Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  



Ыңғаев Ғалымжан

       1903 жылы 15 қарашада №13 ауылда (қазіргі Дәмді) дүниеге келген. Соғыс басталғанша мал баққан. 1942 жылы барлық ер-азаматтар қатарлы Отанды қорғауға майданға аттанады. 1945 жылы елге оралған соң, малшы болып жұмыс істеген. Дәмді ауылының тұрмыс жағдайы түзелуіне зор үлес қосқан кісілердің бірі. 1967 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1980 жылы қайтыс болды.


Наурзумский район




Ыбраев Кәдір

       1911 жылы Торғай селосында дүниеге келген. Жетімдікті ерте көріп, жақын туыстары, қамқоршысы болмағандықтан, 1923 жылдың мамыр айында балалар үйіне өткізілді. 1930 жылдың 5 мамырында балалар үйі Қарабалықтағы ауыл шаруашылық техникумына жолдама береді. Техникумды 1934 жылы бітірген соң, бөлімше агрономы ретінде Солтүстік Қазақстан облысының Совет ауданы, Клямен астық совхозына жіберілді. 1942 жылдың қаңтар айында әскерге шақырылып Оңтүстік майданның 37 запас полкінің жауынгері болды. 1942 жылы наурыз айында неміс армиясының қоршауында тұтқынға түседі. 1945 жылдың мамырында ағылшын әскерінің көмегімен босап, маусымда Қызыл Армиясының қарамағына ауыстырылады. 1945 жылдың 2 қарашасында армия қатарынан босап, еліне аман-есен оралады. 1945 жылы қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Ленин ауданында бөлімше агрономы болып жұмысқа жіберіледі. Ал 1950 жылдан 1966 жылға дейін Қостанайдың Қарабалық, Меңдіқара аудандарында өз мамандығы бойынша қызмет атқарады. 1966 жылы тамыз айында аға экономист болып, туған Жангелдин ауданының КПСС ХХІ съезі атындағы совхозына жұмысқа орналасады. 1971 жылы зейнеткерлікке шыққасын «Торғай» кеңшарына қоныс аударып, еңбек етеді. Жұбайы Ерденқызы Қапиза екеуі бірнеше бала өсіріп, оларға тиісті мамандық алуларына жағдай жасады. Мінезі жайсаң, кісіге қамқор, ортасына сыйлы ақсақал болатын. 1987 жылы 76 жасында дүниеден озды.


Джангельдинский район




Ыбыраев Қабден

       1915 жылы 15 сәуірде Бүйректал жерінде дүниеге келген. Төрт сыныптық мектепте оқыған. Соғысқа дейін әр жерде жұмыс істеген. 1942 жылы Аманкелді әскери комиссариатынан майданға аттанған. Днепр, Десна, Березина, Нарев, Висла, Одер жорық жолдары Отанымыздың жүрегі Москва түбінде басталып, Балтық жағалауы елдеріне жетіп аяқталған жауынгерлердің бірі. Ұрыс далаларындағы ерлігі үшін жауынгерлік Қызыл Ту орденімен басқада мерекелік медальдармен марапатталған. Бобруйск қаласын алудағы шайқаста ерекше көзге түскендіктен Жоғары Бас Қолбасшының бұйрығымен «Бобруйскілік» деген атақ берілген 108-атқыштар дивизиясының сапында болған. 1946 жылы елге аман-есен оралғаннан кейін қол қусырып отырмады. Бейбіт өмірдің еңбегіне білек сыбана араласады. Ауыл шаруашылығының әр саласында еңбек етеді. Қазіргі таңда бұл кісінің екі баласы және немерелері бар. 1992 жылы қайтыс болды.


Наурзумский район




Ыскаков Қасым

       4 қыркүйекте 1917 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №8 ауылда туған. Армия қатарына 1941 жылы алынып, 1946 жылы елге оралған. Сталинград майданына қатынасқан. Елге келген соң өзінің туған ауылында мал шаруашылығын дамытуға үлкен үлес қосқан. Жылқышы, ферма меңгерушісі жұмыстарын атқарған. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 1995 жылы қайтыс болған.


