кейін білім бөлімі, промартель мекемелерінде есепші-бухгалтер болып қызмет атқарған. 1942 жылы әскер қатарына алынып 28 гвардиялық атты әскер полкінің құрамында Сталинград майданында соғысқа қатысады. Котельников селосы тұсында жаппай шабуылға шығып, жаудың шебін бұзып, Сталинград қаласынан 100 шақырымдай қашықтыққа дейін кейін шегіндіре білді. Осы ұрыста ауыр жараланып, госпитальде 5 ай жатып, 1943 жылдың 2 наурызында әскер қатарына жарамсыз деп табылып, елге оралады. Еңбекке араласады. Аудандық промартельде бас есепші, ауылшаруашылығы бөлімінде нұсқаушы-бухгалтер, білім бөлімінде бас есепші, райпотребсоюзда бас бухгалтердің жәрдемшесі болып қызмет атқарып зейнеткерлікке шағады. Соғыстағы ерлігі бағаланып, І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және кейінгі жеңістің мерекелік 6 медальдармен марапатталған. Сонымен қатар «Тың жерлерді игергені үшін» 20-жылдық медалінің иегері. Жанұясында ұл, қыз және немере қызығын көрген. 1982 жылы бұл өмірден өткен.


Амангельдинский район




Тұрманов Темірғали

       1924 жылы Аманкелді ауданы, Қайғы ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1942 жылы шақырылып, соғыста 370 АП құрамында болған. Әскерден босап елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанша ұстаз болып бала оқытқан. 2003 жылы дүние салды.


Амангельдинский район




Тұрсынбаев Какімбек

       1922 жылы Аманкелді ауданы, Бүйректал ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 07.1942 жылы шақырылып, соғыста 520-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1942 жылдың желтоқсанында Ленинград облысының Ново-Николаевка деревнясы үшін болған ұрыста жараланып елге оралған. «Бүйректал» совхозында жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Тұрсынов Алпысбай

       1917 жылы Қараторғай болысы, кейін Батпаққара ауданының Торғай өзені жағалауындағы №3 ауылда дүниеге келген. Доғал деген жердегі бастауыш мектептен білім алған. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, финндер мен арада болған соғысқа қатысқан. Ленинград қаласы жанындағы Гатчина қаласында кіші командирлер дайындайтын курсты бітіріп, Батыс майданына қарасты 309 атқыштар полкінде бөлімше командиріне тағайындалған. Бұл полк 18 Армия құрамында болған. 1941 жылы неміс әскерімен алғашқы шайқасқа араласып, «Ерлігі үшін» медальмен марапатталған. Кейін 309 полк Забайкалье фронтына ауыстырылып, жапон соғысына қатынасады. Ұрыстардағы ерлгі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденін алады. Осы белгілердің сыртында «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдары бар. Елге келгеннен кейін Жаңа ауыл жеті жылдық мектебінде ұстаз болады, кейін Аманкелді орта мектебінде зейнеткерлікке шыққанша оқытушы ұстаз болып жұмыс істейді. 1971 жылы қайтыс болады. Артында 2 ұлы, 6 қызы, немере-шөберелері бар.


Амангельдинский район




Тұяқбаев Райымбек

       1907 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге шақырылғанға дейін колхозда жұмыс істеген. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, Шұбаркөл қаласында әскери дайындықтан өткеннен кейін 13 АД 147 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Украина, Белоруссия, Польша, Венгрия жерлерін жаудан азат ету ұрыстарына қатысқан. Жауынгерлік «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Будапешті алғаны үшін» және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Соғыстан елге келгеннен кейін аудан шаруашылығының әр саласында жұмыстар атқарған. Жанұясында 2 ұл, 1 қыз балалары мен 8 немерелері бар. 1987 жылы қайтыс болды.


Амангельдинский район




Тұяқов Рақымжан Ахметұлы

       1924 жылы туған. 1942 жылдың тамызында Қызыл Әскер қатарына алынған. І Украин майданында, 30 Хасан полкінің құрамында болған. Соғысты Москва түбінен бастап, Белоруссия, Польша Германия жерлерінен өткен. Жеңісті Берлинде қарсы алған. 1945 жылдың сәуір соңында Берлинді баса-көктей өтіп, 150 шақырымдай жердегі Альтенграф қаласының маңындағы зауытындағы тұтқындарды азат еткен. Соғыстан кейін аман-сау елге, отбасына оралған. Федоров ауданында екі жыл жұмыс істеп, Науырзым ауданына қоныс аударып, «Көктал» совхозында құрылыста жұмыс істеген. Бірнеше орден-медальдармен марапатталған соғыс ардагері. Әйелi Қатима екеуi Қасымқан атты бiр бала тәрбиелеп өсiрген, одан 5 немересi және 7 шөбері сүйді. 2007 жылы 4 мамырда Қарамеңді ауылында дүние салды.


Наурзумский район




Тәжекенов Мүсілім

       1906 жылы 12 наурызда қазіргі Аманкелді ауданында дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына кеткен. Украин майданында атқыштар дивизия құрамында станковой пулеметчик болған. 1943 жылы Киев қаласының маңында екі ауыр жарақат алған, Ереван қаласындағы әскери госпитальда алты ай емделген. 1944 жылы наурыз айында ауыр жарақатының себебінен әскери борышынан босатылған. Сол жылы Қостанай қаласына оралып, осы қалада отбасын құрып, дүниеге екі қыз, үш ер бала әкелген. Притобольский совхозында зейнеткерлік демалысына дейін қызмет атқарған. 1994 жылы дүниеден кеткен.


Наурзумский район




Тәжікенов Қарғабай

       1923 жылы наурыз айының 8 күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №10 Жаңақоныс ауылдық кеңесіне қарасты, Құмкешу ауылында дүниеге келген. 1942 жылдың сәуірінде әскер қатарына алынады. 312-ші атқыштар полкінің құрамында Дондағы Ростов, Новочеркасск қалаларды, көптеген елді мекендерді азат етуге қатынасады. Кейін 96-шы дивизияның 706 полкінің құрмына ауысып, Белгород, Курск, Орел доғасында жауға қарсы шабуылға шығып, қырғын шайқастан кейін 1943 жылдың маусым айында немістердің бірінші қорғанын бұзіп, оларды шегіндірді. Курск облысының Накиевка қаласы үшін ұрыста Қ.Тәжікенов соғысқан рота жауынгерлері қатты шығынға ұшырап, қоршауға түсіп, жау қолында 1945 жылдың сәуір айына дейін тұтқында болды. Совет әскерлері оларды босатады да тиісті орындардың тергеу, тексеруінен кейін ақталып, 1945 жылдың 25 мамырында армия қатарынан босап елге келеді. Бұрынғы мамандығы бойынша мектепте мұғалім болып орналасып, 1974 жылға дейін ұстаздық етеді. Соғыс кезіндегі ерлігі үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медльдары бар. 1974 жылы қайтыс болды. Артында 8 баласы бар.


Амангельдинский район




Тәпелов Жүніс Есенейұлы

       1926 жылдың 6 қаңтар күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген. Мектептен кейін серіктестіктің, колхоздың әр түрлі жұмыстарында болған. 1944 жылдың 26 қарашасында Қызыл Армиясы қатарына шақырылып, алғаш рет 243-ші полктің құрамында атқыш есебінде соғысқа кіреді. Содан 47-ші, 205-ші атқыштар полктерде атқыш болып, Ұлы Жеңісті қарсы алады. Соғыстан кейін әскери қызметін жалғастырады. Бірнеше әскери құрамында міндетін атқарып, 1950 жылдың қазан айында елге оралады. Жеңіске арналған мерекелік медальдармен және Отан соғысы орденімен марапатталады. Елде колхоздың, совхоздың қара жұмысынан бастап, есепші, завхоз, жұмысшылар кооперациясында сатушы болып, абройлы еңбек демалысына шықты. Үш қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірді. 1991 жылдың 7 мамырында дүниеден озды.


Амангельдинский район




Тәшімбетов Жұмағали

       1904 жылы қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Жаркөл ауылында туған. 1942 жылдың мамыр айында армия қатарына шақырылған. Сталинград майданында 971 атқыштар полкінде ұрыстарға қатысқан. 1942 жылдың 29 қыркүйегінде ауыр жараланып, эвакогоспитальге түскен. 1943 жылдың ақпан айында соғысқа жарамсыз деп тауып, елге оралған. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», сондай-ақ соғысқа қатнасушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарындағы мерекелік медальдардың барлығын да алған, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Соғыстан қайтып келісімен Сталин атындағы ұжымшарда мал бағуға кірісті. Ерен еңбегі бағаланып, «Еңбектегі ерлігі үшін» медаліне, Қазақ ССР-нің Құрмет грамотасына ие болды. Өмірде екі қыз, бір ұл өсірді, қазіргі күнде 16 немере, 22 шөбересі бар.


Джангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика