![]() Ахметов Жавдат Ахметович Родился в 1917 году в д. Начибашково, Салаватский район Башкирской АССР. С января 1941 года по июль 1942 год в составе 34 кавалерийского полка принял участие в боях. Награды: юбилейные медали. Аулиекольский район |
![]() Ахметов Жармағамбет 1913 жылы Торғайда туған. Торғайдағы Ыбрай Алтынсарин негізін қалаған орыс-қазақ мектебінде оқыған. Аштық кезінде наубайханада істеп, елге нан үлестірумен айналысып, «нанғара» атанған. 1942 жылы әскерге шақырылып, 40 гвардиялық атқыштар полкінің жауынгері болған. Елге 1945 жылы қазанда оралған. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», сондай-ақ Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілермен марапатталған. Елге келген соң әр салада жұмыс істеп жүріп, СПТУ-да тәжірибелік қой отарын бақты. Кейін «Речной» кеңшарына ауысып, абыройлы шопан болды. Жұбайы екеуі әр саланың білікті маманы болған балаларды өсірді. Бірі облысқа танымал дәрігер, бірі қоғамдық жұмыстарда елге белгілі азамат, бірі қаржы қызметкері болса, қызы театрда белгілі әртіс боп ел құрметіне бөленуде. Жәкең 1989 жылы Торғайда дүниеден өтті. Тура жолдан таймайтын, өзіндік пікірі бар, батыл ақсақал болатын. Джангельдинский район |
![]() Ахметов Жиентай Родился в 1898 году в с.Песчанка. До ухода в армию работал в колхозе. Участвовал в Великой Отечественной войне с 1942 по 1945 год. Войну закончил на подступах к Германии. Награжден медалью «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», юбилейными медалями. После войны работал скотником в колхозе. Умер в 1975 году. Узункольский район |
![]() Ахметов Зейнолла 1914 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Байғабыл деген жерде дүниеге келген. Соғыстың алдында серіктестікте, кейін колхозда жұмыс істеп, 1942 жылы әскер қатарына алынған. Майданда 115-ші атқыштар полкінің құрамында Батайск және Дондағы Ростов үшін шайқасқа қатынасып, алғаш жауынгерлік сынақтан өтеді. Кейін Донбас жерінде соғысады. 1943 жылдың мамыр айының басында кеңес әскерлерінің Қаратеңізден Харьковке дейінгі аймақта неміс-фашист әскерлеріне қарсы шабуылы басталады. Осы ұрыстарда жауынгердің оң аяғына оқ тиіп, госпитальға түседі. Бес ай емделгеннен кейін комиссияланып, 1943 жылдың аяғында елге оралады. Елге келген соң колхоз жұмысына араласып, мал бағады. Кейін совхозда шопан, малшы болып зейнеткерлікке шығады. Жанұясында 2 ұл, 3 қыз өсіріп, олардан 14 немере, 8 шөбере сүйеді. 1993 жылы маусым айында қайтыс болады. Амангельдинский район |
![]() Ахметов Иманбай Родился 5 апреля 1908 года в ауле Оркаш. Работал в Бестобе разнорабочим. В 1941 году призван в ряды Красной Армии Джетыгаринским РВК. Воевал в Подмосковье, под Можайском, в пехотной роте. Был дважды ранен. Демобилизован в 1946 году. После войны работал в совхозе парторгом, председателем совхозрабкоопа с. Жайылма. В 1948 году женился. В 70-е годы вышел на пенсию. Совместно с супругой Оразбике воспитал десять детей (пять сыновей и пят дочерей). Ветеран имеет боевые награды, а также награды за доблестный труд.
Камыстинский район |
![]() Ахметов Ізтелеу 1922 жылы қыркүйекте Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра ауылында туған. Оның бүкіл өмірі Торғай ауданымен байланысты. 1942 жылдың қыркүйегінде әскер қатарына шақырылған, 635 атқыштар полкінде пулеметчик болған. 1944 жылы наурыз айында елге оралған. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», сондай-ақ Жеңістің атаулы жылдары мен Қарулы Күштер мерекелік мадальдарымен марапатталған. Ұрыс даласынан шынығып келген жігерлі жас жігіт аудандық ішкі істер бөліміне қызметке алынып, 1972 жылға дейін, құрметті демалысқа шыққанша, абыройлы да белсене жұмыс жасады. Ішкі істер министрлігі тарапынан көптеген марапатқа ие болды. Жұбайы Балжан Сүйірбайқызы екеуі 12 ұл-қыз тәрбиелеп жеткізді. Өзі 2002 жылы қыркүйек айында дүниеден өтті. Ахметовтар әулетінде қазір 18 немере өсуде. Джангельдинский район |
![]() Ахметов Күржібай 1915 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, № 38 ауылында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 93-ші жеке атқыштар бригадасында бөлімше командирі болып, әскер қатарынан 1944 жылы ІІ топтағы соғыс мүгедегі болып елге оралған. Көп жыл малшы болып, зейнткерлікке шыққан. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Ахметов Каирбай 1909 года рождения, воевал с мая 1942 по май 1945 г., сапер 48 понтонно-мостового батальона, награжден медалью «За отвагу». п.Каменск-Уральский. Мендыкаринский район |
![]() Ахметов Каирбек Родился в 1909 году в с. Денисовка Орджоникидзевского района. Работал в заготконторе рабочим. Был призван Джетыгаринским РВК в июне 1942 года и воевал в составе 220, 1248 стрелковых полков до окончания войны. Имел ранения в правую руку, в плечо. Был демобилизован в мае 1945 года. Вернулся домой, работал в заготконторе рабочим до ухода на пенсию. Награжден медалями «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», юбилейными медалями. Денисовский район |
![]() Ахметов Кали Родился в 1919 году. Воинское звание старший сержант. Службу проходил в 457 стрелковом полку. Умер в апреле 1955 года. Денисовский район |