г.Аркалык




Ысмағұлұлы Қыпшақ

       Қазіргі Қостанай облысы, Науырзым ауданына қарасты «Құлан қабақ» деген жерде 1916 жылы мамыр айында дүниеге келген. Орталау мектепті аяқтап, еңбекті 1933 жылы Докучаев бастауыш мектепте мұғалім болудан бастады. 1935-1939 жылдары Қостанай педагогикалық училищесін, кейін Меңдіқара педагогикалық техникумын бітіріп, Науырзым бастауыш мектебінің мұғалімі, әрі меңгерушісі болып орналасады.1941 жылы осы бастауыш мектеп жеті жылдық орталау мектебі болып ашылып, оған бірінші директоры болып тағайындалды. 1942 жылы қазан айынан Сталинград майданында 62 Армия, 318 атқыштар дивизиясының құрамында Ұлы Отан соғысына қатынасып, елге 1946 жылы оралды. Екі рет «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғаған үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдармен және І-ІІ дәрежелі Отан соғысы, ІІ-ІІІ дәрежелі Даңқ одендерімен, тағы басқа құрмет белгілерімен марапатталған. Елге оралып, бұрынғы жұмысын жалғастыра береді. 1949 жылдан бастап Семиозер ауданының оқу ағарту бөлімінің инспекторы, Миалы ауылында жеті жылдық орталау мектебінде директор, Мырзакөл жеті жылдық орталау мектебінде қазақ тілінің мұғалімі, Науырзым жетіжылдық орталау мектебінде мұғалім, Бүйректал жетіжылдық орталау мектебінде орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып, 1959 жылы осы мектептің директоры болады. Қарағанды педагогикалық институтын сырттай оқып бітіреді. Кейінгі жылдары Бұйректал сегізжылдық орталау мектебінің директоры, Науырзым сегізжылдық орталау мектебінің орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, Раздольный орта мектебінің бірінші директоры болды. 1964 жылдан Науырзым орта мектебінде 1980 жылға дейін (құрметті демалысқа шықсада) ұстаздық жұмыстан қол үзбеді. Көп жылғы үздік еңбегі үшін «Қазақстанның халық ағарту үздігі» құрметті атағының иегері. Ол кісінің алдынан сабақ алған академиктер Сағындық Сатыбалдин, Кенжеғали Сағадиев, ұстазының жолын қуып көп жылдар оқу министрі болған марқұм Шайсұлтан Шаяхметов. Алты бала тәрбиелеп, жетілдірді, немерелерінің қызығын көрді. 1990 жылы наурыз айының 28-де дүние салды.


Наурзумский район




Ысмағұлов Жабатай

       1925 жылы Қостанай облысы Торғай ауданының Қызылқоғада шаруа отбасында дүниеге келді. 1933 жылы Ы.Алтынсарин атындағы мектепке оқуға барады. 1942 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылады. Соғыстан 1945 жылы аман сау елге оралады. Соғыс кезінде ерен ерлігі үшін ІІ және ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Тирасполь қаласы үшін қиян-кесті ұрыстарды басынан өткізді. Киев пен Курскіні, Минск пен Карпаттағы қалаларды азат етуге қатысты. Соғыстан келгеннен кейін ұжымшар жұмысына белсене араласып, кейіннен жүргізуші болып жұмыс істейді. 1960 жылы кеңшар құрылғаннан кейін Қарақұдық бөлімшесінде 1964 жылға дейін жүргізуші болып жұмыс істейді. 1964 жылдан кеңшарда 1977 жылға дейін шопан болып жұмыс істейді. Бейбіт күндерде де еңбек үлгісін көрсетіп, аудандық, облыстық орындардың марапаттауына ілікті. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің айтулы жылдарында мерекелік белгі-медальдармен атап өтілді. Артында ұлы Оңдасын, одан тараған бірнеше немерелері бар. Соғыс зардабынан болған денсаулық кемістігінен 1981 жылы бақиға аттанды.


Джангельдинский район




Ысмағұлов Кәрімжан

       1920 жылы Торғай қаласында туған. Әскерге 1940 жылы шақырылып, кейін Ұлы Отан соғысына қатынасып, аяғынан ауыр жараланып, ІІ топтағы мүгедек болып 1943 жылы елге оралды. 27 қызылтулы дивизияның 8 батальонында жауынгер бола жүріп, талай ерлік көрсеткен. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, басқа да мерекелік белгі-медальдар соның айғағы. Өмірінің көп уақыты ауданның байланыс мекемесінде өтті. Зейнетке шығар алдында «Юбилейный» кеңшарында материалдық қойма меңгерушісі болды. Жұбайы Үрзен Қарашақызы екеуі өмірге 5 ұл, 3 қыз бала әкеліп өсірген ұлағатты отбасы еді. Кәрімжан Ысмағұлұлы 1983 жылы Торғайда дүниеден өтті. Ұрпақтары Ақтөбе, Ақмола, Қостанай облыстарының қала, ауданында тұрып жатыр.


Джангельдинский район




Ысмаилов Мұқаш

       Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы маусымда Торғай АӘК-нан әскерге алынып, Шұбаркөл қаласында әскери дайындықтан өтіп, 48-ші Каз. атты әскер дивизиясында қызмет еткен. Соғыста Сталинград майданында болған. 08.1944 жылы жараланып, елге оралған. Елге келген соң колхоз, совхозда жұмыс істеген. Өмірінің соңғы кезінде аудандық аңшылар қоғамында жұмыс істеген. Жауынгерлік 6 медальмен марапатталған. 1989 жылы қайтыс болған. Жанұясында ұл-қыздары мен немерелері бар.


Амангельдинский район




А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика