Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'Н' было найдено совпадений: 25739


Сейдахметов Балтабай

       1922 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданының қазіргі Ақшығанақ ауылдық округінде дүниеге келген. 1939 жылдан Торғай аудандық дайындау мекемесінде статист әрі дайындаушы болды. 1942 жылы армия қатарына шақырылды. ІІІ Украин майданының 465 атқыштар полкінде, кейін 80 гвардия дивизияда ұрыстарға қатнасты. Запорожье қаласын жаудан азат ету шайқасында ауыр жараланып, 1944 жылы мүгедектігіне байланысты елге оралды. Соғыс даласындағы жанқиярлық ерліктері «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Жеңістің атаулы жылдар орден-медальдарымен белгіленді. Тумысынан есеп-қисапқа өте жүйрік азамат 1944 жылдан бастап аудандық банк жүйесінде аға бухгалтер, кейін бас бухгалтер және несие инспекторы, аудандық ауылшаруашылық инспекциясында аға нұсқаушы-бухгалтер, аудандық жоспарлау комисиясына аға экономист жұмысында болды. Аудандық кеңес атқару комитетінің жауапты хатшысы, аудандық партия комитетінің нұсқаушылық міндеттерін аброймен атқарды. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының төрағалығы жұмысында да болды. 1971-1977 жылдар аралығында КОКП ХХІ съезі атындағы кеңшарды басқарды. Соғыс және еңбек ардагері Еңбек Қызыл Ту, Отан соғысы орденімен, сондай-ақ 12 медальмен, республикалық, облыстық басшы орындарының Мақтау қағаздарымен атап өтілді. Жұбайы Кәмпит Шалабайқызымен екеуі 10 бала тәрбиелеп өсірді. Немере-шөбере сүйді. 2003 жылы 81-ге қараған шағында бақиға озды.


Джангельдинский район




Сейдахметов Жұманазар

       1922 жылы 15 мамырда Аманкелді ауданы, Амантоғай ауылында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 465 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1944 жылы Воронеж облысының Поповка селосы үшін болған ұрыста жараланып, І топтағы соғыс мүгедегі болып, елге оралған. Елге оралғаннан соң мал маманы болып көп жыл жұмыс істеген. 1999 жылы дүние салды.


Амангельдинский район




Сейдахметов Жанахмет

       1919 жылы қаңтар айында Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Бестам деген жерде дүниеге келген. Серіктестікте, кейін колхозда жұмыс істеген. 1939 жылы армия қатарына шақырылып, Смоленск қаласында әскери міндетін өтеп жатқанда, Ұлы Отан соғысы басталады. Неміс басқыншыларымен сол жерде кескілескен ұрысқа қатынасады. 1942 жылдың шілде айында Воронеж қаласының оңтүстігіне қарай Дон өзенінің жағалауында 219 дивизияның атқыштар батальоны немістердің шебін бұзып өтіп, Новый Оскол, Белгород, Волжанск қалаларын жаудан босатады. 1943 жылдың тамыз айында Дала фронтының әскерлері неміс шебін бұзып, шабуылға шығып, Днепр өзені бойындағы Кремнчуг қаласын азат етеді. Осы ұрыста ауыр жараланып, госпитальда емделіп, сол жылдың аяғында елге оралады. «Ерлігі үшін» медалімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталады. Сонымен қатар жеті мерекелік медальдары бар. Елге келгеннен кейін осы ауданның Андрев атындағы колхозда 14 жылдай бас есепші, кейін бригадир, Крупская атындағы кеңшарында Есір мал бордақылау бөлімшенің қойма меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 1976 жылы зейнеткерлікке шығады. Артында 2 ұл, 3 қыз,10 немере, 3 шөбересі бар. 1992 жылы қайтыс болды.


Амангельдинский район




Сейдахметов Махмет

       1916 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Бүйректал ауылында туған. 1941 жылы маусымда Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 590 АП құрамында жауынгер болған. 1941 жылы қыркүйек айында қоршауда қалып, жау қолында 1945 жылдың мамыр айына дейін тұтқында болған. Елге келген соң, «Бүйректал» совхозында жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Сейдельдинов Зейнула

       Родился в поселке Лукьяновка Семиозерского района Костанайской области в 1921 году. Являлся участником Великой Отечественной войны. С фронта вернулся инвалидом 3 группы. Умер 21 ноября 1985 года в селе Сосновка Наурзумского района Костанайской области.


Наурзумский район




Сейденов Егінбай

       1926 жылдың тамызында Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық округі, Кемер ауылында туған. 1944 жылдың қараша айында әскерге Аманкелді АӘК-нан шақырылып, 2 Армияның 298 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жау әскері шегінде қала, селоларда қалған жаудың жеке топтарын жоюға қатынасқан. Әскер қатарынан 1950 жылы босап, елге келген. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Елге келгеннен кейін осы ауданның «Коммунизм жолы» совхозында шофер, кейін шопан болып жұмыс істеген. Жанұясында 4 ұл, 4 қыз және немере, шөберелері бар. 1978 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Сейдильдин Бөкеш

       1921 жылы 1 сәуірде Аманкелді ауданы, Үрпек ауылында туған. Әскер қатарына 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, 520 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1943 жылы Харьков облысының Лебединка селосы үшін болған ұрыста жараланып, ІІ топтағы соғыс мүгедегі болып, елге оралған. Аудан мекемесінде қызмет істеп, зейнеткерлікке шығып, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Сейділденов Зейнолла

       1921 жылы туған. Әскер қатарына 1942 жылдың 10 тамызында Семиозер әскери комиссариатынан шақырылған. Елге 1945 жылы 9 желтоқсанда оралады. 133 атқыштар полкiнда, 72 атқыштар дивизиясында соғықа қатысқан.


Наурзумский район




Сейдуев Базарбай Тургаевич

       Родился 1 августа 1925 года в поселке Коктал Семиозерного района. 10 июня 1942 года призван в ряды Красной Армии. После шести месяцев подготовки в Чебаркуле, направлен в состав II Украинского фронта, 77-й батальон противотанковых орудий. Участвовал в боях по освобождению городов и сел Украины. По заданию командования сражался в партизанских отрядах и соединениях. Был ранен, лечился в Ашхабадском госпитале. Демобилизован в июне 1944 года. Вернувшись на родину, трудовую деятельность продолжил в поселке Коктал. До 1953 года разнорабочий фермы №3 Сулукульского совхоза. Потом до выхода на пенсию в 1981 году старший чабан отделения Коктал. С супругой воспитали 9 детей: шесть дочерей и троих сыновей. Награды: орден Отечественной войны II степени, медали Маршала Советского Союза Жукова Г.К., юбилейные медали. Умер 24 мая 2005 года.


Аулиекольский район




Сейілов Жұмабай

       1921 жылы Қызылорда қаласында туған. Әскерге 1940 жылы Торғай әскери комиссариаты арқылы шақырылған. Әуелі 167 атқыштар дивизиясында курсант болды. 1941 жылдан 1945 жылдың мамыр айына дейін Ұлы Отан соғысына қатысты, екі рет жараланды. Елге 1947 жылы келген. Соғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарының белгі-медальдармен наградталған. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Жұбайы Гүлшира екеуі 9 бала тәрбиелеп өсірген. Жұмекең елге келген соң сауда жүйесінде қойма меңгерушісі, товаровед болып істеді. Балаларынан немере, шөберелері бар. Ардагер 1995 жылы наурыз айында дүниеден өтті.


Джангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика