Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'Н' было найдено совпадений: 25739


Қасымов Жұмағали

       1926 жылы Аманкелді ауданы, №15 Қызыл Ту ауылдық кеңесіне қарасты Бүйректал ауылында туған. Аманкелді АӘК-нан 1945 жылы ақпан айында әскерге шақырылып, 199 АД, 617 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Әскер қатарынан 1946 жылы қараша айында босаған. Зейнеткерлікке шыққанға дейін осы ауданның «Бүйректал» совхозында жұмыс істеген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қасымов Сағидолла

       1918 жылы 9 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Науырзым ауданында дүниеге келген. 4 сыныптық мектептi бiтiредi. Әскер қатарына алынғанға дейiн өз ауылында советтiк хатшы болып қызмет iстейдi. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, майданға аттанады. Соғыстан 1947 жылы аман-сау елге оралады. Әйелi Ұмсын екеуi Сәлемхат атты бiр бала тәрбиелеп өсiрген, 3 немересi бар. Сағидолла Қасымұлы 1994 жылы Өлеңдi ауылында дүние салды. 1987 жылы дүниеден өттi.


Наурзумский район




Қоғабаев Өмір

       1913 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, 1 – май ауылдық кеңесінде туған. 1941 жылдың тамыз айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 63 атты әскер полкінде Сталинград майданында болған. 1942 жылы жараланып, ІІ топтағы соғыс мүгедегі болып елге оралған. 1991 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қоқышов Мағаз

       1926 жылы 1 қазанда Қостанай облысы, Аманкелдi ауданының Жаңа–Талап ауылында дүниеге келген. Сол жерде он кластық мектептi бетiрген. Еңбек жолын өз ауылында есепшi болып қызмет атқарумен бастады. 1944 жылы әскер қатарына шақыртылды, 24-шi қосымша атқыштар полкiнде атқыш болған. 1945 жылдың сәуірінен 47 атқыштар полкiнде атқыш, 92-шi мехполкiнде писарь, аға писарь болды. Елге 1950 жылдың сәуірінде оралды. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен және де мерекелік медальдармен марапатталған. Еңбек саласында «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдармен марапатталған. Елге оралған соң, есепшi болып жылдар бойы «Қостанай-комсомолы» совхозында қызмет атқарып, елге адал еңбегiн сiңiрген. Жұбайы Сақытаймен 7 бала өсiрiп, тәрбиелеп, 2 ұлын ұяға, 5 қызын қияға қондырып , 4 немере 3 шөбере сүйiп, қызығын көрген бақытты жандар. Мағаз ата 77 жасында 2003 жылы 1 қыркүйекте қайтты.


Наурзумский район




Қожақов Назымбек

       1921 жылы Аманкелді ауданында туған. 1940 жылдың қазан айында Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 520 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1944 жылы Воронеж қаласы үшін болған ұрыста жараланып, соғыс мүгедегі болып елге оралған. Көп жыл бойы есеп қызметінде істеген. 1991 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қожамжаров Жұмабек

       1911 жылы қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Албарбөгет округінде дүниеге келген. Соғысқа дейінгі жылдарда әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда мүше боп еңбек еткен. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, жаяу әскер қатарында болған. 1945 жылы соғыс аяқталғаннан кейін, елге оралып, өзі туған Албарбөгет ұжымшарында мал бағып, озат шопан болды. Ұлы Жеңістің 20, 30, 40, 45 жылдығына байланысты медальдарымен марапатталды. 1995 жылдың 19 наурызында қайтыс болды. Зайыбы Тұрғанша Шайхығалиқызы 5 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген «Ардақты ана» иегері. Еңбекқор, қазақ халқының өсуіне үлес қосқан қарапайым отбасы болатын.


Джангельдинский район




Қожахметов Құсайын

       1925 жылы 1 сәуірде Аманкелді ауданында туған. 1943 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 8814 АП қатардағы жауынгер болған. Әскер қатарынан 1946 жылы босап, елге оралған.


Амангельдинский район




Қожахметов Абдіғали

       1912 жылы Аманкелді ауданында туған. 1942 жылдың сәуір айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 303 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік алты медальмен марапатталған. 1944 жылы тамызда Витебск облысының Казаки селосы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Өмірінің соңына дейін Бүйректал совхозында жұмыс істеген.


Амангельдинский район




Қожин Қайралап

       1904 жылы Торғайдың Қошалақ құмында дүниеге келген. Сауатын ауыл молдасынан, кейін САУЖОЙдан ашқан. Ауданда алғаш техника тетігін меңгеріп, жүргізуші болған азаматтың бірі. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының майдандарында ұрыстарға қатнасып, бірнеше жауынгерлік медальдар алған. Соғыстан кейін ұжымшарда жүргізуші, кейін кеңшарда күзетшілік міндетттерін атқарған. Ұлдары Тілектес, Жанатай Шиліде тұрады. Бәйеке атты баласы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, кеңшар парткомының хатшысы жұмыстарында істеді. Инабатты, үлгілі отбасы. Қайралап ақсақал 1977 жылы дүниеден озды.


Джангельдинский район




Қозыбақов Дүйсенбай

       1918 жылдың 1 сәуірінде қазіргі Аманкелді ауданы, № 11 ауылда туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 744 АП қатардағы жауынгер болған. 1941 жылдың желтоқсан айында Ленинград облысындағы Клишин станциясы үшін болған ұрыста жараланып, елге І топтағы мүгедек болып оралған. Көп жыл бойы аудандық ішкі істер блімінде қызмет еткен. 1994 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика