Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'Ны' было найдено совпадений: 22531


Құдабаев Ахметжан

       1905 жылы 9 наурызда 13 ауылда, қазіргі Дәмді ауылында дүниеге келген. Еңбекке ерте араласқан, 20-21 жас шамасында Ынталы деген жерде басқарма болып қызмет атқарған. 27 жасында үйленеді. 1942 жылы Қызыл Әскер қатарына алынып, мамыр айында соғысқа аттанады. Шайқас кезінде екі жерден жарақат алып, емделіп шығып, майданға қайта оралған. Екінші рет ауыр жарақаттанғаннан кейін госпитальға түседі. 1943 жылы комиссияның шешімі бойынша соғысқа жарамағандықтан, елге жіберіледі. Жұмысқа жарап, денсаулығы жақсарған соң, Ынталыға бригадир етіп тағайындалды. Дүкенде сатушы болып та жұмыс істеген. Еңбек Қызыл Ту орденімен, Жеңістің мерекелік медальдарымен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен марапатталған. Жұбайы Мұңсыз екеуі 9 бала тәрбиелеп өсірген. 1983 жылы наурыз айында қайтты.


Наурзумский район




Құлмағамбетов Аққали

       1924 жылы Албарбөгет ауылында туған. Әскерге 1942 жылы тамызда алынған. 169 атқыштар дивизиясында бөлімше командирі болған. 1946 жылдың сәуірінде елге оралған. Соғыста «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарымен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Ұжымшарда есепші, кеңшарда бөлімше шаруашылық басқарушысы жұмыстарын істеген. Соғысқа қатынасушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілермен атап өтілді. Өзі дүниеден 1980 жылдары өтті. Ұрпақтары Қостанай, Арқалық, Торғай қалаларында өмір сүруде.


Джангельдинский район




Құлмағанбетов Қайнолла

       1926 жылы ақпан айында Қостанай облысы, Торғай ауданы, Көкалат ауылында туған. Бастауышты Көкалатта бітіріп, 1935 жылы Торғайдағы Ы.Алтынсарин мектебінен 9 сыныпты аяқтаған. Соғыс жылдары Албарбөгет ауылдық кеңестің хатшылық міндетін атқарған. 1944 жылдың 25 қыркүйегінде армия қатарына шақырылып, 1950 жылдың 18 сәуіріне дейін әскерде болды. Соғыс кезінде 321 атқыштар полкі құрамында ұрыстарға қатынасты «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдармен, бейбіт уақытта Жеңістің, Қарулы Күштерінің мерекелік медаль-белгілерімен марапатталды. Елге оралған соң Жаркөлде ауылдық кеңес хатшысы, одан кейін ҚазССР-нің Қостанай облысы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде аудандық өкіл болды. Сондай-ақ аудандық мәдениет бөлімінде инспектор болды, аудандық комуналдық шаруашылық мекемесінің меңгерушісі, аудандық типографиясының директоры, 1982 жылдың наурызынан зейнеткерлікке шыққанға дейін тұтынушылар одағы дайындау мекемесінің шаруашылық жөніндегі директорлық жұмысында істеді. Жұбайы Күләш Бейсенбайқызы екеуі 3 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірді. 2004 жылы 21 тамызда 78 жасында бақиға аттанды.


Джангельдинский район




Құлмағанбетов Сұлтан

       1912 жылы Аманкелді ауданы, 1Май ауылдық кеңесінде туған. Торғай АӘК-нан әскерге 1942 жылы қазан айында шақырылып, соғыста 564-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік бес медальмен марапатталған. 1945 жылы мамырда әскерден босап елге келген соң, көп жыл бойы аудандық дайындау мекемесінде агент болып жұмыс істеген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Құлмағанбетов Теміржан

       1919 жылы қазір Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты №2 ауылда дүниеге келген. Әке-шешесінен жастай айырылып, жақын ағайындарының қолында тәрбиеленіп, аудан орталығындағы мектепте білім алған. 1940 жылдың қаңтар айында Қызыл Армия қатарына шақырылады. І Белоруссия майданы құрамындағы 65 Армияның 190 гвардиялық полкінде жау әскермен кескілескен ұрыстарға қатынасады. Белоруссияның Погоран селосын босату ұрысында «Ерлігі үшін» медальмен марапатталған. Кейін Осовец-Книшин қаласын жаудан босатқаны үшін І дәрежелі Отан соғысы орденіне ие болды. 1943 жылдың ақпан айында немістерге қарсы шабуылда он қолын снаряд жұлып кетіпті. Госпитальда жатып, ұзақ емделіп, 1943 жылдың тамыз айында елге оралды. Ел арасында еңбектен қалмай мал бағады, көптің құрметіне бөленеді. Соғыстан кейін мерекелік медальдармен марапатталады. Артында 2 ұл, 5 қызы, немере-шөберелері бар. Зейнеткерлікке шыққанан кейін 1996 жылы 9 наурызда қайтыс болды.


Амангельдинский район




Құлмағанбетов Тойшығара

       1924 жылы Аманкелді ауданы, Құмкешу ауылында туған. 1942 жылдың шілде айында Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 109 АД, 404 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1945 жылы әскер қатарынан босаған. 1991 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Құлмурзин Ыбрай

       1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданына қарасты Үрпек ауылында туған. 04.1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 204 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскер қатарынан 05.1945 жылы босап елге келген. Жаңаауыл колхозында, «Родник», А.Иманов атындағы совхоздарда машина жүргізуші, кейін шопан болған. Жауынгерлік еңбегі үшін 5 медальмен марапатталған. Зейнеткерлікке шығып, қайтыс болған. Жанұясында ұл, қыздары мен немерелері бар.


Амангельдинский район




Құлсеитов Садық

       1917 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданындағы Қызбел ауылында дүниеге келген. Балалар үйiнде өскен. 10 ақпан 1939 жылы Семиозер аудандық әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылып, 732 атқыштар полкiне жiберiлдi. Фин соғысына қатысты. Ұлы Отан соғысына бiрiншi күндерiнен бастап қатысқан. 1942 жылы ауыр жарақатталып, соғысқа жарамсыз деп елге жiберiлген. Елге оралған соң Мырзакөлде завхоз, кейін басқарма болып жұмыс iстеген. Осы жылдары отау құрып, өмiрге 7 бала келген. 1945-1992 жылдар аралығында аға шопан болып, елiне адал еңбек еткен. Осы елге жасаған адал қызметi еш кеткен жоқ. Халықтың, елдiң алғысына бөлендi. Оның нәтижесi – алған марапаттаулар мен мадақтаулары. Атамыздың кеудесiнде «Халықтар достығы» орденi, Еңбек Қызыл Ту орденi және Жеңістің мерейлiк медальдары жарқырады.


Наурзумский район




Құлтаев Қайырбек

       1908 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылы ақпан айында әскерге алынып, Шұбаркөл қаласындағы әскери дайындықтан өткеннен кейін, 312 АД, 1083 АП құрамында қатардағы жауынгер болып, орталық Украина майданында соғысқан. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Даңқ орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылы мамырда босап, елге келгеннен кейін аудан шаруашылықтарында жұмыс істеген. 1987 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Құлыбеков Самұрат

       1920 жылы Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 253 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік бес медальмен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылдың мамыр айында елге оралып, колхоз, совхоздарда жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика