Қалмағамбетов Тоқтар 1920 жылы Аманкелді ауданына қарасты Социал ауылында туған. Әке-шешеден ерте айырылды, ағайындарының ортасынд жетім өсті. 1940 жылдың тамыз айында әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысына қатысты, 24 теміржол полкі құрамында майданның алғы шебінде жаумен талай айқастарда болып, ерлік көрсетті. Германияны жеңгеннен кейін, милитаристік Жапониямен болған соғысқа қатысып, 1948 жылдың 24 наурызында елге оралды. Өмірінің біраз жылдары бойы қалалық сауда-тамақтандыру мекемесінде жүк тасушы болды. Отбасылы, екі бала тәрбиелеп өсірді – Фарит пен Фариданы. Соғыстағы ерлігі үшін Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 84 жасына қараған шағында дүниеден өтті, Қостанайда жерленді. Амангельдинский район |
Қалмағанбетов Жағыпар 1924 жылдың 1 сәуірінде Аманкелді ауданы Жаңа ауыл ауылдық кеңесінде туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 331 АД, 1229 АП қатарында бөлімше командирі болған. ІІ Украина майданында соғысып, Венгрия, Польшаны азат ету ұрыстарына қатынасқан. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» және 8 мерекелік медальдармен марапатталған. 1944 жылы жараланып елге оралған. Елге келген соң, аудан мекемелерінде басшы қызметтерде істеген. 2006 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қалмурзин Әлмұхан 1920 жылы Аманкелді ауданы, Жаңа ауыл ауылдық кеңесінің Үрпек ауылында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 92 АД, 10 дербес АБ құрамында соғысқан. 1944 жылы жараланып, әскер қатарынан босаған. Елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанша мектепте ұстаз болған. 1997 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қамитбеков Ғалым Торғай өңірінің Аменгелді ауданына қарасты шалғайда жатқан Мұқыр ауылында 1922 жылдың 1 тамызында тұған. Өсе келе, ауыл мектебінің табалдырығынан аттап, сегізінші сыныпты бітірді. Осылай қалыптасып келе жатқан бейбіт өмірді қиыр батыстағы бұрқ ете қалған соғытың жалыны шарпып өтті. Жасы 19-ға енді толған ол, өзімен тетелес жастармен бірге армия қатарына алынды. Сегіз айлық әскери дайындықтан өттіп, Украина жеріндегі қиян-кескі ұрысқа қатысады. Соғыста екі жылдай болады. Курскі түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, госпитальге түседі, есінен айырылып ұзақ жатады. Бірнеше ай емделіп, екінші топтағы мүгедектігін алып, еліне қайтады. Соғыстан кейінгі өмірі оқу-ағарту саласымен тығыз байланысты болды. Мендіқара қазақ педагогикалық училищесіне 1947 жылы түсіп, төрт жылдан кейін толық курсын бітіріп шықты. Кейін Ақтобедегі мұғалімдер институтында сырттай оқыды. Өз мамандығымен 40 жыл жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Бұл күндері Ғалым ағай мен сүйікті жары Нұржамал апай жеті бала тәрбелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, немерелі-шөберелі болған бақытты жанұяның абзал жандары. Костанайский район |
Қамитбеков Ғалым 1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданының Қайғы ауылында туған. Әскерге 1942 жылы ақпанда Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 520-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік төрт медальмен марапатталған. Әскерден келген соң, «Степняк» совхозында жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қанафин Сұлтанбек 1922 жылы бұрынғы Торғай уезі, Қараторғай болысы, Үрпек ауылында туған. 1941 жылы қазан айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 219 АП құрамында Украина майданында қатардағы жауынгер болған. Әскер қатарынан 1945 жылы мамыр айында босап, елге оралған. Жауынгерлік ерлігі үшін І дірежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ жеңістен кейінгі мерекелік медальдары бар. Осы ауданның А.Иманов атындағы совхозында әр салада жұмыстар істеген. Жаұясында ұл, қыздары мен немерелері бар. 1995 жылдың желтоқсан айында қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қарғин Сайділда 1920 жылы наурыз айының 5-ші жұлдызында Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №1 ауылдық кеңеске қарасты Байғабыл деген жерінде дүниеге келген. Сол жердегі бастауыш мектепте оқып білім алған. Соғысқа алынғанға дейін әуелде серіктестікте, кейін Калинин колхозында жұмыс істеген. 1942 жылы әскер қатарына алынып, 210-шы моторлы атқыштар полкі құрамында жау әскерімен ұрысқа кіріседі, барлаушы жауынгер болған. Соғыстағы ерлігі «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен 1943 жылдың басында белгіленген. Әскер қатарынан 1948 жылдың 29 ақпан айында ғана елге оралды. Колхоз, совхоз жұмысына белсене араласып, мал бағады. Соғыстан кейінгі мерекелік медальдары бар. 1972 жылы қайтыс болады. Жанұясында 5 ұл, 1 қыз және немере-шөберелері бар. Амангельдинский район |
Қарағұлов Ерден 1925 жылы Аманкелді ауданында туған. 1943 жылдың наурыз айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 884 АП құрамында қатардағы жауынгер болып соғысқа қатынасып, әскер қатарынан Кировоград қаласы үшін болған ұрыста жараланып елге оралған. Амангельдинский район |
Қарақұлов Ағытай 1921 жылы Амакелді ауданы, №10 Жаңақоныс ауылдық кеңесіне қарасты Құмкешу ауылында туған. 06.1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 226-шы мин.полкінде бөлімше командирі болған. Әскери атағы аға сержант. Жауынгерлік Даңқ, Отан соғысы ордендерімен және бірнеше медальдармен марпатталған. Әскерден 05.1945 жылы босаған. Қайтыс болған.Жанұясында ұл, қыздары мен немерелі бар. Амангельдинский район |
Қарымсақов Сапан Әбілдәұлы 1917 жылы 23 ақпанда қазіргі Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Дана-Бике ауылында дүниеге келген. Еңбек жолы Семиозер ауданының Үш-Қарасу ауылында ветфельдшер болып қызмет атқарумен басталды. Әскерге 1939 жылы қараша айында алынып, 517 кавалерия полкына түседі. Онда 1942 жылдың қазан айына дейін болады. Одан 116 автохим полкында 1943 жылдың қараша айына дейін бөлімше командирі болады. 547 батальонында 1946 жылдың мамыр айына дейін аэродром көмекшісі болады. 1946 жылдың қыркүйегіне дейін 1939 автохим полкында бөлімше командирі болады. Соғыстағы ерлік істері үшін Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да 10 мерекелік медалдарымен марапатталған. 1946 жылы елге оралған соң Семиозер ауданы, Диев совхозы, Үш-Қарасу аулында ветфельдшер болып жүмыс атқарды, одан Шолаққопа ауылында 1963 жылға дейін жылқышы болды. 1963 жылы Көктал совхозында жүмыс атқарып, елге адал еңбегін сіңірген. Жұбайы Жақсылық екеуі 2 бала өсіріп, 9 немере, 3 шөбере сүйіп, қызығын көрген бақытты ата-ана. Сапан Әбілдәұлы Жамбыл селолық аймағындағы қорымға 1988 жылы жерленді. Наурзумский район |