Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу '19' было найдено совпадений: 25577


Қазиев Жалғасбай

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына алынып, 57 АП құрамында қатардағы жауынгер. Әскер қатарынан 1944 жылы жараланып босаған. Елге келіп қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қазиев Көккөз

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Амантоғай ауылында туған. 1942 жылы қаңтар айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 127 АД құрамында қатардағы жауынгер болған. 1943 жылдың тамызында Ростов қаласының маңындағы Русское селосы үшін болған ұрыста жараланып, госпитальда емделіп, әскерге жарамсыз болып елге оралған. Елге келген соң малшы болып көп жыл жұмыс істеген. Еңбегі бағаланып, «Құрмет белгісі» орденімен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.


Амангельдинский район




Қазиханов Шәкір

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскер қатарына 1940 жылы шілде айында Торғай АӘК-нан шақырылып, 33 АД, 73 АП қатардағы жауынгер болған. Соғыста Калининград майданында болып, Холм қаласы үшін болған ұрыста жараланып, 1944 жылы елге оралған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қазыбаев Сейден

       1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Құмкешу ауылында туған. 1942 жылы мамырда Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 156 жеке атқыштар батальонында қатардағы жауынгер болған. 1943 жылы тамыз айында Смоленск облысының Захарово деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Көп жыл бойы колхоз, совхозда жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қаймолдин Күрдей

       1918 жылы мамырдын 5-де қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, соғыста 48 арт. полкте зеңбірек көздеушісі болған. 1943 жылы Смоленск облысы, Брытова деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Колхоз, совхоздарда жұмыс істеп қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қайралапов Абдухамит

       1915 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1943 жылы Қостанай ҚӘК-нан әскерге алынып, 18 және 676 АП қатардағы жауынгер болып соғысқа қатынасқан. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, көлік жүргізуші болып, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қайралапов Сәмен

       Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста Ленинград майданында 146 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен және «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, аудан шаруашылықтарында жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қайырбеков Төлеубай

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1941 жылы шақырылып, 731 АП қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1946 жылы босап елге келген соң, колхоз, совхоздарда жұмыскер болып, зейнеткерлікке шыққаннан кейін қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қалақ Өтепқалиұлы

       1915 жылы қазіргі Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылында дүниеге келген. Еңбекке ерте араласты. Соғысқа 1942 жылдың аяғында шақырылып, бір ай дайындықтан өткен соң, майданға Сталинград түбіндегі сұрапыл шайқасқа бірден түседі. 1943 жылдың көктемінде жаралы болып санчастқа түседі, айыққаннан кейін қайтадан майданға қосылады. Сталинград қаласын неміс басқыншыларынан түгелдей босатуға қатысады. Сол жылдың күзінде тағыда жаралы болады, емделеді. Комиссияның соғысқа жарамсыз деген шешімі бойынша әскери қызметтен босап, елге оралады. Көп жылдар бойы колхоздың, кейін совхоздың жылқысын бақты. 70-ші жылдың ортасына дейін совхоздың поштасын ат-арбамен тасып мекемелерге, бөлімшелерге жеткізіп тұрды. Жасы келген шағында, құрметті демалысқа шықты. Сегіз баланың әкесі (5 ұл, 3 қыз), бәрін оқытып тәрбиеледі, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға жеткізген. Соғыс және еңбек ардагері І дәрежелі Отан соғысы орденімен, Совет Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың, Жеңіске арналған жеті мерекелік медальдармен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. 2000 жылдың 21 мамырда 85 жасында дүниеден озды, туған жері Дәмді ауылында жерленді.


Наурзумский район




Қалашов Жұмағали

       1914 жылы Торғай уезінің қазіргі Шеген аулында өмірге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанда Торғайда 9 сынып бітіріп, өз ауылында бастауыш мектеп мұғалімі боп істеген. 1942 жылы армияға алынып, Шұбаркөлде дайындықтан өтіп, Сталинград майданында ұрыстарға қатысқан. Солтүстік Кавказ аумағында арқасынан жараланып, 1944 жылы елге қайтарылған. 1946 жылы үйленген, жұбайы Зияда Шаяхметқызы екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді, 11 немерелері бар. Әуелі Алғабас бастауыш мектебінде, кейін Шұбаланда мектеп меңгерушісі боп істеді. Сырттай оқып Мендіқара педучилищесін бітірген еді. 1972 жылы дүниеден өткенге дейін туған ауылы - «Торғай» кеңшарында ұстаздық етті. Отан соғысына қатынасушы ретінде Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің айтулы жылдарында мерекелік медаль-белгілермен атап өтілді. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» мерекелік медалімен марапатталған.


Джангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика