Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу '19' было найдено совпадений: 25577


Әбілдинов Тұрсынбек Қозыкеұлы

       1925 жылы 25 желтоқсанда Торғай ауданының Шұбалаң ауылында туған. 1943 жылдың қаңтарында Жітіқара ауданында 9 сыныпта оқып жүргенде әскер қатарына алынған, Орал әскери округінің 3 атты әскер полкінің 6 дивизионында барлаушы болған. 1944 жылдың мамырынан тамызға дейін Орал әскери округінің 4 екпінді армиясының жеке барлаушылар ротасында жауынгер. Кейін Прибалтика майданы қарамағында, 332 дивизияның 1119 атқыштар полкінде барлаушы. Соғыстан кейін Глухово қаласындағы өздігінен жүретін артиллерия училищесінде курсант. 1947-1949 жылдар аралығында әскер қатарынан босағанға дейін 738 танкілерді сақтау артиллерия базасында танк командирі. Армиядан келген соң жартыжылдай аудандық әскери комиссариатта іс жүргізуші боп істеді. 1950 жылдан бастап аупартком хатшысының көмекшісі, аудандық спорт комитетінің төрағасы, аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінде аға инспектор боп істеді. 1960 жылдың тамызынан 1963 жылғы шілдеге дейін «Южный» кеңшарында кәсіподақ комитетінің төрағасы боп ауылшаруашылығына араласты. 1963 тен зейнетақыға шыққан. Майдандағы ерен ерлігі Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен және соғыстан кейінгі мерекелік медальдармен белгіленген. Отбасында 3 ұл, 2 қыз өсірген.


Джангельдинский район




Әбілтаев Әбдікәрім

       1921 жылы Аманкелді ауданы №8 ауылда туған. 1929-1935 жылы Семиозер ауданындағы балалар үйінде тәрбиеленген. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 46 гв. АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Лениград қаласын қорғауға қатысып, 23.02.1943 жылы жараланып Киров қаласындағы госпитальда емделіп елге оралған. Колхозда есепші, сатушы болып жұмыс істеп, 1976 жылы зейнеткерлікке шыққан. Жауынгерлік 4 медальмен марапатталған. 1996 жылы қайтыс болған. Артында ұл, қыздары мен немерелері бар.


Амангельдинский район




Әбілтаев Әлшора

       1924 жылдың тамыз айында Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында туған. Аманкелді аудандық әскери комиссариаты арқылы 1942 жылы әскер қатарына алынды. 1943 жылы ауыр жараланып, елге оралады. 1943-1947 жылдары Аманкелді ауданының «Жданов» колхозында колхозшы болды. 1948-1969 жылдары Қостанай облысы, Әулиекөл ауданына қарасты «Жаныспай» станциясында жол бақылаушы жұмысын атқарды. 1969 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбішұлы Шайман

       1905 жылы Торғай қаласында туған. Сауаты бастауыш деңгейінде. 1941 жылы әскерге шақырылып, атты әскер құрамасында жауынгер болған. Сталинград шайқасын бастан кешірген. Бөлімше командирі болған. Киев қаласын азат етуге, Украин майданының құрамында Берлинді алуға қатысқан. 1945 жылы елге оралған соң, көп уақыт ұжымшардың бөлімше басқарушысы болып, мал басын өсіруге үлес қосты. Жұбайы Қалкүл Ділдәбекқызы екеуі ұлағатты ұлдар өсірген үлгілі отбасы. Баласы Жанай кеңшар басқарды, екінші Серігі белгілі журналист, немерелерінің бірі ішкі істер бөлімі басшыларының бірі. Шәкеңнің ұрпақтары бұл күнде Астана, Қостанай, Арқалық, Торғайда тұрып жатыр. Шәкең 1989 жылы қайтыс болды.


Джангельдинский район




Әбішев Ғисса

       1922 жылы Аманкелді ауданы, 7 ауылдық кеңеске қарасты Кемер ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 06.1942 жылы шақырылып, соғыста 615 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 01.1943 жылы жараланып елге оралған. Көп жыл бойы бала оқытып ұстаз және мектеп, кәсіптік техникалық училищеде директор болып жұмыс атқарған. Жауынгерлік 5 медальмен марапатталған. 1996 жылы тамызда қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбішев Қылышбай

       1920 жылы 19 қарашада Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Сарыторғай деген жерде туған. Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 319 АП құрамында қатардағы жауынгер. Армиядан 1948 жылы босаған. 1987 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбішев Жақия

       1916 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Екпінді ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 47 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 01.09.1942 жылдан 05.1945 жылға дейін жау қолында тұтқында болған. Елге келген соң көп жыл бойы малшы болып жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбішев Картай

       1906 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Аманкелді ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласады. 1942 жылдың ақпан айынан 1944 жылдың наурыз айына дейін 178 атқыштар полкінде атқыш болды. 1944 жылдың 10 маусымында ауыр жарақатына байланысты армия қатарынан босатылды. Соғыстан оралғаннан кейін Жаркешу, кейін Сталин атындағы ұжымшарында әр түрлі жұмыстар атқарды. 1960 жылы кеңшар құрылғаннан кейін Қарғалы бөлімшесінде зейнетке шыққанға дейін шопан боп еңбек етті. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталған. 1984 жылы қайтыс болды.


Джангельдинский район




Әбішов Қылышбай

       1920 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданында туған.1940 жылы әскер қатарына алынған. 1941 жылы соғысқа қатынасып, 122 танк дивизиясы, 109 атқыштар полкінде болған. Соғыста «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 1946 жылы мамыр айында елге оралып, мал шаруашылығында еңбек еткен. 1995 жылы қайтыс болған.


Джангельдинский район




Әбішов Жұмабай

       1906 жылы Торғайдың Сужарған аулында туған. Соғысқа 1942 жылдың аяғында барған. Оған дейін серіктестікте, ұжымшарда еңбек еткен. 56 атқыштар дивизиясының 182 полкінде ұрыстарға қатнасқан. Соғыста контузия алып, елге 1945-тің қазанында оралған. Зейнетке шыққанша аудан орталығында дайындау, сауда мекемелерінде еңбек етті. 1975 жылы қайтыс болды. Баласы Ораз отбасымен Торғайда тұрады.


Джангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика