Жұмекенов Ерғали Қостанай облысы, Федоров ауданында 1923 жылдың 14-ші қыркүйегінде туған. Әке-шешесінен жастай жетім қалып, інісі Бірғали екеуі Қостанай қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленіп, бастауыш білім алған. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Челябі облысына қарасты Шұбаркөл қаласында үш айдай әскери дайындықтан өтіп, осы жылдың тамыз айында 74-ші атқыштар полкінің құрамында Батыс Украинаның Староконстантинов, Проскуров, Житомир, Львов қалаларын азат ету ұрыстарына қатынасады. 1943 жылдың басында Венгрия жерінде соғысады. 1944 жылы Карпат тауында шиленіскен қатты ұрыс болып, сонда жараланып госпитальда емделеді. 1944 жылдың 23 тамыз айында елге оралады. Федоров ауданында жұмыс істеп, кейін Аманкелді ауданына көшіп келеді. Өмірінің соңына дейін шаштараз болып қызмет істеді. Осы жұмыстан зейнеткерлікке шығады. Артында 7 ұл, 3 қыз және бірнеше немере-шөберелері бар. Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлік ерліктері бағаланып, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Будапешті алғаны үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдармен марапатталған. Амангельдинский район |
Жәдікұлы Қоқай 1925 жылы 1-ші қаңтарда қазіргі Әулиекөл ауданына қарасты Теректі ауылында дүниеге келген. Ауылдағы үш сыныптық мектепті тәмәмдаған. 1940 жылы колхозда жұмыс істеген. 1943 жылы 7 қаңтарда Аманкелді аудандық әскери комиссариатына шақырылып, әскерге аттанады. Челябі облысының Шұбаркөлде 382 полкіндегі дайындықтан кейін Ленинград майданына жіберілді. Ленинград қоршауында соғысып, 1944 жылы 19 қаңтарда минаға түсіп үш жерден жаралы болған. Ленинград госпиталында бір жеті, кейін Вологодск қаласындағы госпитальда емделіп, соғысқа жарамсыз болып елге оралған. Бірден колхоз жмысына араласты. 1949 жылы 4 ақпанда Қостанай қаласының ауыл-шаруашылық мектебінің шоферлық оқуын оқып бітірген. 1950 жылдан Диевте, Аманкелді ауданы Қайғы совхозында, Әулиекөл ауданы Тимофеевка, Сұлукөл совхоздарында, Данабике, яғни қазіргі Науырзым ауданына қарасты жерінде 1989 жылға дейін шоферлық қызметін атқарған. Соғыс және еңбек медальдары бар. Он баланың әкесі, 20 немересінің атасы болып отыр. Қазіргі мекені Науырзым ауданы Шұқыр ауылы. Наурзумский район |
Жәмалиев Әбдірахман 1914 жылы Торғай уезінің №13 ауылында туған. Соғысқа дейін серіктестіктерде, ұжымшарда еңбек еткен, Орынбор жағында байланыс мекемесінде жұмыс істеген. 1937-1940 жылдары армия қатарында болған. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың шілде айында Чкалов облысы, Домбаров ауданынан шақырылған. Брянск, Ленинград, Карельск, 1-Белорус майдандарында шайқастарға қатынасты. 1945 жылдың тамыз, қыркүйек айларында Забайкалье майданында, жапон агрессорларын талқандауға қатынасты. Совет Армиясы қатарынан 1946 жылы, аға сержант шенінде запасқа жіберілді. Соғыс уақытында бөлімше командирі, байланыс взводы командирінің көмекшісі, телефон станциясының бастығы міндеттерін атқарды. Соғыс уақытында «Кеңестік Запольярені қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен, кейін Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында тиісінше марапатталды. Соғыстан кейін туған еліне келіп, бейбіт еңбекке араласады. Зейнеткерлікке Торғай селосындағы кәсіптік-техникалық училищеде ағаш шебері болып істеп жүріп шығады. Бейбіт уақытында ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медалімен атап өтілді. 1999 жылы наурыз айында, 85 жасында дүниеден өтті. Артында 4 баласы, 18 немересі, 7 шөбересі бар. Джангельдинский район |
Жақанов Жолмырза 1924 жылы 24 мамырда туған. 1940 жылы ұстаздық жолын бастағанда, Жолмырза Жақанов небәрі он алты жаста екен. Балаң жастың алға қойған зор мақсаты бар еді. Ұлы Отан соғысы басталды да барлық мүддені бір ғана мақсатқа-елді жаудан қорғауға арнауға тура келді. 1942-1945 жылдар аралығында соғыста болған. Соғыстан аман-есен оралғаннан кейін, ұстаздық еңбегін жалғастырды. Кейіннен Меңдіқара педагогика училищесін бітірді. Содан кейін Сұлукөл орта мектебінде 41 жыл еңбек еткен. Жұбайы Жұмабике екеуі жеті бала тәрбиелеп өсірген бақытты ата-ана. Балаларының бәрі де өмірден өз жолын тауып, ел игілігі үшін еңбек етіп жүр. Наурзумский район |
Жақин Рахмет 1903 жылы Ақмырза қоныс орнында туған. Әуелі серіктестіктерде, кейін ұжымшарда еңбек етті. Әскерге 1941 жылы күзде шақырылды. Бірінші Белорусь майданында жаумен соғысқа қатынасты, екі рет жарақат алған. 1945 жылы елге оралып, әр түрлі жұмыстар атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде мерекелік белгі-медальдармен марапатталды. 1985 жылы өз ауылы – Қаламқарасуда дүниеден өтті. Ұрпақтары сонда тұрып жатыр. Еңбекқор, елге сыйлы ақсақал болатын. Джангельдинский район |
Жақсымбетов Сабыржан 1915 жылы Торғай уезінің №9 ауылында туған. 1941 жылдың қыркүйек айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, Шұбаркөл қаласындағы әскери дайындықтан өткеннен кейін 24 гв. АП құрамында қатардағы жауынгер болып, Белоруссия майданында жаумен соғысқан. 1944 жылдың желтоқсан айында жараланып, Ташкент қаласында госпитальда емделіп, бір аяғынан мүгедек болып елге оралған. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Елге оралған соң, Аманкелді ауданындағы Қызыл Әскер, Жаңа тұрмыс колхоздарында бригадир, кейін аудан мекемелерінде әр-түрлі жұмыстар істеген. Жанұясында 3 ұл, 4 қызы және немерелері бар. 7 сәуір 1993 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жақыпбеков Қалибек 1915 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1940 жылы әскерге шақырылып, 861 АП минометчик болған. Әскер қатарынан 1942 жылы босап келіп, елде жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жақыпбеков Өтеген 1916 жылдың тамыз айында қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Қостанай ҚӘК-нан шақырылған, 2-ші АП қатардағы жауынгер болған. 1942 жылы Могилев қаласы маңындағы ұрыста жараланып, І топтағы мүгедек болып елге оралған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жақыпов Бақыткерей 1916 жылы қазіргі Аманкелді ауданына қарасты Сарыторғай деген жерде туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 715 АП құрамында қатардағы жауынгер болып І Украина майданында соғысқа қатынасқан. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Киевті қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және соғыстан кейінгі жеңістің төтр мерекелік медалімен марапатталған. Әскер қатарынан босап келген соң, осы ауданның «Сарыторғай» совхозында жүргізуші болып жұмыс істеген. 1995 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жақыпов Жүніс 1902 жылы Қараторғай болысында туған. 1942 жылдың қаңтар айында Пешков АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 633 корпус құрамында арт.полкте көздеуші болған. Соғысты 1945 жылдың 22 шілдеде аяқтап, елге оралған. Жауынгерлік «Ерлігі үшін», «Кеңестік Заполярьені қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Көп жыл бойы аудан совхоздарында жұмыс істеген. 1962 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |